В ближайшее полвека стоимость передачи информации не будет зависеть от расстояний



бет2/92
Дата27.01.2024
өлшемі4.95 Mb.
#489985
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92
treatise177480

1.1.2 OSI модел деңгейлері



Физикалық деңгей (Physical layer) Физикалық деңгей, физикалық байланыс арналары бойынша биттерді таратумен айналысады, мысалы, коаксиалды кабель, бұралған жұп кабель, талшықты-оптикалық кабель немесе сандық жерүсті каналдар сияқты арналар. Бұл деңгейге деректерді берудің физикалық тасымалдағыштарының сипаттамалары, мысалы, өткізу жолағы, қорғаныс ақаулары,толқындық кедергі және т.б. сияқтылар осы деңгейге байланысты болады. Осы деңгейде дискретті ақпаратты беретін электр сигналдарының сипаттамалары анықталады, мысалы, импульстік жиектердің беріктігі, берілетін сигналдың кернеуі немесе ток деңгейлері, кодтау түрі, сигналдың берілу жылдамдығы. Сонымен қатар, қосқыштың түрлері және әр істіктің қолдану арналымы стандартталады.
Каналдық (арналық) деңгей (Data Link layer) Бұл физикалық деңгейде тек биттер жіберіледі. Байланыс желілері бірнеше жұп өзара әрекеттесетін компьютерлердің кезек-кезек пайдаланатынын кейбір желілерде ескермеуі мүмкін, берілістің физикалық ортасы толып кетуі мүмкін. Сондықтан, каналдық (арналық) деңгейдің міндеттерінің бірі – беріліс ортасының болуын тексеру. Каналдық (арналық) деңгейдің тағы бір міндеті – қателерді анықтау және түзету енгізу. Ол үшін каналдық (арналық) деңгейде биттер кадрлар (frames) деп аталатын жиынтықтарға топтастырылады. Арна деңгейі әр кадрдың берілуінің дұрыстығын қамтамасыз етеді, оны таңдау үшін әр кадрдың басында және соңында биттердің арнайы тізбегін орналастырады, сонымен қатар белгілі бір әдіспен кадрдың барлық байттарын өңдеп, бақылау суммасын (мөлшерін) есептеп кадрға қосады. Кадр желі арқылы өткенде, қабылдауыш алынған деректердің бақылау суммасын қайтадан есептеп, нәтижені кадрдан алынған суммамен салыстырады. Егер олар сәйкес келсе, онда кадр жарамды әрі дұрыс және қабылданған болып саналады. Егер бақылау кестелері сәйкес болмаса, онда қате бар деп тіркеледі. Арналық деңгей қателерді анықтап қана қоймай, сонымен қатар бұзылған кадрларды қайта жіберу арқылы түзете алады. Дегенмен, кез-келген топологиялар мен технологиялардың желілерінде хабарламалардың жоғары сапалы тасымалдануын қамтамасыз ету үшін деректерді арналық деңгей функциялары жеткіліксіз, сондықтан OSI моделінде бұл мәселенің шешімі келесі екі деңгейге - желілік және көлікті деңгейлерге жүктеледі.
Желілік деңгей (Network layer). Желілік деңгей бірнеше желілерді біріктіретін бірыңғай тасымалдау жүйесін құруға қызмет етеді. Ең жақсы жолды таңдау мәселесі маршруттау деп аталады және оны шешу желілік деңгейдің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар, желілік деңгей (1.3 сурет) әртүрлі технологияларды үйлестіру (келістіру), ірі желілерде мекенжайды жеңілдету және желілер арасындағы қажетсіз трафикке сенімді және икемді кедергілерді құрудың мәселелерін шешеді. Желілік деңгей хабарламалары пакеттер (packets) деп аталады.


1.3 сурет - Желілі деңгейде деректерді қайта жіберу


Тасымалдау деңгейі (Transport layer). Жөнелтушіден алушыға барар жолда пакеттер бұрмалануы немесе жоғалуы мүмкін. Тасымалдау деңгейі пакеттерді қатесіз, бірізділікпен, жоғалтусыз және қайталамай жеткізуге кепілдік береді. Бұл деңгейде хабарламалар қайта жинақталады: ұзын хабарламалар бірнеше пакетке бөлінеді, ал қысқа хабарламалар бір-біріне біріктіріледі. Бұл желі бойынша пакеттік берудің тиімділігін арттырады. Тасымалдау деңгейінде (1.4 сурет) компьютер-алушы хабарлама қораптан шығарылып, бастапқы қалпына келтіріледі және қабылдағаны туралы растау сигналы жіберіледі. Тасымалдау деңгейі ағынды басқарады, қателіктерді тексереді және пакеттерді жіберуге және қабылдауға байланысты мәселелерді шешуге қатысады.
Сеанс деңгейі (Session layer). Сеанс деңгейі диалогты басқаруды қамтамасыз етеді: нақты сол уақытта қай жағы белсенді екендігін анықтайды, үндестіру (синхронизация) құралдарымен қамтамасыз етеді. Соңғысы ұзын берілулерге басқару нүктелерін салуға мүмкіндік береді, себебі қиындық не қайтару сияқты жағдайлар туындаған кезде бәрін басынан бастағанға қарағанда басқарудың соңғы нүктесіне қайта оралуға мүмкіндік болу үшін қажет. Іс жүзінде тек бірнеше қосымшалар сеанс деңгейін пайдаланады және ол жеке хаттама ретінде сирек орындалады, дегенмен бұл деңгейдің функциялары көбінесе қолданбалы деңгей функциясымен біріктіріліп, бір хаттамада жүзеге асырылады.
Ұсыну деңгейы (Presentation layer). Ұсыну деңгейы оның мазмұнын өзгертпестен желі арқылы берілетін ақпаратты ұсыну түрімен айналысады. Ұсыну деңгейі есебінен бір жүйенің қосымша деңгейімен берілетін ақпарат әрдайым басқа жүйенің қосымша деңгейімен түсіндіріледі. Бұл деңгейде деректерді сандау мен сандарын шешуге болады, осыған байланысты барлық қолданбалы қызметтері үшін дереу мәліметтер алмасудың құпиялылығы қамтамасыз етіледі.



1.4 сурет - Тасымалдау деңгейіндегі деректерді инкапсуляциялау.



Қосымша деңгейы (Application layer)бұл шынымен де желі қолданушыларына электрондық почта хаттамаларының көмегімен файлдар, принтерлер немесе гипермәтіндік веб-беттер сияқты ортақ ресурстарға қол жеткізуге, сондай-ақ, мысалы, оларды пайдалану арқылы өзара әрекеттесуді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін әртүрлі хаттамалардың жиынтығы. Қосымша деңгейі жұмыс істейтін мәліметтер бірлігін, әдетте, хабарлама (message) деп атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет