Әдебиеттер
Монтаж систем внешнего водоснабжения и консепции Под ред. А.К. Перешивкина Изд. З-е перераб и доп.М, Стройздат ,1478 576 с.
16-Дәріс тақырыбы. Технологиялық машиналар мен жабдықтарды құрастыру.
Құрастыруды ұйымдастыру формалары мен әдістері..
Технологиялық жабдықтарды пайдалану мен монтаждауда негізгі озық әдістерді меңгеруде басты терминдер мен түсініктерге өнеркәсіптік жабдықтарды монтаждауды ұйымдастыру және МЖ ұйымдасырудың негізгі әдістерін келтіруге болады.
МЖ ұйымдастырудың негізгі мақсаты ол – «Мотаждау жұмыстарының орындалу мерзімін қысқарту» болып табылады. Сонымен қатар орындалған жұмыстың сапасын жоғарылату мен қол еңбегі үлесін азайту басты қойылатын талап.
Өнеркәсіптік жабдықтардың номенклатурасының ұлғайуы және олардың конструкцияларының қиындауы «жинақтау сапасына» деген талапты күшейтуде.
«Мотаждау жұмыстарының орындалу мерзімін қысқарту» - ға талаптың күшейуі монтаждауды жүргізудің техникалық және ұйымдастыру әдістерін жаңартуды талап етеді.
Бұл кезде әрине МЖ-ның жүргізілуінің шарттарын,сонымен қатар сұраныс берушінің және мотаждау өнеркәсібінің экономикалық және техникаық мүмкіндіктерін ескеру қажет.Монтаждау жұмыстарын ұйымдастырудың заманауи тәсілі жабдықтарды монтаждау мүмкіндігінше зауыдтық дайындамада болуын көздейді.Бұл кезде монтаждауға толық күйде жинақталған машина немесе аппарат келіп түседі.Зауыдтық жағдайда жинақтау жинақтау мерзімін қысқартуды, жинақтау сапасын көтеруді және еңбек шығындары мен жинау жабдықтарын азайтуға мүмкіндік береді.
Дегенмен бұл кезде де бірқатар қиындықтар туындайды,олар:
- ірігабаритті түйіндерді тасымалдауды ұйымдастыру;
- жобаланған орынға жабдықты орнатуда көтеру-түсіру жұмыстарын жүргізу;
Осы себептен де ірімасштабтағы жабдықтар монтаждауға бөлек блок түрінде түседі. Қондырғыны блоктарға бөлу келесідей жайттарды ескере отырып жүргізіледі:
-тасымалдау ыңғайлылығына қарай;
-монтаждау алаңындағы жағдайды есепке ала отырып блок қосылыстарын мүмкіндігінше қысқарту;
Сонымен монтаждау әдісі монтажасты құрылыс-конструкциясының дайындық дәрежесіне тәуелді болады.Қазіргі таңда МЖ орындауда келесідей негізгі тәсілдер қолданылады:
1.Ағынды-біріккен
2.Түйінді
3.Кешенді-блокты
4.Агрегатталған-блокты
5.Вахталы
1.Ағынды-біріккен әдісте барлық жұмыс түрлері,яғни құрылыс,монтаждау және босату-реттеу бір уақытта жүргізіледі.Ұйымдастырылуы бойынша бұл әдіс ең қиыны болып табылады.Уақыт бойынша жүргізілетін барлық жұмыстарға қатаң координация қажет.Осы әдіс үшін құрылыс және монтаждық жұмыстардың біріккен сипаттамасы қажет.Жүргізілетін жұмыстың координациясы МЖ жүргізудің жалпы кестесі негізінде жүргізіледі,ал қажет болған жағдайда құрылыс-монтаждау жұмыстарының сеттік жоспарларын қолданады.
2.Түйінді әдісте монтаж жүргізу кезінде объектіні бір бірімен байланысатын түйінге бөледі.Түйіндердің дайындық дәрежесі жалпы объекті жағдайына тәуелді болмайақ бұл түйіндерді қосқаннан кейін босату-реттеу сынақтарын жүргізу мүмкін.Монтаждың календарлық мерзімі жабдықтардың бөлек түрлері үшін жоспарланады.
3.Кешенді-блокты әдіс монтаждауға жабдықты зауыдтық дайын күйінде жинауға негізделген.Бұл әдіс кезінде жабдықты жинақтау бойынша негізгі жұмыс бөлігі монтаждау алаңынан дайындаушы зауытқа ауыстырылады.Егер монтаждау өнеркәсібінде қуатты өндірістік база болса,онда машиналар мен аппараттардың түйіндері мен блоктарын жинақтауды өндірістік базада жүргізуге болады.
4.Агрегатталған-блокты әдіс деп нақты операция түрін орындау үшін жасалған конструкциялық біткен кешенді-технологиялық жабдықтар түрін айтамыз.
Белгіленуі бойынша блоктар :
-технологиялық;
-құрылысты;
-коммуникациялық болып келеді.Блоктар құрылыс конструкциясынан максимальды автономды принциптерін сақтай отырып дайындалуы қажет.Ал блок құрамына тіректі конструкция,строповка үшін қондырғы және айналу күйі сияқты барлық жабдықтар кіреді.
5.Вахталы әдісі МЖ үлкен алаңдарға шашылған және монтаждау ұйымының объектісінен алыстатылған жағдайларда жүргізіледі.Бұл монтаждау әдісі кезінде жинақтау бойынша негізгі жұмыс көлемі өндірістік базада жүргізілуін көздейді.Жоба негізінде объекті монтаждау алаңына қондырылады және тасымалдау-монтаждау блоктары бірктіріледі.Вахтаның,еңбек режимінің және демалыстың ұзақтылығы жұмыс мерзіміндегі жұмыс уақытының жалпы санына негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: |