Cu2+иондарының реакциялары
1.NH4OH әсері.
3-4 тамшы зерттелетін ерітіндіге аммиак ерітіндісін тұнба түзілгенге дейін қосады. Тұнбаның түсін белгілейміз. Аммиактың артық мөлшерін тұнба ерігенге дейін қосады.
2. Na2S2O3әсері.
3-4 тамшы зерттелетін ерітіндіге 1-2 тамшы H2SO4 және 2-3 Na2S2O3 түйіршігін қосамыз. Қара тұнба түзілгенше қыздырамыз.
3. K4[Fe(CN)6] әсері.
3-4 тамшы зерттелетін ерітіндіге 2-3 тамшы K4[Fe(CN)6] ерітіндісін қосамыз. Тұнбаның түсін белгілейміз.
1 топ аниондарына сапалық реакциялар
SO42-иондарына реакциялар
1. Барий тұздарымен.
3-4 тамшы зерттелетін ерітіндіге 3-4 тамшы барий тұзы ерітіндісін қосамыз. Ақ тұнба түзіледі.
2.Қорғасын тұздарымен.
3-4 тамшы зерттелетін ерітіндіге 3-4 тамшы қорғасын тұзы ерітіндісін қосамыз. Ақ тұнба түзіледі. HCl, HNO3, NaOH тұнбалық қатынас әсерін сынайды.
Достарыңызбен бөлісу: |