1 деңгей - есте сақтау
1. Герпестік инфекцияның еміндегі тиімді вирусқа қарсы дәрілік зат:
1) арбидол
2) виферон
3) + ганцикловир
4) тамифлю
5) интерферон
2. Герпестік баспа шақырылады:
1) жай герпестің вирусымен
2) + Коксаки А және Б вирустарымен
3) Эпштейн - Барр вирусымен
4) гепаднавирусымен
5) цитлмегаловирустарымен
3. Туа пайда болған цитомегаловирустың клиникалық көрінісі болуы мүмкін:
1) + сарғыштану, анемия, тромбоцитопения, гепатоспленомегалия
2) алақанда және табанда көпіршіктер
3) кереңдік, катаракта
4) остеомиелит
5) конъюнктивит, пневмония
2 деңгей - түсіну
1. Бала 13 жаста. Ауыздың айналасындағы қышыну, күйдіру, ауру сезімі мазалап емханаға қаралды. Қарап тексергенде: ауыз қуысының терісі инфильтративті көпіршіктер фонында мөлдір сұйықтыққа толы. Бұл ауру қандай вируспен шақырылған?
1) + Herpes Simplex
2) HAV
3) P.mordillavirus
4) Herpes zoster
5) Rubivirus
2. Қыз бала 5 жаста, типтік қызылша ауруының 6-шы күнінде аяқ астынан есінен танған, тырысулар болған. Сырылды тыныс, жүрек тондары бәсең, пульс жиі. Акрацианоз. Көздің қарашығы үлкейген. Менингиальды белгілер жоқ. Қандай диагнозға көбіне сәйкес келеді?
1) Қызылша және менингоккты инфекция
2) + Қызылшалық энцефалит
3) Қызылша және миға қан құйылу
4) Қызылша және көлемді процесс
5) Қызылша, ауыр түрі
3. Науқаста ауру дене қызуының жоғарлауымен 380С-қа басталды. Ауыз қуысында айқын қызару, дән тәрізді түйіршіктер, бадамшаларда майда көпіршіктер. Ауруының 4-ші күнінде қалыпты температура фонында бірмезетте, бүкіл денесінде дақты - папулезді сипаттағы бөртпе пайда болды. Мүмкін болатын алдын - ала диагноз қайсы?
1) Жедел ішек инфекциясы ( ЖІИ)
2) + энтеровирусты инфекция, герпестік баспа + экзантема
3) тұмау, токсикалық түрі + герпестік баспа
4) ЖІИ + герпестік баспа
5) герпестік инфекция
4. 3 жастағы балада 3кун бойы субфебрилитет, әлсіздік, аздап жөтелу, мұрыннан шырышты бөліністер, жеңіл конъюнктивит мазалайды. 5 - ші күні белгілер күшейген. Дене қызуы 390С - қа дейін көтерілген, бетінде ашық қызғылт дақты - папулезді бөртпе пайда болған және бөртпе сол күні бүкіл денеге жайылған. Келесі күні аяқ-қолдарына. Ауруының басталғаннан 10 күн бқұрын " аллергиялық" бөртпесі және жөтелі бар туысқанымен қарым - қатынаста болған. Баланың анасы инфекциямен ауырмаған. Төменде қөрсетілген қай диагноз басым сәйкес келеді?
1) Аденовирусты инфекция
2) + Қызамық
3) Иерсиноз
4) ЖРВИ + аллергиялық бөртпе
5) Энтеровирусты инфекцияя
5. Бала 5 жаста. Басының шашты бөлігінде және денесінде мөлдір сұйықтыққа толы көпіршіктер анықталды. Терінің қалпы, түсі өзгермеген. Дене қызуы 38,20С. Әлсіз, ауыз қуысы - таза. Қандай диагноз басым сәйкес келеді?
1) Жәншау
2) Қызамық
3) Иерсиноз
4) Қызамық
5) + Желшешек
6. 10 жастағы балада бас айналу, түсініксіз сөйлеу, қиналып жүру байқалады. 2 апта бұрын желшешекпен ауырған. Теріні қарап тексергенде қабыршақтар, шүйде бұлшық еттерінің ригидтілігі анықталады. Қандай болжама диагноз басым сәйкес келеді?
1) Герпестік менингоэнцефалит
2) Кенелік энцефалит
3) + Желшешектік менингоэнцефалит
4) Полирадикулоневрит
5) Энтеровирусы этиологиялы серозды менингит
7. Серозды менингитпен ауырған ағасымен бала тығыз қарым-қатынаста болған. Балада " энтеровирусты экзантема" деген болжама диагноз қойылған. Төменде көрсетілген қандай зерттеу әдісі диагнозды дәлелдеу үшін сәйкес келеді?
1) ЖҚА
2) Ликворды зерттеу
3) + Энтеровирустарға қос сарысу антиденесі
4) Мұрын қуысының шырышынан бактереологиялық себінді
5) Қанның үлкен тамшысы
8. Жаңа туған нәресте дене салмағы 2100граммен туылған. 12 ші күнге сарғыштану күшейген, денесінде петихиальды бөртпе және гепатомегалия пайда болған. Ауыздың шырышты қабатынан алған жағындыда цитоплазмада және ядроларда ірі көпядролы жасушалар жасушаішілік құрылымдармен анықталған. Болжама диагноз?
1) Токсоплазмоз
2) + Цитомегалия
3) Листериоз
4) Сифилис
5) Фетальды гепатит
9. Жаңа туған нәрестеде өмірінің екінші күнінде дене қызуы 38,50С-қа дейін көтерілген, жағдайы кенеттен нашарлап, тырысулар, терісінде - көпіршікті бөртпелер, сарғыштану, гепатоспленомегалия пайда болған. Аурудың этиологиясын анықтау үшін төменде көрсетілген қандай зерттеу әдісін тағайындаймыз?
1) Жалпы қан анализі
2) + ПТР және ИФА
3) Копраграмма
4) Жалпы зәр анализі
5) Қанның үлкен тамшысына
10. Бала 10 жаста. Оң жақ бүйіріндегі күйдіру ауру сезімімен шағымданып түскен. Оң жақты қарап тексергенде, қабырға бойы бойынша теріде шоғырланған көпіршіктер табылған. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсы сәйкес келеді?
1) аусыл
2) + белдемелі герпес
3) аллергиялық дерматит
4) жаңа туған нәрестенің көпіршікті ауруы
5) Желшешектің буллезді түрі
11. . Жаңа туған нәресте дене салмағы 2100граммен туылған. 12 ші күнге сарғыштану күшейген, денесінде петихиальды бөртпе және гепатомегалия пайда болған. Ауыздың шырышты қабатынан алған жағындыда цитоплазмада және ядроларда ірі көпядролы жасушалар жасушаішілік құрылымдармен анықталған. Төменде көрсетілгендердің қайсысы аурудың пайда болу себебіне жатады?
1) грамм оң бактериялар
2) грамм оң таяқшалар
3) + фильтрленген вирус
4) приондар
5) спирохетталар
12. Балалар жұқпалы ауруханасының қабылдау бөліміне қызба, экзантема, конъюктивит көріністерімен 9 айлық бала келіп түсті. Ауру анамнезі және эпидемиологиялық анамнезі белгісіз. Төменде көрсетілген науқасты жүргізу татикасының қайсысы тиімді?:
1) + Науқастың диагнозы мен емін анықтау үшін арнайы бокстық бөлімшеге жатқызу
2) Баланы емдеу үшін жалпы бөлімшеге жіберу
3) Жалпы бөлмеде науқасты перде арқылы бөліп жатқызу
4) Диагнозды анықтау үшін қабылдау бөлімінде қалдыру
5) Баланы үйге жіберу
13. Балалар жұқпалы ауруханасының қабылдау бөліміне жедел респираторлы инфекция диагнозымен 7 айлық бала жедел жәрдем бригадасымен жеткізілді. Мұқият жиналған анамнез және қарап тексеру бойынша қабылдау бөлімінің дәрігері: қызамық. типтік түрі,катаральды кезеңі,ауыр формасы деп диагноз қойды. Төменде көрсетілгендердің іс - әрекеттердің қайсысы науқаста жүргізу маңызды?
1) ауруханаға жатқызуға мұқтаж емес
2) емхана жағдайында емдеу керек
3) + арнайы бокстық бөлімшеге жатқызу
4) қабылдау бөлімінде қайталап қарау ұсынылады
5) үй жағдайында кеңес беру
14. 2 жастағы балада дене қызуының 390 С - қа дейін көтерілу, ауру сезіміне байланысты тамақтан бас тарту және ауызынан су ағу байқалады. Ауыз қуысын қарап тексеру кезінде тез жарылып, афттар түзетін, топталған серозды құрамды көпіршіктер бар. Жақасты лимфа түйіндері үлкейген. Төменде көрсетілген қайсысы болжама диагнозға басым сәйкес келеді?
1) желшешек
2) + герпестік стоматит
3) герпестік баспа
4) шырышты қабаттың күйігі
5) кандидозды стоматит
15. 2 жастағы балада дене қызуының 390 С - қа дейін көтерілу, ауру сезіміне байланысты тамақтан бас тарту және ауызынан су ағу байқалады. Ауыз қуысын қарап тексеру кезінде тез жарылып, афттар түзетін, топталған серозды құрамды көпіршіктер бар. Жақасты лимфа түйіндері үлкейген. Төменде көрсетілген қандай зерттеу әдісі аурудың себебін анықтауда дәлелді?
1) Тікелей емес гемаглютинация рекациясы
2) РИФ
3) + ИФА
4) Антиген байланыстырушы лимфоциттер
5) Комплемент байланыстырушы реакция
16. Қыз бала 12 жаста. Ауруының екінші күнінде қолдағы ауру сезімі, недомогание, дене қызуының 37,80С -қа көтерілуімен мазалап ауруханаға түседі. Қарап тексергенде: иық және білезік аймағында бірлі жарым серозды - геморрагиялық құрамды көпіршіктер анықталады. Көпіршіктер аймағында солқылдаған ауру сезімі және лимфангоит. Шеткі лимфа түйіндерінің үлкеюі байқалады. Қыз анасына көшедегі сатушылардан алынған етті турауға көмектескен. Төменде көрсетілген қайсысы болжама диагнозға басым сәйкес келеді?
1) желшешектің геморрагиялық түрі
2) + пастереллез
3) листериоз
4) иерсиниоз
5) туляремия
17. Қыз бала 12 жаста. Ауруының екінші күнінде қолдағы ауру сезімі, недомогание, дене қызуының 37,80С -қа көтерілуімен мазалап ауруханаға түседі. Қарап тексергенде: иық және білезік аймағында бірлі жарым серозды - геморрагиялық құрамды көпіршіктер анықталады. Көпіршіктер аймағында солқылдаған ауру сезімі және лимфангоит. Шеткі лимфа түйіндерінің үлкеюі байқалады. Қыз анасына көшедегі сатушылардан алынған етті турауға көмектескен. Төменде көрсетілген қандай зерттеу әдісі аурудың себебін анықтауда дәлелді?
1) + Pasterella multidans-ты анықтау үшін бактереологиялық зерттеу
2) Тікелей емес гемаглютинация рекациясы
3) ИФА
4) Антиген байланыстырушы лимфоциттер
5) Комплемент байланыстырушы реакция
18. Бала 5 жаста. Ауру жалпы улану белгілері және дене қызуының 390 С - қа көтеріліп жедел басталған. Ауруының 4-ші күнінде көз слерасының қан тамырларының инъекциясы, мойын және бет аймағының қызарып ісінуі шағымдары қосылған. Теріне қарап тексергенде аяқ - қолдарының терісінде " қолғап", " шұлық" тәріздес дақты - папулезді бөртпе, микрополиадения, ауыз қуысында бадамшалардың айқын қызаруы және " құлпынай " тәріздес тіл анықталады. Гепатоспленомегалия. Төменде көрсетілген қайсысы болжама диагнозға басым сәйкес келеді?
1) листериоз
2) + псевдотуберкулез
3) бруцеллез
4) туляремия
5) жәншау
19. Бала 5 жаста. Ауру жалпы улану белгілері және дене қызуының 390 С - қа көтеріліп жедел басталған. Ауруының 4-ші күнінде көз склерасының қан тамырларының инъекциясы, мойын және бет аймағының қызарып ісінуі шағымдары қосылған. Теріне қарап тексергенде аяқ - қолдарының терісінде " қолғап", " шұлық" тәріздес дақты - папулезді бөртпе, микрополиадения, ауыз қуысында бадамшалардың айқын қызаруы және " құлпынай " тәріздес тіл анықталады. Гепатоспленомегалия. Төменде көрсетілген қандай зерттеу әдісі диагнозды нақтылап қою үшін қажет?
1) иммунофлюоресценция
2) серологиялық
3) + ауыз қуысының жағындысын, зәрді, нәжісті, қанды бактереологиялық зерттеу
4) вирусологиялық
5) биологиялық
20. Бала 14 жаста. Дене қызуының 38,90С -қа дейін көтеріліп, жедел түрде ауырған. Көп мөлшерде ауыздан сілекей ағу, ауыз қуысындағы күйдірген және бұлшық еттегі ауру сезімі, бас ауру пайда болған. Ауыз қуысында мөлдір сұйықтықтықты көпіршіктер анықталады, олардың жартысы жарылып эрозия тузген. Осыған байланысты тамақ іше алмаған. Бала ірі қара малдың бұзауына қараған. Олардың арасында сілекей ағумен жүретін ауру болған. Төменде көрсетілген қайсысы болжама диагнозға басым сәйкес келеді?
1) герпестік стоматит
2) + аусыл
3) желшешек
4) кандидозды стоматит
5) герпестік баспа
Достарыңызбен бөлісу: |