В технологической части дипломного проекта рассмотрены вопросы проектирования систем приема, очистки и подачи воды населенному пункту в Южной Казахстанской области
Жұмысшылардың жұмыс уақытындағы шаруашылық-ауыз су мұқтаждықтары мен су себерге кететін судың шығынын анықтау. Елді мекнде екі өнеркәсіп орны орналасқан, текстилді өнеркәсіп және ет комбинаты. Өнеркәсіптердің қажеттіліктеріне кететін су шығындары технологиялық процестердің қабылданған көлеміне байланысты жұмсалады. Әр-түрлі өнеркәсіптік тұтынушылар су сапасына әр-түрлі сапа қояды. Өнеркәсіп орындарының технологиялық қажеттіліктеріне кететін су шығындары өндірістің тәуліктік шығаратын өнімінің мөлшеріне байланысты болады. Әр өнімге кететін шығынды қажетті нұсқаулардан қабылдаймыз. Жұмысшыларға кететін шаруашылық-ауыз су шығындары, олардың өндірісте болу уақытына қарай анықтаймыз: әр жұмысшыға ауысымда ыстық цехта 45л, суық цехта 25л. Жұмысшылардың денесінің санитарлы талапқа сай таза болу үшін су себерге кететін шығын бір сусебер торына 500л/тәу анықтап, әр ауыссымнан кейін 45 мин сәйкес қабылдаймыз. Ауысымдағы жұмысшылардың шаруашылық-ауыз су мұқтаждықтарына кетеін су шығындары келесі формуламен анықталады. Qсуық =qсуық*nсуық/1000; м3/см (2.6) Qыст=qыст*nыст/1000; м3/см мұндағы qсуық=25 л/см, qыст=45л/см ауысымдағы суық және ыстық цехта жұмыс імтейтін жұмысшының су тұтыну мөлшері Nсуық, nыст – жұмысшылар саны; Су себерге кететін су шығындары ауысым аяқталғаннан кейін 45 мин есептеледі: Qсу себер =0,375*Nд/а=0,375*181/7=9,6 (2.7) мұндағы Nсб – су себер қолданатын жұмысшылар саны; а – 1 сусебер торына кететін адам саны. Кесте 2.2 - Өнеркәсіп орындарының шаруашылық-ауыз су және су себер шығындары
Суаруға қажетті су шығындары Көшелерді, алаңдарды, газондарды, гүл алқаптарын және басқа да жасыл алқаптарды суару үшін шығынды келесі формуламен анықтайды: Qпол.= Fпол*q.пол*10, м3/сут (2.8) мұндағы Fсуару – суару ауданы, құрылыс алаңынан 5 % алынады, га; qсуару – машинамен суару мөлшері Есептеудің нәтижелері 3 кестеге толтырылады. Кесте 2.3 - Суаруға кететін шығындарды анықтау
Өрт сөндіруге қажетті су шығындары Су өртке қарсы негізгі құралдардың бірі болып саналады. Қалада өрт сөндіруге қажетті суды беру, қарапайым шаруашылық-ауыз су жүйесінен жүргізіледі. Қалада өрт сөндіруге қажетті судың есептік шығындары елді-мекеннің өлшемі, адамдардың есептік саны, құрылыстың өртке қарсылығы, құрылыс сипаттамалары мен тығыздығы және де біруақытта болатын өрттің санына байланысты болады (ҚЕмН 2.04.02-84).
мұндағы Qіш – ішкі өрт сөндіруге су шығыны; Qсыр – сыртқы өрт сөндіруге қажет су шығыны.
мұндағы n – біруақыттағы өрт саны. Qөрт – бір өртті сөндіруге кететін су шығыны
Сумен жабдықтау жүйесін таңдау кезінде, оның тұрғындарға қажетті су шығындарымен қамтамысыз етуін, сенімді де үнемді болуын, қажетті сапада және қажетті арында берілуін қамтамасыз ету қажет. Жүйе ғимараттары мен қабылданған элементтер құрамы, оның жұмысының режимін анықтайды. Сумен жабдықтау жүйесін таңдаған уақытта су тұтыну көлемін, су көзінің типі мен ондағы судың сапасы, жергілікті жерлің рельефі, тұтынушылардың сумен қамтамасыз ету сенімділігін, құрылыстың кезектілігін және т.б. көптеген факторларды ескеру қажет. Дипломдық жобаның берілген тапсырмасына сәйкес сумен жабдықтау схемасының келесі түрі қабылданды: 1. Су қабылдау ғимараттары; 2. 1-ші сатылы сорғыш бекеті; 3. Су тазарту бекеті; 4. Таза су резервуары; 5. 2-ші сатылы сорғы бекеті; 6. Бас су құбыры, су мұнарасы. 7. Айналмалы су торабы;
Су қабылдау ғимараттары, 1-ші сатылы сорғыш бекеті және тазарту ғимараттарының жұмыс режимі тәулік бойы бірқалыпты қылып қабылдаймыз. Техникалық және технологиялық ой-жүгірту арқылы 2-ші сатылы сорғы бекетінің үш сатылы режимін қабылдаймыз.Айтылған су тұтыну режимі мен 2-ші сатылы сорғы бекетінің таңдалған жұмыс режимінде арынды су мұнарасының минималды көлемі қамтамасыз етіледі. Ғимараттарды ары қарай есептеу үшін тораптағы барлық шығын түрлерін білу жетпейді. Сондықтан қаланың сағаттық су тұтынуын анықтау қажет.Тәуліктің сағаты бойынша қаланың су тұтынуы біркелкісіз және тұтынушылардың әр-түрлі категориясына қажетті шығынымен анықталады. Қала тұрғындарының су тұтыну режимі Қала тұрғындарының шаруашылық-ауыз су тұтыну режимдері, су тұтынудың максималды сағаттық біркелкісіздік коэффициентімен сипатталады. max сағ max max (2.11) мұндағы max – ғимараттың абаттандыру дәрежесі, өнеркәсіп жұмыстарының режимін ескеретін коэффициент; max – елді мекендегі тұрғындардың санын ескеретін, ҚЕмН 2.04.02-84 кесте 2. max ч=1,35*1,2=1,6 табылған maxсағ мәніне су тұтынудың тәулік сағаты бойынша графигі тұрғызылады.
Көшелерді суару режимін 6 тең суару санына сәйкес суарудың барлық ұзақтығына тең етіп қабылдаймыз (таңертең және кешке 3-4 сағаттан). Максималды сағаттық су тұтыну кезінде көшелерді суару рұқсат етілмейді. Өнеркәсіп орындары жұмысшыларының су тұтыну режимдері. Өнеркәсіп орындары жұмысшыларының шаруашылық – ауыз су тұтыну режимдері әр ауысым сайын цехтардғы «салқын» және «ыстық» графигіне сәйкес ауысым ұзақтығына байланысты беріледі (ауысым ұзақтығы 8 сағат). Су себер қолданатын жұмысшылардың су шығындары, әр ауысымның соңғы сағаттарында жүргізіледі.
Өнеркәсіп орындарының технологиялық қажеттіліктеріне су тұтыну режимі тәулік бойы К=1 тең. Қаладағы су тұтынудың жалпы режимі тұтынушылардың барлық категориясы су шығындарын біріктіріп анықталады. Кестнің берілгендері бойынша қаланың су тұтыну графигін тұрғызып, максималды сағаттық су тұтыну графигін анықтаймыз. Бірінші сатылы сорғы бекеттерінің тәуліктегі біркелкілі жұмысын қабылдап (сағаттағы тәулік шығынының 4,17% берілуін), және екінші сатылы сорғы бекеттерінің үш сатылы жұмысын (тәуліктік шығынының берілуі) және кестенің берілгендері негізінде (тәуліктегі сағат бойынша қаланың су тұтынуы) су тұтынудың сатылы графигін және бірінші мен екінші сатылы сорғы бекеттерінің сорғылармен беруін тұрғызамыз.
2.4 Реттегіш сыйымдылықтарды анықтау 2.4.1 ТСР қажетті көлемін анықтау Резервуарларды конструктивті жабдықтау әр-түрлі болып келеді. Сумен жабдықтаудың ескі жүйелерінде немесе қазірігі кезге дейін кірпіштен жасалған резервуарлар, сонымен қатар тастан жасалған резервуарлар қолднады. Қазіргі уақыттың талабына сай әр-түрлі формадағы, конструкциялы және дайындау әдістеріне байланысты темірбетон резервуарлар қолданады. ТСР-дің толық сыйымдылығын реттеуші сыйымдылықтың қосындысы ретінде анықтаймыз. Бұл сыйымдылық тазарту ғимарттарының өзіндік мұқтаждықтарына кететін суды, су тұтынудың 3 сағаттық максималды тұтынуы кезінде 1-ші сатылы сорғыш бекеттің осы суды беру кезеңін есептегенде өртке қарсы судың қажетті қорын сақтап қалатын болуы қажет. Fа1=7*(4,17-3,53)=4,48 Fа2=4*(4,17-3,54)=2,52 Fб1=13*(4,8-4,17)=8,19 жүктеу/скачать 2.03 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |