В. есмағзам экономикалық теория


Сурет 8.2 - Нарықтық экономиканың мемлекеттік басқарылуы



бет6/7
Дата11.06.2016
өлшемі1.56 Mb.
#128296
1   2   3   4   5   6   7

Сурет 8.2 - Нарықтық экономиканың мемлекеттік басқарылуы

Нарықтық экономиканың макрореттелуі, қоғам ынтасында жалпы түрде жүзеге асады.Ол, мемлекетпен белсенді экономикалық және әлеуметтік саясатты жүргізуді болжайды. Осы саясаттың негізгі мақсаттары 8.3 суретте көрсетілген. Солардың біріншісі: 1) экономикалық өсу. Осыған сәйкес өмір құндылығы санының өсуі мен сапаның арттылуы қамтамасыз етіледі және де нәтижесінде - адам өмірлерінің жоғары деңгейі байқалады; 2) толық жұмыспен қамту екі басты міндеттерді шешеді. Еңбек етемін деушілердің барлығына жұмыс пен оған сәйкес табысты береді. Қоғамдағы еңбек ресурстарын толық пайдаланбау байланыстарын жоюдан тыс болады; 3) экономикалық тиімділік қоғамның барлық шаруашылық ресурстары (ал, олар шектеулі) максималды қайтарыммен қолданылатынына болжам жасайды; 4) экономикалық еркіндік бұл нарықтық экономиканың қарқынды дамуының үздіксіз шарты. Ол шаруашылық қатынасқа қатысушылардың барлығы үшін максималды еркіндікті (заң мен жауапкершілік шегінде) – кәсіпкерлік еркіндігі, экономикалық серіктестерді еркін таңдау, тұтынушының қажеттіліктегі еркіндігі, т.б. қарастырылады; 5) еңбекке жарамсыздарды қамтамасыз ету - өркениетті, демократиялық қоғамдар аса маңызды әрекеттердің бірі. Барлық еңбекке жарамсыз, қартайған және кәмелетке толмаған азаматтардың дұрыс өмір сүруі үшін жағдайлар туғызуы қажет; 6) баға деңгейлерінің тұрақтануы – бұл да мемлекет саясатының басты мақсаты, себебі, бағалардың жалпы өсуі (инфляция) мен тез арада түсу (дезинфляция) экономика дамуының тұрақты дамуын нашарлатады және шығындарға әкеледі (көбінесе, дезинфляция банкротқа ұшыратады); 7) сыртқы экономикалық байланыстарға баланс-бұл қоғамға шетел мемлекеттерімен сауда, қаржы, инвестиция және де басқа да қатынастар бағдарының қажетті тепе-теңдігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді.


Сурет 8.3 - Қоғамның әлеуметтік-экономикалық мақсаттары


8.2 Мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары

Қаржылық, несиелік-қаржылық пен әлеуметтік саясаттар келесі параграфтарда толық қарастырылады. Алғашқы үш бағыт бойынша қысқаша түсініктерімен шектелейік. Сонымен,атап өтсек.

Әкімшілік-құқықтық реттеу- ең алдымен мемлекет пен экономиканың құқықтық негіздерінің құрылуымен анықталады. Осыған жататындар:

а) мемлекетте меншік құқықтары мен нысандарын және шаруашылық қызмет ережелерін белгілеу;

б) еңбек қатынастарды және зейнеткерлік тәртіпті реттеу (еңбекақы мен зейнетақы, еңбекке жарамсыз және жұмыспен қамту төлемдерінің минималды мөлшері, зейнеткерлік жағдайы мен еңбекті қорғау туралы заңдар, т.б.);

в) тұтынушылардың құқықтарын қорғау, экологиялық заңнама және басқалар. Бұл реттеу, екінші жағынан, мемлекеттің монополияға қарсы саясатты жүгізуімен, монополияға қарсы шаралар, адамгершілік емес бәсекелестік, жасанды жетіспеушілік, бағалық және басқа да теріс қолдануларды анықтайды.

Тікелей мемлекеттік басқару - қорғаныс, энергетика, пайдалы қазбалар, су ресурстары, білім, денсаулық сақтау, ұлттық мұражайлар, парктер, қорықтар, демалыс орындары, жол, көшелерді жинау және жарықтандыру, маяк, су апатынан қоршаулар, т.б. сияқты салалар мен қоғамдық маңызы бар объектілер қатынасында қолданылады. Осы кезде осы объектілер мен салалардың көбі мемлекеттік немесе муниципалды меншікте болуы мүмкін.

Соңында, үкімет саясатының тағы да бір негізгі құралы мемлекеттік бағдарламалар мен тапсырыстар болып табылады. Осындай бағдарламалар әртүрлі салаларда әзірленеді, мәселен, ғаламшарды немесе әлемдік теңізді меңгеру кезінде, ірі ғимараттарды салу саласында, қарулардың жаңа типтерін құруда, ірі ғылыми зерттеулерді жүргізуде, т.б. Бұл кезде үкімет өндірістің нақты түрлерін (ғаламшардың аппараттар, теңіз көліктерін, темір жол вагондары, құрылыс объектілері, әскери техника мен басқа) өндіруге фирмаларға мемлекеттік тапсырыс береді. Бұл тапсырыстар сенімді, әрі тиімді, сол себепті кәсіпорындар оларды алу үшін бәсекелестікке қызығушылықпен қатысады.


Сурет 8.4 - Мемлекеттік басқарудың негізгі бағыттары



8.3 Мемлекеттің қаржы-бюджет саясаты

8.3.1 Мемлекеттік бюджет,оның мәні,рөлі.Мемлекеттік бюджеттің шығындары мен кірістері

Қаржылық реттеудің екі нысаны бар – фискалдық саясат, яғни салық салу облысындағы саясат, және бюджеттік, яғни бюджет қаржыларын жұмсау облысындағы саясат. Қаржы саясатының негізінде мемлекеттік қаржылардың теоретикалық концепциялары жатыр.

Экономикалық дағдарыстар итермелейтін тиімді сұранысты жүзеге асыру үшін кейнсиандықтар экономиканы реттеудің басты құралы деп бюджеттік саясатты санайды. Мемлекеттік шығындар тиімді сұранысқа жетудің маңызды факторы ретінде қарастырылады. Бұл концепция тапшылықты қаржыландыру қағидасына негізделеді.

Қаржы саясатының бағыты елдің экономикалық жағдайына байланысты болады. Экономиканың дағдарыстық жағдайы, бір жағынан, өндірістің төмендеуін тоқтату мен өндірісті ынталандыруға (мысалы, өндірушілерге салықтық жеңілдіктер түрінде), экономиканың жеке салаларына қаржы ресурстарын тиімді салу мақсатымен олардың мобилизациялауына, ал басқа жағынан, барлық әлеуметтік бағдарламаларды басуға бағытталған қаржы саясатын ескереді.

Қаржылық реттеудің әдістері:

Тура – кеңейтілген ұдайы өндіріске, инфрақұрылымды дамытуға, ғылыми зерттеулерге, құрылымдық саясатты өткізуге, әскери-өнеркәсіптік кешенді ұстауға кететін шығындарды және мемлекеттің өндірістік емес шығындарын мемлекеттік бюджеттің қаржыларымен қаржыландыру.

Жанама – салық жүйесі арқылы тұтынушылық сұраныс көлеміне және өндірушілердің қаржылық мүмкіндіктеріне әсер ету.

Қаржы (мемлекеттік) — мемлекеттің өз функцияларын орындау мақсатымен ақша қаржыларының орталықтандырылған қорларын құруды, бөлу мен қолдануды қамтитын экономикалық қатынастар жүйесі. Экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі болып табылатын қаржы саясаты өз функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін қаржыларды ұйымдастыру мен қолдану бойынша мемлекеттің мақсатты бағытталған шаралар жиынтығын көрсетеді.

Мемлекеттік қаржылардың маңызды құраушысы мемлекеттік бюджет болып табылады. Мемлекеттік бюджет — бұл мемлекеттің ақша ресурстарының орталықтандырылған қоры, мемлекеттің шығындар мен кірістер балансы (сметасы). Бюджетті ҚР Қаржы министрлігі жасап, ҚР Парламенті оны бекітеді.

Мемлекеттік бюджетті құру келесі қағидаларға негізделген:

- бірыңғайлық қағидасы – бюджетте барлық шығындар мен кірістердің шоғырлануы. Мемлекетте бірыңғай бюджеттік жүйе, қаржы құжаттар мен бюджеттік классификациясының бір түрлілігінің бар болуы қажет;

- толықтық қағидасы – бюджеттің әрбір бабы бойынша барлық шығындар мен барлық түсімдер ескеріледі;

- ақиқаттылық қағидасы - мемлекеттің шығындар мен кірістерін шын көрсетуді ұйғарады;

- жариялылық қағидасы – бұл негізгі шығындар мен кірістер көздері туралы халықты міндетті түрде хабарландыру.

Бюджеттің кірістері салықтық және салықтық емес түсімдер есебінен қалыптасады. Шығын бөлігі: қорғанысқа, мемлекеттік аппаратты ұстауға, экономика мен әлеуметтік саланы Салықтық санкциялар - салықтарды төлеуден бас тарту, салықтық төлемдердің мерзімін өткізіп жіберу, салықтық декларациясына жалған мәліметтер қосу және т.б. салық салу сферасындағы бұзушылықтардан алынатын ақшалай алымдар.

Экономикалық мазмұны бойынша шығындарды топтастыру:

- мемлекеттік сатып алулар — бұл үкіметтің тауарлар мен қызметтерге сұранысы. Үкіметтің экономикалық қызметінің бұл түрі мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің өз мұқтаждығы үшін араласатын немесе реттеуші сипатқа ие (мысалы, нарық бағасын қолдау мақсатымен ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу), әскери және азаматтық мақсаттардағы сатып алулармен көрінеді. Мемлекеттік сатып алулар төлемеушілік тәуекелдіктің жоқтығымен, бағалардың тұрақтылығымен, алдын ала келісілген шарттар бойынша өнімді ірі партиямен өткізу мүмкіндігімен, салықтық және несиелік жеңілдіктерді алумен және т.б. сипатталатын, кепілді өткізу нарығын құрайды;

- трансферттік төлемдер — оларды алатындарға тауарлар мен қызметтерді ұсынуынсыз мемлекетпен жүзеге асырылатын төлемдер (зейнетақылар, жұмыссыздық бойынша жәрдемақылар, көпбалалы жанұяларға жәрдемақылар және т.б.). Трансфертті төлемдер өндірістік шығындарға жатпайды және мемлекеттік шығындардағы олардың үлесі мемлекеттік әлеуметтік-саяси бейімделуге, экономикаға мемлекеттің араласу шегіне, өткізілетін әлеуметтік саясатқа байланысты. Төмендеу кезінде трансфертті төлемдерді ұлғайтудың антидағдарыстық әсері бар; ресми трасферттер – бюджетке ақысыз және қайтарылмайтын төлемдер немесе гранттардан басқа бюджеттің шығындары.

- сыртқы және ішкі қарыздың қызмет етуі бойынша шығындар мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару мен орналастыруға, олар бойынша пайыздарды төлеуге кететін шығындардан тұрады. Мемлекеттік қарызды жүйелі түрде жоғарлату мемлекет шығындарының бұл түрінің өсуіне әкеледі. Субвенциялар – маслихаттардың шешімдерімен немесе заңды актілерімен бекітілген сомалар шегінде жоғары тұрған бюджеттердің төмендегілеріне берілетін ресми трансферттер.

Субвенциялар қаржылық реттеудің маңызды тұтқасы ретінде, белгілі мақсаттарға берілетін халық шаруашылығының жеке салаларына немесе жергілікті билік органдарына мемлекеттік қаржы жәрдемақы түрінде көрінеді.

Мемлекеттік бюджеттің шығындары экономика дамуына шығындарды қосады және өндіріс көлемінің тұрақты өсуі мен оның тиімділігін жоғарлату үшін жағдайлар жасауға бағытталған ақша қаражаттарын көрсетеді.

Оларға:


- капиталдық салымдар

- егізгі қорларды жөндеу

- айналым құралдарының өсуі

- материалдық резервтерді құру жатады.

Капиталдық салымдарды қаржыландыру үшін бюджеттік қаражаттарды қолдану басқа көздер есебінен жүзеге асыру мүмкін емес жалпы мемлекеттік мәні бар міндеттермен шектеледі.

Бұл экономиканы құрылымдық құрудың бағдарламаларын қамтамасыз етуге инвестициялар, олардың артықшылық бағыты тез қайтарыммен капитал айналымының жоғары жылдамдығымен шағын жобаларды құрудан тұрады.


8.4 Мемлекеттің дискрециондық фискалдық саясаты

Фискалдық саясатбұл мемлекеттің бюджеттік-салық саясаты. Фискалдық саясат – экономикаға әсер ету мақсатымен мемлекеттік шығындар құрылымын реттеу мен салық салу облысындағы саясат. Фискалдық құралдардың әрекетінің сипатына байланысты фискалдық саясатты дискрециондық емес саясат және дискрециондық (кірістірілген тұрақтандырғыштар саясаты) саясат деп бөледі.

Дискрециондық емес саясат үкіметтік шығындардың бөлігі жеке сектордың белсенділігімен байланысты екеніне, ал экономикалық конъюнктураның өзгеруі бюджеттік шығындар мен салықтардың едәуір деңгейінде өзгерістерді автоматты түрде туындатады екеніне негізделеді.

Егер экономикада құлдырау болса, яғни жеке кірістер және фирма кірістері төмендесе, онда прогрессивті салық салу кезінде салықтық алу автоматты төмендейді. Бұл басқа тең жағдайларда

кірістердің төмендеу мен жиынтық сұраныстың қысқару салдарын жұмсартады, өндіріс көлемін тұрақтандыруға немесе кеңейтуге көмектеседі.

Дискрециондық саясат жұмыспен қамту, бағалар, өндірістің ұлттық көлемінің өсу мәселелерін шешуге бағытталған мемлекет қабылдайтын арнайы шараларды көрсетеді. Бұл шараларды іске асыру мемлекеттік бюджеттің шығын немесе кіріс бөлімдерінде көрінеді (яғни кірістірілген тұрақтандырғыштар прогрессивті салық салу жүйесі болып табылады).

Дискрециондық фискалдық саясаттың негізгі құралдары болып:

- салық мөлшерлемесін өзгерту, салықтарды енгізу немесе жою жолымен салықтық алу көлемін өзгерту (салық мөлшерлемесін өзгерте отырып, үкімет құлдырау кезінде кірістерді қысқарудан сақтайды немесе керісінше, бум кезінде бар кірісті төмендетуі мүмкін);

- жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру мақсатына ие жұмыспен қамту бағдарламаларын мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асыру;

- қарттық, мүгедектік бойынша, кедей жанұяларға жәрдемақыны, білім беруге шығындарды және т.б. қосатын әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру (бұл бағдарламалар жиынтық сұранысты қолдауға, кірістер қысқарғанда және мұқтаждықтар шиеленіскен кезде экономикалық дамуды тұрақтандыруға мүмкіндік береді) табылады.

Үкімет алдында тұрған мақсаттарға байланысты фискалдық саясатты ынталандырушы және басушы деп бөледі.

Ынталандырушы фискалдық саясат құлдырау кезінде өткізіледі. Ол салықтардың төмендеуін және мемлекеттік шығындардың жоғарлауын ескереді. Бұл жиынтық сұраныстың өсуіне, өндірістің кеңеюіне, жұмыссыздықтың төмендеуіне әкеледі.

Бір уақытта болатын салықтардың төмендеуі және мемлекеттік шығындардың жоғарлауы бюджеттік тапшылықтың салдары болады.
8.5 Салық түрлері,салық қызметтері. Лаффер қисығы

Салық – бұл мемлекеттік және жергілікті бюджеттерге жеке және заңды тұлғалардың міндетті төлемдері. Кез-келген қоғамда салық салу міндетті, себебі мемлекет өзінің қызметтерін орындау үшін нақты қаржы ресурстарын талап етеді.

Салық салу объектілері бойынша ерекшеленеді.:

а) кірістерге салық (еңбекақыға, рентаға, кірістер мен т.б.);

б) мүлікке салық (жерге, орманға, кәсіпорынға, үй мен т.б.);

в) белгіленген тауар мен қызметерді сатып алушалар шығындарына салық.

Меншікке салықтың оң жағы бұл материалдық құндылықтары иеленуімен байланысты адамдар арасында тепе-теңдікті жеңілдету болып табылады. Сонымен бірге бұл салық кей кезде адамдарды мүлік жинаудан тоқтатады, бұл ағымды тұтынуға көбірек шығындауға мәжбүрлетеді.. Осында да екі позицияны көрсетеді – акциздер мен кедендік баж.



Акциздер – ішкі нарықтағы тауарларды мен қызметтерді сатуға салық. Олар өз кезегінде екі нұсқада болуы мүмкін: а) жеке акциздер – жекелеген өнімдер түрлері бағаларына үстеме (мысалы, шылым шегу өнімдері, спирттік ішімдіктер). Оларды кей кезде қарызгерлік монополиялық салықтар деп атайды, себебі, олармен салынатын тауар өндірісі көбінесе мемлекеттің монополиясы боылп табылады; б) әмбебап акциздері сатылған тауарлар мен қызметтердің жалпы құнына салық болып саналады (мысалы, сатудан салық, қосымша құнға салық, т.б.).

Кедендік баж – бұл импорттық, экспорттық және транзиттік тауарларға салық, олар осы тауарларды мемлекеттік шекара арқылы өткізу кезінде төленеді. Жанайы салық рөлі екі жақты бағаланады. Бір жағынан, олар мемлекетке көбірек ақша құралдарын береді және мәселен, зиян келтіретін өнімдерді (алкоголь мен темекі) тұтынуды тоқтатуға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, бұл салық баға өсуі дегені, ол еңбек ақының көтеру туралы талаптарға әкеледі және инфляцияны итеруге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, жанайы салықтар ілгерінді сипатта болады, яғни аса қамтамасыз етілмегендерден кірістің үлкен пайызын алады.

Салық қызметтерін қарастырған кезде оның басты үшеуіне тоқталайық: қарызгерлік, реттеушілік және қайта бөлу (сурет 8.7).

Қарызгерлік қызмет мемлекетті елдің қоғамдық секторын дамыту үшін қажетті қаржы ресурстарын қамтамасыз ететін салықтан тұрады. Бірақ та, осы кезде, салық салудың өзіндік шегі бар екенін есетн шығармауымыз керек.

Белгіленген жоғарлатудан кейін салық үлесі: а) адамның экономикалық белсенділігін тоқтатады; б) көбінесе салық төлеуден бас тартуға әкеледі және; в) қызметтен кірістерінен емес төлемдерге өмір сүруге тиімділігін жасайды. Нәтижесінде, салықтық база (яғни, салық алынатын кірістер, шығындар мен мүлік құнының жалпы сомасы) қысқарады, осыған сәйкес салық түсімдердің көлемі де азаяды.



Сурет 8.8 - Салықтардың негізгі қызметтері


Осындай салықтардың үлесімі мен түсімі арасындағы «кулықты» байланысты Лаффера қисығынан көруге болады (сурет 8.8). салық мөлшерлемесінің 0-ден 100% өсіру кезінде салық түсімдері М нүктесінде бірнеше максималды деңгейге дейін көтеріледі, содан кейін нөлге дейін төмендейді. Осы кезде В (жоғары деңгейі) мен Н (төмен деңгейі) шартты нүктелерінде салық түсімдері тең. Бірақ та Н нүктесінде төмендетілген мөлшерлеме өте мақсатты: *адамдардың экономикалық белсенділігі жоғары, *өндіріс көлемі мен жұмыспен қамту көбірек, *қоғамның тұрақты жағдайыдеңгейі жоғары. Осылайша, ұзақ мерзімді жоспарда нарықтық экономика шартында өте жоғарлатылған салықтарды төмендету елге инвестициялардың, өндіріс пен жұмыспен қамтуды өсуін қамтамасыз етеді, яғни бюджет кірістерінің өсуі, оның тапшылығын қысқарту, инфляцияны жеңілдету.


Сурет 8.9 - Лаффер қисығы

Реттеушілік қызмет. Осында салықтар экономиканың реттеушісі ретінде болады. Осылайша, салықтық шегерім мен жеңілдік көмегімен (мысалы, салықтардан уақытша босату) мемлекет:

- инвестициялар мен экономикалық өсуді ынталандыруға,

- қоғамға маңызды салар мен артта қалған өңірлерді дамытуға,

- өндірістің жаңғыртуы мен шағын бизнесті көтермелеуге болады.

Одан басқа, бұрын белгіленгендей, жеке мүлікті және де ілгерінді салық салу, әсіресе әлеуметтік тепе-теңсіздікті көрсетпей қоғамда кірістердің тартылуын реттейді. Реттеуші қызметімен келесі де тығыз байланысты - *салықтардың қайта тарату қызметі. Бұл бюджеттерде жинақталған салық түсімдерді мемлекет қаржыландыруды талап ететін бағдарламалар (ауыл шаруашылық, ғылым, әлеуметтік салалардың дамуына, қоршаған ортаны қорғау мен т.б.) есебіне қайта таратылатыны көрінеді. Салықтардың реттеуші мен қайта таратылған қызметтердің жалпы мысалы ретінде алкогольді-темекі акциздері болады: денсаулыққа зиян келтіретін тауарларды тұтынуды тоқтатумен (реттеумен) олар өз кезегінде аз қамтамасыз етілген отбасыларға өмірлік қажетті азықтарды (дәрі-дәрмек, балалар тамақтануы мен т.б.) жеңілдікпен сату үшін қаржыны береді.

Жүзеге асыру әдістемесі бойынша барлық қаржылық-реттеушілік шараларды екі негізгі түрге бөлуге болады (сурет 8.9).




Сурет 8.10 - Дискреционалды және автоматты реттушілер


8.5.1 Дискреционалды реттеушілер. Олар өмірге қосылу үшін әрқашанда үкіметтің сәйкесті шешімдерді талап етеді. Осылайша (кезекті заң немес жарлық қабылдауымен) уақыт уақытымен енгізіледі, мәселен, қосымша салықтар немес минималды зейнетақы мен еңбекті төлеудің жаңа деңгейі.

8.5.2 Автоматты реттеушілер, керісінше, керек уақытта қаржы құжаттарына алдын-ала салынған «қосалқы стабилизаторларға» байланысты және нақты жағдайлар кезінде қосылатын өз бетімен іске қосылады. Мысалы, ілгерінді сплық жүйесі белгіленген деңгейден асырылған кірістерге салықтың арттырылған мөлшермесінавтоматты түрде «қосады». Сонымен бірге, олардың өмір құнының өсуу бойынша артырылатын кіріс индексация жүйесі іске қосылуы мүмкін.


9 Әлеуметтік саясаттың экономика саласындағы мәні
9.1 Әлеуметтік саясат түсінігі, әлеуметтік қорғау жүйелері

Мемлекеттік әлеуметтік саясатбұл белгілі бір тарихи жағдайлармен шарттасылған, қажетті ұйымдастырушылық және насихаттаушы күштермен, қаржы ресурстармен бекітілген, белгілі бір кезеңдік әлеуметтік нәтижелерге арналған, белгілі бір мақсаттарды көздейтін мемлекеттің әлеуметтік сферадағы қызметі.

Әлеуметтік саясаттың субъектілері – бұл әлеуметтік топтың азаматтары, әлеуметтік сферада белсенді өзара әрекеттесетін, яғни бұл саладағы әлеуметтік топтар азаматтарының мүдделерін білдіретін институттар, ұйымдар және билік органдары.

Әлеуметтік саясатының стратегиясы дамудың берілген нақты тарихи кезеңінде елдің әлеуметтік мәселелер жүйесін шешу.

Әлеуметтік саясаттың басым бағыттары - әлеуметтік саясаттың бірініш кезектегі міндеттері ретінде көрсетілген ең маңызды мәселелерін шешу. Басымдықтар маңызды әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-саяси мәселелердің нақты байланысы мен шиеленісінің құрамына байланысты болады.

Әлеуметтік қорғау – бұл өмірлік қажеттіліктегі игіліктерді тұтынуға мүмкіндік беретін және белгілі бір себептерге байланысты (қарттылық, денсаулық жағдайы, жұмыстан айырылу және т.б.) экономикалық белсенді бола алмайтын және өз-өзін табыс табу арқылы қамтамасыз ете алмайтын азаматтардың әл-ауқатының белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге арналған жүйе. Әлеуметтік қорғау жүйесіне келесі шаралар кешені кіреді:



  • тұрақты, ақылы еңбектік қызметті ынталандыру;

  • негізгі әлеуметтік тәуекелділіктер пайда болған кезде әлеуметтік сақтандыру механизмі арқылы табыстардың бір бөлігін компенсациялау;

  • әлеуметтік сақтандыру жүйесінің мүшелері болып табылмайтын халықтың әлсіз топтары үшін әлеуметтік көмектің механизмдерін ұсыну;

  • білім, денсаулық сақтау сияқты негізгі қызметтердің барлық азаматтарға көрсетілуі.

Тәжірибені талдау негізінде әлеуметтік қорғаудың ең тиімді және кешендік жүйелері келесі элементтерден тұрады деуге болады:

1) мемлекеттік жәрдемақылар;

2) әлеуметтік сақтандыру міндеттері;

3) зейнеткерлік қамсыздандыруды жинақтау;

4) әлеуметтік көмек.

Мемлекеттік жәрдемақылар барлық азаматтарды әлеуметтік қорғауға жататын белгілі бір жағдайлар болған кезде белгілі бір деңгейде қамтамасыз ету үшін арналған.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру - жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің аударымдары есебінен қаржыландырылатын, азаматтардың аударымдарының деңгейіне байланысты формальді сектордың жұмыскерлерін қосымша қорғауға арналған.

Жинақтаушы зейнетақылық сақтандыру - әр азаматты дербес зейнеткерлік қамтамасыз етуге арналған.

Әлеуметтік көмек бюджет қаражаттары есебінен азаматтардың белгілі бір санаттарына қосымша көмек көрсетуге бағытталған.

Сонымен қатар, азамат әлеуметтік тәуекелділіктердің болуы мүмкін жағдайынан қорғану үшін еркін аударымдар жасай алады.

Әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуының негізгі бағыттары халықаралық тәжірибе мен қазіргі жағдайды талдауға негізделеді.

Әлеуметтік қорғаудың жүйелері келесідей болуға тиіс:

- әділетті – жекелеген елдерде бұл әлеуметтік төлемдердің көлемі азаматтардың аударымдарына байланыссыз барлық азаматтарға бірдей болуы керек дегенді білдіреді. Басқа елдерде бұл әрбір адамды әлеуметтік қорғау оның еңбегіне, еңбек шарттарына, аударымдардың көлемі мен ұзақтығына тәуелді болуы керек дегенді білдіреді. Әлеуметтік қорғаудың жаңа жүйесі айтылған екі көзқарасты үйлестіру негізінде пайда болды.

- ынталандырушы – яғни әр азаматтың жеке жауапкершілігін ынталандыруға тиіс. Жалпы барлық еңбекке қабілетті адамдар өздерінің болашағы мен өз жанұяларының жағдайы үшін жауапты болады.

- адрестік – жәрдемақылар оларды алуға құқылы және бұл жәрдемақылардағы қажеттілік жоғары болатын барлық азаматтарға терілуге тиіс.

- тиімді – яғни бұл жүйе жақсы басқарылатын, аз шығынды және қарапайым болуға тиіс.

Жүйенің негізгі компоненттері икемді реттелу керек, яғни белгілі бір мерзім ішінде халықты максималды түрде қамтуы керек.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, әлеуметтік тәуекелділіктер негізіндегі әлеуметтік қорғау жүйесі өзіне қорғаудың келесі элементтерін қосады деп тұжырымдауға болады:

- әлеуметтік тәуекелділіктерге байланысты барлық азаматтарға бюджет есебінен бірдей деңгейдегі мемлекеттік төлемдер;

- жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің аударымдары есебінен міндетті әлеуметтік сақтандыру;

- жинақтаушы зейнетақы жүйе;

- бюджет қаражаттары есебінен азаматтардың белгілі бір санаттарын қолдауда арнайы мемлекеттік бағдарлама және әлеуметтік көмек.


9.2 Әлеуметтік саясаттың халықтың Өмір сүру деңгейінің сапасына әсері

Әлеуметтік саясаттың нәтижелілігі халықтың өмір сүру деңгейінің сапасында көрінеді. Өмір сүру деңгейі – бұл қалыптасқан қажеттіліктерден шығатын тұрғындардың материалдық және рухани игіліктермен қамсыздандырылудың деңгейі. Мұнда қажеттіліктер белсенді сипатта болады, олардың өсуі өмір сүру деңгейін туындатады.

Өмір сүру деңгейін бағалау үшін жан басына шаққандағы тамақтанудың негізгі өнімдерін тұтыну, халықтың өндірістік тауарлармен қамсыздануы, тұтыну құрылымы, еркін және жұмыс уақытының ұзақтығы, табыстардың деңгейі және т.б. сандық көрсеткіштер пайдаланылады.

Айналымдағы көрсеткіштерге тұтынылатын игіліктер мен қызметтердің жалпы көлемі, халықты табыстар мен адам өмірінің жеке жақтарын сипаттайтын көрсеткіштер бойынша бөлу жатады.

Өмір сүру деңгейінің нақты көрініс алу үшін нақты мәліметтермен салыстыруға болатын белгілі стандарт қажет. Мұндай стандарт болып «тұтынушылық қоржын» табылады. Оның құрамына қажеттіліктердің анықталған бөлігін қанағаттандыратын игіліктер мен қызметтердің жиыны кіреді.

Тұтынудың минималды деңгейін қамтамасыз ететін «минималды тұтынушылық қоржынды» және тұтынудың қолайлы ғылыми негізделген құрылымын сипаттайтын «ұтымды тұтынушылық қоржынды» ажыратады. «Минималды тұтынушылық қоржын» белглі бір әлеуметтік-демографиялық топтар бойынша өмір сүру минимумын анықтау негізінде жатады.

Өмір сүру минимумы – бұл минималды қажеттіліктерді қанағаттандыратын ақшалай табыстың мөлшері. Минималды өмір сүру деңгейінен адамның физиологиялық өмір сүруі үшін қажетті физиологиялық өмір сүру минимумын ажырату жөн.

Өмір сапасының көрсеткіштеріне еңбек қауіпсіздігі мен шарттары, бос уақытты пайдалану мүмкіндігі, экологияның жағдайы, азаматтардың денсаулығы мен физикалық дамуы және т.б. жатады. Әлеуметтік саясаттың нәтижелілігін көрсететін сандық және сапалық көрсеткіштер болып елдегі экномиканың жағдайы, саяси жағдай, географиялық жағдай, қалыптасқан дәстүрлер мен мәдениет табылады.

Өмір сүру минимумының мөлшері статистика бойынша өкілетті органдармен және еңбек пен халықты әлеуметтік қорғау бойынша өкілеттік органдарымен минималды қажетті азық-түліктік емес тауарлар мен қызметтерге кеткен шығындардың бекітілген үлесіна арттырылған минималды тұтынушылық қоржынның құнының негізінде есептеледі.

Өмір сүру минимумы жыл сайын республика бойынша және аймақтар бойынша орта шамамен:

1) жан басына шаққанда;

2) халықтың жыныс, жас топтары бойынша есетеледі.

Кедейшілік сызығы – экономикалық мүмкіндіктерге сәйкес республикада бекітілетін адамның минималды қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті табыстың шекарасы.

Кедейшілік сызығы аз қамсыздандырылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету үшін критерий болып табылады.

Табыстардың мемлекеттік саясатының мәні табыс алушылардың әр түрлі топтарына дифферециацияланған салық салу арқылы және халыққа әлеуметтік төлемдер беру арқылы мемлекеттік бюджет арқылы табыстарды қайта бөлумен анықталады. Мұнда ұлттық табыстың айтарлықтай бөлігі табысы жоғары тұрғындардан төмен табысты азаматтарға өтеді.

Мемлекет бюджет көмегімен табыстарды қайта бөлу арқылы табысы төмен азаматтар топтарының табыстарын жоғарлату мәселесін шешеді, жұмыс күшін қалыпты өндіру үшін қалыпты жағдайлар жасайды, әлеуметтік кернеуліліктің босауына әсерін тигізеді. Табыстарды қайта бөлудегі мемлекеттің мүмкіншіліктері бюджеттік түсімдермен шектеледі. Ұлттық шығындардың салық түсімдерінен көп болуы олардың бюджеттік тапшылық пен инфляцияның өсуінің қуатты факторларына айналуына әкеледі. Мемлекеттік бюджеттің алынған табыстар шамасындағы әлеуметтік шығындарының артуы нарықтық ынталарды күйрететін салықтардың шамадан тыс жоғарлауына әкеледі.

Мемлекет ақшалай табыстардың алғашқы қайта бөлінуіне белсенді түрде араласады және қалыпты жалақының өсуінің жоғарғы шегін белгілейді. Жалақының мемлекеттік реттеудің экономикалық мәні келесідей анықталады: оның өзгеруі жиынтық сұранысқа және өндірістік шығындарға әсер етеді. Табыстар саясаты мемлекетпен өндіріс шығындарын төмендету, ұлттық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, инвестиция салуды ынталандыру, инфляцияны тежеу үшін жалақы өсуін тоқтату үшін қолданылады. Мемлекет антиинфляциялық саясатты жүргізгенде уақытша орталықтандырылған жолмен экономикалық және әлеуметтік дамудың жалпы қажеттіліктерін ескеру арқылы жалақы өсуінің ұзақ мерзімді шегін бекіте алады.

Нарықтық және өтпелі кезең шартындағы табыстар саясатын жүзеге асыру әдістері әр түрлі болуы мүмкін. Әдетте жалақы көтерілуінің кәсіпорынның қаржылық мүмкіншіліктерімен байланыстыруды реттейтін мемлекеттік бақылау мен әкімшілік шаралардың қолданылуын жоққа шығармайтын үкіметтің қатысуымен жасалған жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің еркін келісуімен жасалған әдістер пайдаланылады.

Жеке секторда ірі кооперациялар үкіметтік шектеулермен үйлесіп, еңбекті ақылаудың өз ережелерін (келісім-шарт, контракт) бекітеді. Нарықты экономикалы елдерде жалақыны реттеудің ең тиімді құралы болып еңбекті ақылаудың кепілді минималды көлемін анықтау табылады.

9.3 Қазақстан аймақтарының дамуындағы әлеуметтік саясаттың міндеті

Басқарудың әкімшіл - әміршіл жүйесінің жағдайында барлық аймақтардың экономикасы жергілікті, республикалық, салааралық органдармен басқарылады, ал экономиканы бірыңғай басқару болған жоқ.

Үрдістің түрлендірілуі мен шаруашылықтың жаңа шарттарына байланысты нарықтық қатынасты аймақтың ерекшеліктерімен байланысты құру қосымша мәселелерді туындатты. Бұл дамудың осы кезеңіне негізделген аймақтық мемлекеттік саясаты жүзеге асыруды және әзірлеуді қажет етеді.

Мұндай аймақтық саясатты құру келесі талаптардан шығу керек:

- қазақстанның нарығының интеграцияланған жүйесі ретінде, біріңғай жалпы республикалық нарықпен қамтамасыз ету;

- мемлекеттің макроэкономикалық саясатының жалпы стратегиясының жағдайынан шыға отырып, маңызды аймақтық;

- мемлекетаралық және аймақаралық байланыстарды құрғанда жалпы республикалық мүдделер басымдығын қамтамасыз ету;

- аймақтардың әр түрлі экономикалық мүмкіндіктерін, еңбекті аймақтық бөлудің объективті артықшылығын және аймақтардың экономикалық қауымдасуын оңтайлы қолдану;

- аймақтық дамудың өзінің резервтеріне және ресурстарына бағдарлану, артта қалған және қолайсыз аймақтарға мемлекет жүйесімен қосымша көмек көрсету;

- тоқырауға ұшыраған және артта қалған аймақтарға әлеуметтік шарттарда көмек көрсету арқылы шамадан тыс аймақтық контрастарды жеңу. Барлық аймақтарда игілікті әл –ауқатын қамтамасыз ету, өмір сүру орнынан тәуелсіз барлық азаматтарға бірдей мүмкіндік жасау.

Мемлекеттің республикалық мағынадағы маңызды аумақтық мәселелерін шешу қажеттілігі.

Аймақтық саясат елдің тұрақты әлеуметтік – экономикалық дамуының міндеттері мен стратегиялық мақсаттарына жету үшін өмір сүрудің аймақтық факторларын және шаруашылықты тиімді қолдануына бағытталған мемлекеттің жалпы саясатының құрамдас бөлігі.

ҚР аймақтық саясатының басты мақсаты халықтың өмір сүруіне тең мүмкіндік жасау және аймақтық өзін өзі басқарудың дамуын құру қағидалары мен еңбекті оңтайлы аймақтық бөлу негізінде ресурсты өндірістік әр аймақта әлуетті тиімді қолдануға қорытындылады.

Аймақтық саясаттың мақсаттарына жету келесі міндеттерді кезеңдермен шешуді қажет етеді:



- аймақтардың шарушылығының тәуелсіздігін қамтамасыз ететін, құқықтық және экологиялық, экономикалық, саяси шаралардың кешенін әзірлеу;

- мемлекеттің макроэкономикалық саясатының жалпы стратегиялық ережесіне сай аймақтық артықшылықтарды анықтау;

- мемлекеттің экономикалық белсенділікті ынталандыру мен мемлекеттің жеке аймақтарын талғамалы қолдануының ұштастырылуы;

- аймақтық және республикааралық тауар, еңбек және капитал, нарықтың және институционалды инфрақұрылым нарықтарын дамыту және тұрғызу;

- әлеуметтік – экономикалық дамуды жеделдету және шағын және орта бизнесті олардың экономикасын дағдарыстан шығару мақсатында қайта өзгерту және қолдау;

- артта қалған ауылдар мен селоларды қайта өрлету үшін материалдық негіз құру;

- өндірістің аймақтық ұйымдасуын жетілдіру, экономиканың оңтайлы кеңістік құрылымын құру;

- өндірістік кешеннің мақсатты – ресурстарының теңестірімділігін қамтамасыз етеді, аймақтық, ғылыми – техникалық, эколого – экономикалық табиғи ресурстарын қайта құру;

- аймақ бойынша халықтың өмір сапасын әр түрлі деңгейде түзету, аймақтарда әлеуметтік саласын және экономиканың тоқырау жағдайын өту, әсіресе дамымағандарда.

Аймақтық саясаттың тәжірибелік жүзеге асуы келесі қағидаларға негізделеді:



  • бүтіндей мемлекеттің және оның бөлек аймақтарының мүдделерінің оңтайлы ұштастырылуы;

  • мемлекеттің сыртқы экономиканың қызметімен және сыртқы саясатының негізгі қағидаларымен аймақтардың келісілген қызметі;

  • өндірісті интеграциялау және аймақ аралық еңбекті тиімді бөлудің негізінде шаруашылық субъектілердің қарым – қатынасы;

  • аймақтық әлеуметтік – экономикалық дамуының міндетін шешуде аймақтардың экономикалық тәуелсіздігі, экономиканы реформалау салдарының әлеуметтік жұмсаруы және осы мақсаттарға қажет қаржылық және өндірістік ресурстарды шоғырландыру;

  • аймақтардың халқына кепілдік және әлеуметтік нормативтерді қамтамасыз ету;

  • аймақтық органдардың халықтың өмір сапасы деңгейі, материалды –шикізатты, жер, су және басқа ресурстарды оңтайлы ;

  • қолдануына, өсімдік және жануарлар өмірінің қайта өнуіне жауаптылығы.

Аймақтық саясаттың міндеттері мен мақсаттарына сай оның келесі негізгі бағыттарын атап өтуге болады:

- сыртқы және ішкі нарықта сұраныстағы өнімді шығаруды өсіру және өндірісті қолдау, аймақтардың экспорттық әлуетін өсіру;

- экономикалық келешегі жоқ өндірісті экологиялық бақылауды күшейту мен жәндеп тоқырату;

- өндірістің базалық саласында үлкен кәсіпорындарда өндірістік қызметтің тірілуі және капиталды концентрациялау мақсатында технологиялық байланысқан өндірістерді, жаңа ұйымдық құрылымдарды құру;

- жергілікті нарықта қызмет көрсету және тауарды ұсынудың көбеюі, халықтың жұмыс орнын сақтап қалу және жаңа жұмыс орнын құру үшін жергілікті кәсіпкерлікті, әсіресе, шағын және орта бизнестің дамуын қолдау;

- ең алдымен, маттериалдық өндіріс саласына және аймақтық инфрақұрылымға инвестицияны, сонымен қатар тура шетелдік инвестицияны енгізуге қолайлы шарт жасау;

- сақталымды шоғырландыруға және оны тиімді инвестицияға айналдыруға қабілетті институционалды инвесторлар жүйесін, аймақтық қаржылық ресурсын құру.

Нарықтық шаруашылық шартында ұлттық экономиканың даму функциясы маңызды мағынаға ие болады. Оның мағынасы нарықтық жүйенің мынандай жеткіліксіздігінен өту қажеттілігімен негізделген, біріншіден, тауар өндіруге және ұжымдық пен қоғамдық тағайындауға ынталандырудың жоқтығы, екіншіден, шаруашылық субъектілерінің өзінің өндірістік қызметінің нәтижесіне мүддесінің жоқтығы; үшіншіден, жұмыс істегісі және істей алатындардың еңбегіне кепілдіктің жоқтығы; төртіншіден, азаматтардың құқығының стандартты қолайлығының кепілсіздігі; бесіншіден, ғылымда зерттеудің негізін дамытуға тұрақты негізде жәрдемдесуге қабілетсіздігі; алтыншыдан, инфляциялық үдеріске тұқралағаштығы, дамудың тұрақсыздығы.


Көрсетілген мәселелерді мемлекет қоғамда болып жатқан әлеуметтік – экономикалық үдерістерге әр түрлі нысандарды қолдану арқылы әсер етеді.

Мемлекеттік реттеу – нарықтық экономикада қызмет ететін реттеу механизімінің ішкі жүйесінің бірі, оған одан басқа, нақты нарықтық ішкі жүйе (нарықты өзін өзі реттеу механизімі), монополиялық реттеудің ішкі жүйесі (антимоноплиялық реттеу), ұлттық реттеудің ішкі жүйесі кіреді.



Әдебиет

Мазмұны

Кіріспе.................................................................................... ….3




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет