6 топ катиондарына сапалық реакциялар
Co2+иондарының реакциялары
1. NH4OH әсері.
3-4 тамшы зерттелетін ерітіндіге тамшылатып NH4OH тұнба түзілгенге дейін қосамыз. Түсін белгілейміз. NH4OH артық мөлшерін тұнба ерігенге дейін қосамыз.
2. Тиоцианаттардың әсері (роданидтер).
3-4 тамшы зерттелетін ерітіндіге 3-4 тамшы амил спиртін және 3-4 тамшы натрий немесе аммоний роданидін қосамыз. Сілкілейміз және спирт қабатының боялғаның байқаймыз.
Ni2+иондарының реакциялары
1. NH4OH әсері.
3-4 тамшы зерттелетін ерітіндіге NH4OH ерітіндісін тұнба түзілгенге дейінқосамыз. Түсін белгілейміз. NH4OH артық мөлшерін тұнба ерігенге дейін қосамыз.
2. Диметилглиоксим әсері.
3-4 тамшы зерттелетін ерітіндіге 1 тамшы диметилглиоксим ерітіндісін қосамыз. Түсін белгілейміз.
3. Na2S әсері.
3-4 тамшы зерттелетін ерітіндіге 2-3 тамшы Na2S ерітіндісін қосамыз. Тұнбаның түсін белгілейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |