В ближайшее полвека стоимость передачи информации не будет зависеть от расстояний



бет12/92
Дата27.01.2024
өлшемі4.95 Mb.
#489985
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   92
treatise177480

Маршрутизатор – бұл әр сегменттің мекен-жайын білетін, ең жақсы маршрутты анықтайтын және кеңінен таратылатын хабарламаларды сүзетін құрылғы. Ол OSI моделінің желілік деңгейінде жұмыс істейді. Бұл олардың бірнеше желілер арқылы пакеттердің мекен – жайларына бағыттауға және маршруттауға болатындығын білдіреді.

Маршрутизация кестесінде желілік мекен-жай көрсетілген. Желіде қолданылатын әрбір хаттама үшін өзінің жеке кестесі құрылады. Ол келесі ақпаратты қамтиды:
- барлық белгілі желілік мекен-жайлар;
- басқа желілермен байланыс әдістері;
- маршрутизаторлар арасындағы мүмкін болатын жолдар;
- осы жолдар бойынша деректерді беру құны.
Маршрутизатор әртүрлі нұсқалардың құны мен қол жетімділігін салыстыра отырып, мәліметтерүшін ең жақсы маршрутын таңдайды.
Маршрутизаторды екі негізгі түрге бөлінеді:

Статикалық

Динамикалық

Барлық бағыттарды қолмен орнату және конфигурациялау

Бірінші маршрутты қолмен конфигурациялау. Қосымша желілер мен бағыттарды автоматты түрде анықтау

Әрдайым бағыттау кестесінің элементімен анықталған маршрутты қолдану

Олар желі трафигінің құны мен мөлшері сияқты факторларға негізделген маршрутты таңдай алады

Пайдаланылған маршрут қатаң берілген және әрқашан ең жақсы бола бермейді.

Таңдалған бағыт бойынша жөнелту туралы шешім қабылдауы мүмкін

Статикалық маршрутизаторлар неғұрлым қауіпсіз болып саналады, себебі әкімші өзі әр бағытты белгілейді

Динамикалық маршрутизаторды қорғау үшін оны қолмен конфигурациялау арқылы жақсартуға болады. Мақсаты – анықталған желі мекен-жайларын сүзу және олар арқылы деректердің берілуіне кедергі жасау

Барлық Хаттамадар маршрутизаторлармен жұмыс істей бермейді. Маршрутизатормен жұмыс жасайтын хаттамалар бағытталған (маршрутталған) деп аталады. Оларға мыналар жатады: DECnet, IP, IPX, OSI, XNS. Бағытталмаған хаттамаларға мыналар кіреді: LAT, NetBEUI.


Маршрутизатор желіні «тыңдап», оның қандай бөліктері қатты жүктелгенін анықтай алады. Ол сонымен қатар, желі сегменттері арасындағы транзит санын анықтайды. Осы ақпаратты пайдалана отырып, маршрутизатор деректерді тасымалдау маршрутын таңдайды. Егер бір жол шамадан тыс жүктелсе, ол балама нұсқаны көрсетеді.
Көпірлер мен маршрутизаторлардың айырмашылығы – олар OSI моделінің әртүрлі деңгейлерінде жұмыс істейді. Маршрутизаторда көбірек ақпарат бар, ол мекен-жайды ғана емес, сонымен қатар хаттаманың түрін де таниды. Көпір желілер арасындағы бір жолды ғана тани алады. Қазіргі уақытта мүмкін болатын бірнеше жолдардың арасынан маршрутизатор ең жақсысын анықтайды.



Шлюз – әртүрлі Хаттамадарды қолдана отыра, ақпараттық желілерді біріктіруге арналған құрылғы. Шлюздер OSI моделінің қолданбалы деңгейінде жұмыс істейді.
Шлюздер әртүрлі архитектуралар мен орталардың арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Олар әр ортаның басқа ортадағы деректерді түсінуі үшін бір ортадан екіншіге берілетін деректерді қайта жинақтайды және түрлендіреді. Атап айтқанда, шлюз ақпараттарды тағайындау жүйесінің талаптарына сәйкес қайта өңдейді.

Хабарлама форматын қабылдаушы жақтағы бағдарлама деректерді тануы үшін өзгертеді. Мысалы, электрондық почта шлюздері хабарламаларды бір форматта қабылдап алады, ал оны таратуда және жіберуде басқа форматта болады.
Шлюз әр түрлі қолданылатын екі жүйені қосады:
- коммуникация (байланыс) хаттамаларын;
- мәліметтер құрылымы және форматтарын;
- тілдерді;
- сәулеттерді.
Шлюздер белгілі бір тапсырма түрін орындау үшін жасалады, яғни деректерді белгілі бір түрге түрлендіру үшін. Деректерді өңдей отырып, шлюз келесі операцияларды орындайды:
- кіріс пакеттерден мәліметтерді шығарады, оларды таратушы желіден Хаттамадың толық жинағымен төменнен жоғарыға өткізеді;
- алынған деректерді қайта жинақтайды, оларды белгіленген желінің Хаттама жиынтығы арқылы жоғарыдан төмен қарай жібереді.
Әдетте, желідегі шлюздердің рөлін арнайы серверлер орындайды, сондықтан бұл желіні кеңейту үшін қымбат құрылғы болып саналады.
Осы бөлімде қарастырылған құраушылар (компоненттер) жергілікті және ғаламдық желілерде қолданылады, олардың ішінен сіз өзіңіздің желіңіздің көлемін және өнімділігін арттыру үшін ең қолайлы желіні таңдауыңыз керек.


Тексеру жұмыс №2
2 жаттығу Сөйлемді аяқтаңыз:
А бағанынан сөйлемнің басын В бағанынан ең қолайлы деген сөйлемнің соңымен салыстырыңыз. Дұрыс нұсқасын таңдап, сөйлемді аяқтаңыз. Есіңізде болсын, В бағанындағы элементтердің біреуі артық, және әрбір сөйлемнің соңын тек бір рет пайдалануға болады.

Баған А

  1. Token Ring ______




  1. 100Base X_______




  1. Шлюздер _________




  1. Көпірлер ______




  1. Маршрутизаторлар _




  1. Хабтар ___




  1. 10BaseТ _____





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   92




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет