В. М. Сухомлинский І. Кіріспе Елімізде үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс-шара болып табылады. Осы орайда білім беруді дамыту тұжырымдамасы Өзбекстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуд



бет5/11
Дата01.09.2022
өлшемі64.6 Kb.
#460126
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
дип жум интеллек

Санға қатысты жұмбақтар:
1. Бір, үш, бес, он, Жиырма, елу,
Жүз, екі жүз, мың бар. Әрқайсысының құны бар. (Теңгелер) 
2. 100 мүйізі бар , Үстінде киізі бар. (Киіз үй) 
3. Қос құлақты 100 тісті, Жүзінен бірақ іс түсті. (Ара) 
4. Бұлбұлдың 2 құлақ, 1 басы бар, Салдыраған 8 жерден таңбасы бар. 
Бұлбұлды жолға салып айдағанда, Салатын неше түрлі жорғасы бар. 
(Домбыра) 
5. 64 бөлмеде 32 тұрғын бар. 
Ақ, қара қып бөлгенде , Бірін-бірі қуғындар 
Ханы үшін де, жаны үшін де ,Бермейді олар намысын. 
(Шахмат) 
6. 1 ағаштың 12 бұтағы бар,Әр бұтағында 30-дан жапырағы бар. 
Жапырақтың бір жағы ақ, Бір жағы қара кәнеки ойлан тап? 
(жыл, ай, тәулік, күн мен түн)
7. Өзі 4 қанатты және 6 аяқты,Сөйтсе де тікұшақтың көшірмесі сияқты. 
(Инелік) 
8. Екі айнасы бар, екі найзасы бар, Төрт сылдырмағы бар, 
Бір шыбыртқысы бар. (Сиыр) 
9. Аяғы біреу, қолы жоқ, Шиыр-шиыр жолы көп. (Қалам) 
10. Екі ағайынды екеуі де бір үйде,Бірін-бірі көрмейді. (Көз) 
11.Таңертең 4 аяқты,Түсте 2 аяқты, Кешке 3 аяқты. (Адамның қартаю кезеңі) 
12. Бес ін, бес іннің аузы бір ін. (қолғап) 
13. Екі желім – күйдің көрігі, әннің көлігі (домбыра) 
14. Тоғыз белбеу, қос жібек, Екі мұрын бір шүмек. (домбыра) 
15. Қарнында бір көлдің балығы бар, Немесе жандының алыбы бар. (Кит) 
16. Жүз төрт түйме, он бір ине.  (Есепшот) 
17. Торы тай, табанында төрт ай. (Таға) 
18. Басында таяғы бар, Төрт аяғы бар, 
Сегіз тұяғы бар, Иегінде сақалы бар. (Ешкі)
ІІ. Негізгі бөлім. Дидактикалық ойындарды сабақтың әр алуан буындарына енгізу:

1.Түрткі ретіндегі дидактикалық ойындар


2.Материалды игеруге даярлық кезінде пайдаланылатын дидактикалық ойындар.
3.Материалды пысықтау кезінде пайдаланылатын дидактикалық ойындар
4.Игерілген материалды қайталау кезінде қолданылатын дидактикалық ойындар.
5.Есептік дидактикалық ойындар

  • баланың ынтасын сабаққа аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі,сабаққа эмоциялық бояу береді.

Ойынның мақсаты: Баланы пәнге қызықтыру, логикалық ойлауын дамыту

  • Таным әрекетін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау, алған білімді тексеру, қызығушылығын ояту,белсенділігін арттыру.

  • Міндеті: 1) Танымдық: баланың тану, іздену әрекетін дамыту.

  • 2) Тәрбиелік: айналасымен қарым-қатынас жасауға, қажетті дағдыны,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру

Дидактикалық ойындарды құру мына негіздерге сүйенеді:
1)Балалардың іс-әрекетіне ойын түрлерімен оқуды байланыстыру, біртіндеп қызықты жеңіл ойындардан ойын-тапсырмалар арқылы берілген оқу-тәрбие мәселелеріне көшу.
2) Шарты мен міндеттерін біртіндеп күрделенуі
3) Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл-ой белсенділігінің күшеюі.
4) Оқу-тәрбие мақсаттарының бірлігі.
Дидактикалық ойын мектеп оқушыларының белсенділігін арттырып, қиын оқу материалдарын меңгеруді жеңілдетуі және көлемі бойынша үлкен оқу материалдарды есте сақтауға мүмкіндік беруі тиіс.
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру үшін мыналарды жүзеге асыру қажет:
1. Жағдайға қарай шығармашылық белсенділікті іске қосу;
2. Төмендегідей шығармашылық белсенділіктің жүйелі циклдарын іске қосудың алғышарттары ретінде шығармашылық жағдайларын жүзеге асыру:
а) шығармашылықтың мен–субъектісінің рольдік образын игеру;
б) шығармашылықтың жетекші ішкі орындаушы механизмдерін игеру;
в) шығармашылықтың әр алуан түрлерін игеру;
г) ойын ұжымының шығармашылық бағытталушылығын дамыту;
д)ойын арқылы шығармашылық нәтижені елеулі түрде сезінетін жағдайларды қарастыру.
Белсенділікті дамыту үрдісіне ықпал етуі тұрғысынан келесі ойын типтерімен ойындық формаларды айқындауға болады:
а) оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытатын ойын формалары (шығармашылық белсенділікті дамытудың жалпы немесе спецификалы емес шығармашылық ойындық құралдары).
Дидактикалық ойындардың сапалылығы:
Олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажеті материалдарды алдын-ала дайындап алуына, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруына байланысты болады.
Дидактикалық ойын түрлері:
1) Заттық дидактикалық ойындар.
Бұл ойын әртүрлі ойыншықтармен ж/е әртүрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.
2) Үстел үсті ойындары: Лото, домино, қарлы кесек т.б.
3) Сөздік дидактикалық ойындар, яғни ауызша ойналатын ойындар:
Дидактикалық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес мынадай түрлеріге бөлінеді:
1. Ойын-саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, қарапайым жұмбақ арқылы беріледі;
2. Ойын-тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет,сөздік тапсырмалар құрайды.
3. Ойын-болжамдар. Бұл ойындар «не болар еді...?», «Мен не істер едім, егер....» деген сұрақтарға негізделеді.
Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюымен ерекшеленеді.
4.Ойын-жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі-логикалық астары ның болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді.Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.
5.Ойын-әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен және балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым-қатынас ойын мазмұнында ерекше сипаттқа негіз болады. Ойынның құндылығы балаларды эмоционалдық түрде белсендіруге, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойнауға мүмкіндік туғызады.
Халық ойындарының педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес мынадай жіктемесі бар:
1. Білім беретін ойындар.
2. Тәрбиелейтін ойындар.
3. Дамытатын ойындар.
4. Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар.
5. Диагностикалық ойындар.
Халық ойынының келелі бір мақсаты – баланы жан-жақты тәрбиелеу болғандықтан, бір ойын түрліше ойналуы мүмкін, сондай-ақ, ойлануға берілген сұрақтың түрліше жауабы болуы мүмкін.
Ойындардың ықтималдық стратегияларды зерттеудің математикалық әдісі ойындар теориясы деп аталады. Ойындар олар жөніндегі ақпаратың толықтығына байланысты толық ақпаратты және толық емес болып бөлінеді.Толық ақпаратты ойында әрбір қатысушы ойынның кез-келген сәтінде ойынға қатысушылырдың жағдайы жөнінде біледі.(мыс: шахмат ойыны)Толық емес ақпараты ойында ойынға қатысушы басқа ойыншылар дың қандай ресурстары бары жөнінде ж/е олардың қандай стратегияны пайдаланатыны жөнінде ақпарата болмайды.
І. «Мұғалім оқушы» оқыта үйрету ойыны


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет