Вариан т Сұрақтар мен есеп 1,2,3 дұрыс жауаптары бар тестер


Бактериялық рекомбинацияларға мына құбылыстар жатады: трансформация, трансдукция, коньюгация



Pdf көрінісі
бет42/106
Дата15.02.2024
өлшемі4.94 Mb.
#491794
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   106
Микро рк 03.12.20

Бактериялық рекомбинацияларға мына құбылыстар жатады: трансформация, трансдукция, коньюгация
Трансформация-донордың(беруші) ДНҚ фрагменті арқылы рецепиентке (қабылдаушы) генетикалық информация жеткізілу нәтижесінде бактерия қасиеттерінің өзгеруі. Бұл 
құбылысты алғашқы рет 1922 жылы ағылшын зерттеушісі Ф.Гриффитс тышқандарда тәжірибе жасау кезінде байқаған. Ол тышқандарға вирулентсіз (капсуласы жоқ) 
пневмококктар мен вирулентті (капсуласы бар) пневмококктарды араластырып енгізеді (жұқтырады). Өлген тышқандардан капсулалы пневмококк бөлініп алынған. 
Капсулалы пневмококк өлтірілмегенмен оның ДНҚ-ы сақталған, ол капсуласыз түріне еніп, капсулалы пневмококк пайда болған деген тұжырымға келген, бұл құбылысты 
трансформация деп атаған. Осы жағдайда 1944 жылы Америкалық зерттеушілер О.Эвери, Ж.Мак-Леод және К.Мак-Карти пробиркада тәжірибе жасап дәлелдеген. 
Трансформациялық құбылыс кез келген жағдайда бола бермейді, ол үшін өзінің клетка қабатынан бөтен ДНҚ-ын өткізе алатын бактериялар болуы керек. Ондай қабылдаушы 
клеткаларды компонентті жасушалар деп атайды. 
Трансформация бірнеше кезеңнен тұрады: 
1.Рецепиент-бактерияға донордың екі жіпшелі ДНҚ бөлшегінің адсорбциялануы және қабылдануы; 
2.Эклипс-жасырын кезеңі-бұл кезде ДНҚ-ң биологиялық әсері болмайды. 
3.Интеграциялау(қосылу)-донордың хромосомалы (ДНҚ бөлшегі) рецепиенттің хромосомасына қосылады. 
4.Гендердің экспрессиялануы (айқындалуы) - трансформацияланған жасуша клонының көбеюі. Жаңадан пайда болған бактерия ұрпағында өзгерген ген болады. 
Трансформация кезінде гендік бөлшектің біреуі екіншісімен алмасады. Трансформация арқылы жаңа морфологиялық, дақылдық, патогендік т.б. қасиеттер беріледі. 
Трансдукция- донордан рецепиентке генетикалық информацияны әлсіз фаг арқылы жеткізу. Әлсіз фаг бактерияға енгеннен кейін ұзақ мерзім сонда қалып қояды. Кейбір 
факторлардың әсерінен ол күшейіп бактериядан шыққан кезінде сол бактерияның ДНҚ-ң бір фрагментін өзінің ДНҚ-на қосып ала кетуі мүмкін. Енді осындай әлсіз фаг екінші 
бактерияға енген кезде оған жаңа қасиет мүмкін. 
Генерализацияланған трансдукция кезінде - фаг бактериялық ДНҚ-ң фрагментін алып, фаг басындағы өзінің геномына жалғастырады. Мұндай фагтарды дефектілі фаг деп 
атайды, себебі гені бактериялық ДНҚ-ң бөлшегімен алмастырылған. Генетикалық затты қосып алу бактерия хромосомасының бөліну кезінде болады. Спецификалық 
(шектелген) трансдукция кезінде фагқа жақын орналасқан бактерия-донордың хромосомасындағы ген беріледі. Бұл құбылыс өзінің геномында бактерия хромосомасының 
фрагменті бар фагтардың көмегімен атқарылады. Бұл процесс кезінде бактериялық жасушада лизогенизациялану болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет