Утепбаева А. А., Елеусизкызы М.,Наурызбаев Б. А. ҚАрапайым математикалық ҰҒымдарды


 Жасерекшелік топтарында кеңістік ұғымдарымен



Pdf көрінісі
бет29/39
Дата25.09.2023
өлшемі1.08 Mb.
#478524
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39
Karapaiym matematika

6.2 Жасерекшелік топтарында кеңістік ұғымдарымен
таныстыру әдістемесі 
 
Екінші кіші тобындағы кеңістік ұғымдарымен таныстыру әдістемесі
Дене мүшелерінің орналасуына қарай бағдарлануға үйрету (бас, аяқ, көз, құлақ, 
арқа және т.б.). Соған сәйкес өзінен кеңістіктің бағыттарын ажырата білуі 
(алдында-артында, үстінде-астынжа, оң жағында-сол жағында). Оң қолы мен 
сол қолын ажыратуды үйрету.
Екінші кішілер тобында кеңістіктегі қозғалысты үйрету үрдісінде 
жалаушалар, ойыншықтар және ойындар қолданылады. Ондағы негізгі мақсат 
балалардың зейінін кеңістіктің әр түрлі нұсқасындағы орналасқан заттарға 
аудару, сөздік қорында көмекші сөздерді (жанында, артында, астында және т.б.)
белсендендіру болып табылады.
Оқу әрекетіндегі тәрбиеші диалог ұйымдастырып, сұрақ қояды: «Аю не 
істеп тұр? Қай жерде ұйықтап жатыр? Аю қай жерге бара жатыр? Аю допты қай 
жерден іздеп жүр?». Тәрбиеші балалардың жауаптарын нақтылап, зат 
есімдердің жалғауларын етістік және үстеулердің көмегін өзгертуге баулиды. 
Аю допты тапқаннан кейін, қай жерден, қалай іздеп тапқандығын сұрайды.
Ортаңғы топтағы кеңістік ұғымдарымен таныстыру әдістемесі
Өзінен қарай кеңістікті бағдарлау дағдыларын меңгеру, берілген бағытта жүру 
(алға-артқа, солға-оңға); өзіне байланысты заттардың орналасу жағдайларын 
нақтылауға (менің алдымда үстел, менің оң жағымда есік) баулу. Кеңістік 
қатынастарымен таныстыру: алыс-жақын (үй алыста тұр, ал қайың ағашы 
жақын жерде өседі).
Ортаңғы топта тәрбиешіге баланың сөйлеу тілінде кеңістік қатынасы, 
қашықтық, алшақтық, бағыттарды сипаттайтын сөздерді белсенді түрде 
қолдануға ерекше мән беру керек. Осыған орай «Не өзгерді?», «Тығылмақ» 
және т.б. дидактикалық ойындар мен жаттығуларды пайдаланудың маңызы зор.
Ересек топтағы кеңістік ұғымдарымен таныстыру әдістемесі
Қоршаған ортада бағдарлануын жетілдіру: оң жағында-сол жағында, үстінде-
астында, алдында-артында, ортасында, арасында, жанында, бірге; берілген 
нұсқау бойынша жүру, сигнал бойынша бағытын өзгерту, бағыттаушы белгілер 
бойынша қозғалыс бағытын өзгерту; басқа заттардың және адамдардың 
ортасында өзінің орнын анықтай алу: «мен Айжан және Асхаттың ортасында, 
Айсұлтанның артында, Асанәлінің жанында тұрмын»; заттардың өзара 
орналасуын сөздік қорда негіздеу: «қуыршақтың оң жағында қоян отыр, сол 
жаңында ат, артында – қонжық, алдында – көлік». Қағаздың бетінде бағдарлай 
алуын меңгерту (қағаздың оң жағында-сол жағында, үстінде-астында, 
ортасында, бұрышында) маңызды болып келеді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет