4-бөлім:Тамаша бестік
Математика пәнінен басқа 5 пән бойынша сұрақтарға жауап беріп,әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі.Тақтадағы сандарды таңдап,сол пәннен берілген сұраққа жауап береді.
1.Дүниетану
Әлемнің 7 кереметін ата.(Фаростық мұнара шам, «Аспалы бақ»,Галикарнас кесенесі,Зевс мүсіні,Родос алыбы,Мысыр пирамидалары,Эфестегі Артемида ғибадатханасы)
2 . Әдебиеттік оқу Кәукен Кенжетаевтың «Өнердің сайыпқыраны» әңгімесі кім туралы?Ол туралы не білеміз? (Шәкен Айманов)
4.Қазақ тілі Буын үндестігі деген не?
5.Еңбекке баулу Киіз үйдің негізін құрайтын ағаштар қалай аталады? (кереге,уық,шаңырақ)
6.Әдебиеттік оқу Қабанбай батырға «Қабанбай» деген есімді кім,қалай берді? (Бердәулет жездесі,екі қабанды өлтіргені үшін)
5-бөлім: «Кім шапшаң?» деп аталады.Бұл бөлімде топбасшылары өз тапқырлықтарын және шапшаңдықтарын көрсетеді.Тақтада берілген сөзден ең көп зат есім сөздерді теріп жазған топбасшы жеңіске жетеді.Уақыт- 1 минут. «Қанағаттандырылмағандықтан»
Қорытынды бөлім.Әділ-қазылар алқасының шешімі дайын болғанша сынып оқушылары өз өлеңдерін оқиды.
Ибрагим Асхат: «Мұғалім»
Тұрсынбай Құралай : «Ана тілім»
Тынысбек Дәулет : «Біздің заң»
Интелектуалды сайыстарды ұйымдастыруда күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, шапшаңдыққа, сабырлылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу арқылы математикадан алған білімдерін тереңдетеміз; оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, пәнге деген қызығушылығын арттырамыз.
Математика сабағында ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін, танымдық белсенділігін арттырады. Оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, ойлау қабілетін дамытып, білім-танымын кеңейтеді.
Оқушылардың математика пәніне қызығушылығына, еркін шығармашылығына, өздерінің ізденушілігіне математикалық ойындардың тигізетін үлесі зор. Ең бастысы оқушының ой-ниеті мен сапасын ынталандырып, әр тарауды оқып аяқтаған соң, сабақтан тыс ойын сабақтар ұйымдастырудың маңызы зор.
Қорытынды
Оқушылардың танымдық ой белсенділін қалыптастыруда дидактика лық ойын мен интелектуалды сайыстарды ұйымдастыру,өткізу оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға, тапқырлыққа баулиды. Сондықтан оқушылар сұрақтар мен сөзжұмбақтарды шешу үшін өтілген материалды үнемі қайталап отыруды әдетке айналдырады.
Қазіргі замандағы ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс— әрекетіне қабілетті, еркін және жан— жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.
Ең бастысы оқушының ой-ниеті мен сапасын ынталандырып, әр тарауды оқып аяқтаған соң, сабақтан тыс ойын сабақтар ұйымдастырудың маңызы зор, тиімді.
Оқушылардың танымдық ой белсенділін қалыптастыруда сабақтан тыс сайыс өткізу оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға, тапқырлыққа баулиды. Сондықтан оқушылар сұрақтар мен сөзжұмбақтарды шешу үшін өтілген материалды үнемі қайталап отыруды әдетке айналдырады. Оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, олардың шығармашылық ой-өрістерін, түсінік-танымдарын еселеп, арттыра түседі.
Әсіресе дидактикалық ойын сабақтары ұйымдастырылуы жағынан жеңіл, өткізілуі жағынан оқушыларға қызықты болады. Дидактикалық ойындар оқушылардың логикалық ой-өрісін, сана-сезімін дамытуда, олардың әр түрлі шамалар мен бірліктердің, терминдер мен заңдылықтардың, құбылыстар мен өзгерістердің атын есте сақтауға көмектеседі.
Оқушылардың танымдық белсенділігін ойын арқылы арттыру мақсатында, ұлттық ойынның математика сабақтарында пайдалану оқушылардың еркін сөйлеуін, тіл байлығын, сөздің дәл мағынасын бағдарлай білу қасиеттерін жетілдіреді.
Қорыта айтқанда, математика сабақтарынынан тыс ойын мен сайыстар өткізу мұғалім тарапынан әдістемелік шеберлікті, үлкен фантазияны талап етеді. Осындай барлық талаптарға сай ұйымдастырылған әдістемелік жақсы нәтиже береді. Түрлі технология элементтері араласқан сайыс оқушыларға әсерлі болып, олардың математиканы білуге деген құмарлығын арттырады, түсініктерін тереңдетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |