В07180, 6В07181 және 6В07182 мамандықтарының студенттері үшін дәрістер жинағы. ДӘрістер жинағы шымкент 2021



бет28/51
Дата23.12.2023
өлшемі3.52 Mb.
#487764
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51
Әдебиеттер.

  1. Воробьев Л. Н. Технология машиностроение и ремонт машин.
    учеб. для вузов. - м.: Высш. школа, 1981 - 344 с.

  2. Ковшов А. Н. Технология машиностроение. М.: высш. школа, 1982 - 367с

17-Дәріс тақырыбы. Іргетастар мен тұғырлық құралдар. Іргетастардың тағайындалуы мен құрылымы. Іргетастарды монтаждауға қабылдау. Іргетасқа берілетін талаптар және өлшем шектері. Машиналар мен жабдықтарды іргетасқа орнықтыру тәсілдері.


Іргетастар мен тұғырлық құрылымдар.

  1. Іргетастардың тағайындалуы мен құрылымы.

  2. Іргетастарды мондаждауға қабылдау.

  3. Іргетастарға берілетін талаптар мен өлшем шектері.

  4. Машиналар мен жабдықтарды іргетаста орнықтыру тәсілдері.

1.Тұғырлық құрылымдар технологиялық жабдақтардың жобалық жағдайын бекіту үшін тағайындалады да, іргетастар, пастаменттер және металл конструкицялар және экстакадалар деп түрленеді.


2. Іргетастарды монтаждауға қабылдау. Іргетастарға берілетін талаптар мен өлшем шектері.
Іргетастар мен тұғырлық элементтерді монтаждауға қабылдау барысында дайын іргетастың пішіні, өлшемдері мен биіктіктері жобаға сай келуін тексеріп алу қажет. Нақты биіктіктік өлшемдерін геодезиялық түсіру барысында алады. Сонан соң іргетастың болттардың орналасу дұрыстығын (немесе іргетастың болттар салынатын шұңқырларда), олардың өлшемдерін және ондағы екі гайканың болуын тексереді.
Іргетастық болттар бурандаларында механикалық жарақаттар болмауы тиіс, және де коррозиядан қорғайтын жағармай жағылады. Іргетастың болттар үшін рұқсат етілуші ауытқулар: болт төбей бойынша - +20мм; жоспардағы болттық шұқыр өлшемі бойынша - +20мм; жоспардағы анкерлік болттар өсі бойынша - ±5мм; жоспардағы қаланатын анкерлік құрылғылар өстері бойынша - ±10мм.
Жоспарда үлкен ауданды алып жатқан төртбұрышта пішінді іргетастардың, мысал үшін, құбырлы пешке арналған іргетастар, дұрыс тікбұрыштылығын оның диогоналдық өлшемін алумен тексеру қажет, және де жоспардағы негізгі өлшемдерінің ауытқуы ±30мм болуы тиіс. Іргетастың биіктігі жобалық биіктіктен үлкен болмауы тиіс, кері жағдайда артық биіктік шабылып тасталады. Биіктіктің жобалық биіктіктен кіші болмауының мүмкін мәні 30мм. Бұл кезде орнатылушы аппаратты болат төсемдердің немесе сыналардың көмегімсн отырғызады. Көрсетілген шамадан кіші болғанда іргетас бетондалады.
Іргетастың биіктіктік белгілері мен бас өстері онда бірге құйылған өлшемі 80х80мм болатын болат планкалар мен реперлерде күнмен белгіленеді. Реперде іргетастың салыстырмалы биіктіктік белгісін түсіру дәлдіғі ±5мм орындалуы қажет.
Өстік планкалар мен реперлер іргетаста орнатылған жабдықтың астында көрінбей қалмауы қажет.
Қабылданған іргетасқа орындалу схемасын түзеді, және де мұнда іргетастық жобалық және нақты өлшемдері мен биіктіктері, сондай-ақ құрылыстың өстері келтіріледі. Монтаждауға іргетастың қабылғандағы жөнінде акт рәсімделеді. Басқада бұғырлық құрылымдар үшінде осындай жұмыстар орындалады (темірбетондық мұнаралар, болатконструкциялар және т.б. тұғырлы мәліметтер).Дайын тұғырлық құрылымдардың сапасы және олардың материалдарының жобаға сай келуі жеке актіменен рәсімделеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет