1.«Ағынды менің Ақасуым» өлеңі Ілиястың туған жеріне, дархан даласына деген перзенттік сүйіспешілігі оның «Ағынды менің Ақауым»



бет1/10
Дата13.04.2024
өлшемі49.79 Kb.
#498550
түріПоэма
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Ілияс өлеңдерін талдау


1.«Ағынды менің Ақасуым» өлеңі
Ілиястың туған жеріне, дархан даласына деген перзенттік сүйіспешілігі оның «Ағынды менің Ақауым», «Жетісу суреттері» өлеңңнде «Дала» поэмасында сыршылдықпен шебер өрнектелген. Өзінің туған жерінің сұлулығына өлең арнаған.
«Ағынды менің Ақасуым» өлеңі 5 шумақ 34 тармақ, 8 буынды, ерікті ұйқас. Осы өлеңде ақын табиғаттың сұлу көрнісін бейнелі сөздермен көрсете білген
Ағынды менің Ақсуым
Арқырап әлі ағасың...
Жалғыз жазғы бір кеште,
Жағаладым жағасын
Тұнжыраған торғын түн
Төңдім сұлу суына
Таңырқап тау-тас тамсанып,
Жымиды жұлдыз мұныма
Осы жолдарда кейіптеу арқылы жансыз табиғатты жанды етіп суреттеген.
«Таңырқап тау – тас тамсанып» жансыз тау – тасты жандандырып отыр. «Жымиды жұлдыз мұныма» деп «жұлдыз» сөзін жандандырып әдемі тіркес жасап тұр.
Аспанда ай, алтын құшағы
Қусыра қайың құшады – деп тамаша ұйқас жасаған.
Итмұрыны мөлдіреп
Қудырлап қоңыз ұшады
Бауырлаған ағының
Құдиған қоңыр құрақтың
Саусағы суда судырайды
- деп табиғаттың бір көрінісі арқылы итмұрынның мөлдіреп, қоңыздың ұшқанын, судың жағасында өскен кұрақтың желмен жасағанын оқысаң да туған жердің әдемі көрінісінен керемет сурет жасаған.
Пейзаж суретін жасау үшін ақын өлең музыкасына, сөз сылдырына, дыбыс сыңғырына, тектес, туыстас ұғымдарға, баяу жарасымына, кіріккен, жымдасқан. Басқы, ішкі аяққы ұйқастарға, тіл мөлдірлігіне ерекше көңіл бөледі.
Ақынның туған жерінің табиғатын, жер- суын, тау – тасын, өсімдік, жан- жануар дүниесін соншама біліп, соны мейірлене жыр арқауына қиыстыра өре білгеніне сүйсінесің.
Қоршаған орта, табиғат анада да өз өрнегін тауып, ерекше сұлулық келбетімен көрініп тұрғандығын көз алдыңа елестетеді. өлеңнің идеясы - туған жерін, елін әсем табиғаттын сезіне білу, әдемі сурет жасау, табиғатты қорғау тақырыбы туған жердің табиғатын, күні мен түнін, өзені мен суын, тау мен тасын суреттеген.
Тұнжыраған торғын түн
Таймаңдаған тайпақ ай
Қоңыр құрықтың
Сүмиген сүңгі сұрша тал
Қыдырлап қоңыз,
Пейзаж: төңдім сұлу суына, шүйке шарбы бұлтты, итмұрыны мөлдіреп, қыдырлап қоңыз ұшады.
Кейіптеу: жымиды – жұлдыз мұныма, қалқалай қалды қылмия, саусағы суда судырайды шашылды таудың суына, дірілдейді, сырылдайды.
Метафра торғын түн, тайпақ ай сурша тал.
І.Жансүгіров жан – жақты талант. Оның балаларға арнаған жеткіншектердің тіліне жатық не бір әдемі өлеңдерін оқып өскен бүлдіршін туған жерін, өскен ортасын, ата- анасын сыйлап өтері сөзсіз.
Шығармаларында суреттеу құралдарын әр түрлі тәсілдермен пайдаланған.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет