В ближайшее полвека стоимость передачи информации не будет зависеть от расстояний



бет14/92
Дата27.01.2024
өлшемі4.95 Mb.
#489985
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   92
treatise177480

1.3. TCP/IP хаттаманының стегі




1.3.1 ТСР/IP хаттамасы

Transmission Control Protocol/ Internet Protocol (TCP/IP) – бұл гетерогенді (біртекті емес) ортада байланысты қамтамасыз ететін хаттамалардың өнеркәсіптік жиынтығы, яғни әр түрлі типтегі компьютерлердің үйлесімділігін қамтамасыз етеді. TCP/IP-дің үйлесімділігі оның басты артықшылықтарының бірі, сондықтан көптеген жергілікті желілер оны қолдайды. Сонымен қатар, TCP/IP интернет-ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ кәсіпорындардағы желілер үшін бағытталған хаттаманы ұсынады. TCP/IP маршрутизацияны (бағытталуды) қолдайтындықтан, әдетте, оны желіаралық хаттама ретінде қолданылады. TCP/IP танымал болуына байланысты өзара желіаралық әрекеттесудің стандартына айналды. TCP/IP ашық жүйеге негізделген және жүйенің архитектурасы OSI сәйкес келеді.


Microsoft фирмасының TCP/IP жүзеге асыруда төрт деңгейлі модельге ие. 1.15 сурет).
IP хаттамасы желіаралық деңгейде болады және дейтграмма деп аталатын деректер блогын жіберушіден алушыға беру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. IP хаттамасы – сенімсіз, байланыс орнатылмаған хаттама, яғни. IP деректердің жеткізілуін растамайды, алынған деректердің тұтастығын бақыламайды және қызметтік ақпаратпен қамтамасыз етілмейді.
IP хаттамасы әр дейтграмманы тәуелсіз бірлік ретінде қарастырады. IP негізгі міндеті – бұл дейтграммаларды бағыттау (деректер торабының түйіннен түйінге бағытын анықтау).

1.15 сурет – Microsoft фирмасының TCP/IP жүзеге асыруда төрт деңгейлі TCP/IP моделінің OSI моделімен сәйкес болуы



Желінің түйіні – IP хаттамасын қолдайтын желіге қосылған компьютер. Ол бір немесе бірнеше IP интерфейске ие, әр интерфейсте ерекше IP мекен-жайы болады.
IP мекенжай – бұл Интернетте IP интерфейсінің 32 биттік бірегей идентификатор. IP мекенжайы, әдетте, нүктелермен бөлінген ондық сан түрінде октет түрінде жазылады.
IP мекенжайының форматтары

Екілік

Ондық

10100000.01010001.00000101.10000011

160.81.5.131


Интернетте әр IP мекен-жайы немесе оның желісі 1000 немесе 1 000 000 түйіннен тұратындығына қарамастан бірегей болуы керек. Егер сіздің компанияңыздың желісі TCP/IP пайдалануға қалыптасқан болса және Интернетке қосылмаған болса, онда IP мекенжай кеңістігінен қайталанбайтын мекен-жайларды белгілеу және пайдалану үлкен мәселе емес. Сіз бүкіл мекенжай кеңістігінен сіздің қажеттіліктеріңізге сәйкес мекенжайларды таңдай аласыз. Алайда, егер сіздің ұйымыңыздың желісі Интернетке қосылуы керек болса, бұл IP мекенжайды сізден басқа ешкім пайдаланбайтынына көз жеткізу әлдеқайда қиын болады.



InterNIC (Internet Information Centre Интернеттің ақпарат орталығы) интернеттегі мекен-жайларды таратуға және меншіктеуге жауап береді. Интернеттегі барлық желілік мекен-жайларды тағайындауға (меншіктеуге) тек бір топ жауапты болғандықтан, мекенжайлардың қайталанбауын қамтамасыз ету жеткілікті. Алайда, InterNIC интернеттегі барлық мекенжайларды қадағаламайды. Оның орнына, ол сізге берілген қосалқы желіде түйіндердің қажетті санын құруға мүмкіндік беретін желі идентификаторын ұсынады. Ұйым түйіндер идентификаторларын өзінің қосалқы желісіне сәйкес етіп орната алады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   92




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет