В. А. Митерев н. С. Реметова


Сутектік көрсеткіш арқылы ерітіндінің ортасын былай белгілейді



бет13/113
Дата03.01.2022
өлшемі0.76 Mb.
#450151
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   113
Реметова Митерев Мед хим на каз

Сутектік көрсеткіш арқылы ерітіндінің ортасын былай белгілейді.

Бейтарап ортада рН ═ 7

Қышқылдық ортада рН <7

Сілтілік (негіздік) ортада рН>7

(0-3 – күшті қышқыл, 4-7 – әлсіз қышқыл, 7-10 – әлсіз сілті, 10-14 – күшті сілті).

Өсімдік, жануар және адам ағзасында жүретін реакциялар белгілі бір ортада (рН тұрақты) өтетіні белгілі. Организм ерітінділерінің рН-ы аз ғана өзгеретін болса, ол әр түрлі керексіз жағдайларға соқтыруы мүмкін. Мысал үшін асқазан сөлінің рН-1,7

(күшті қышқыл), қан рН-7,4 (әлсіз сілті) , сілекей рН-6,9

(әлсіз қышқыл), көз жасы рН-7 (бейтарап) болады.

Сутектік көрсеткіш рН-пен гидроксил көрсеткішінің рОН қосындысы 14 болады :

Сутек иондары концентрациялары ерітіндінің қышқылдылығы мен негізділігін анықтайды, оны реакцияның белсенді орталығы деп те атайды.Қышқылды және негізді ерітінділер үшін , ерітінділер рН есептеуге болады.

Әлсіз қышқылдар үшін:

рК = - lg К, с–ерітінді концентрациясы.

Әлсіз негіз үшін:

Күшті қышқыл үшін



Күшті негіз үшін (сілтілер)



Ерітінділердің рН анықтау клиникалық практикада және санитарлы анализде маңызы зор. рН анықтаудың негізгі екі әдісі бар, түрлі принциптерге негізделген.



  1. Электрометрлі – рН арнайы прибор – рН метрде анықтау.

  2. Колориметрлі – индикаторларды заттарға қосқандағы түстерінің өзгеруіне негізделген. Бұл әдісте заттың қышқылды-негізді индикаторлары қолданылады, бояудың өзгеруі ерітіндінің рН тәуелді. Индикатор қосқаннан кейінзерттелетін ерітіндінің рН боялуын анықтау үшін ерітіндінің белгілі рН боялу сериясымен салыстырады. Ерітінділердің қышқылдылығын немесе негізділігін сапалы стандартта қолдануға болады (буферсіз әдіс), немесе буферлік ерітінді (буферлік әдіс).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет