Вариан т Сұрақтар мен есеп 1,2,3 дұрыс жауаптары бар тестер



Pdf көрінісі
бет105/106
Дата15.02.2024
өлшемі4.94 Mb.
#491794
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   106
Микро рк 03.12.20

34. Антибиотик
Антибиотик- аз концентрацияда микроорганизмдер мен ісіктерге жоюшы немесе таңдамалы зақымдаушы әсер етуші химиотерапевтік 
препараттар.  
Антибиотиктерге резистенттілік: 
1. 
Табиғи төзімділік - микроорганизмнің антибиотиктерге сезімталдығынң жоқтығы генетикалық қамтамасыз етілген (мысалы: 
вирустардың антибиотиктерге, грам теріс бактериялардың бензилпенициллингп тұрақтылығы) 
2. 
Жүре пайда болған резистенттілік бактериялық жасушада болатын мутация нәтижесінде геномдағы өзгерістерге негізделген. 
Біріншілік төзімділік микроб дақылының кейбір варианттарында антибиотикпен емдеуге дейін байқалады(алтын стафилококктың 
бензилпенициллинге тұрақтылығы). Екіншілік тұрақтылық микроб антибиотикпен жанасқаннан кейін пайда болып, ары қарай дамып 
күшейеді.
Резистенттіліктің биохимиялық механизмдері: 
• Антибиотиктердің инактивациясы. Негізінде бұл ферменттердің синтезделуі нәтижесінде болады. Мысалы: микроорганизмдер β-
лактамаза деген β-лактамды сақинаны бұзатын және антибиотикті жоятын ферменттерді бөледі. 
• Антибиотик әсер ететін нысанының модификациялануы. Мысалы: эритромицинге сезімтал- рибосомалардың суббөлшекті мутанттары 
• Антибиотиктерді микроб жасушасынан активті түрде шығару (эффлюкс)- антибиотик өзінің нысанына жетпес бұрын
микроорганизмдер арнайы транспортты жүйелері арқылы препаратты шығарып тастайды. Мысалы: Ps.aeruginosa карбапенемді 
шығарады. 
• Микроб жасушасының сыртқы құрылысының өткізгіштігінің бұзылуы. Мутациялар әсерінен болады. 
• Метаболитикалық “шунт” түзілуі- ақуыз биосинтезі үшін бактериялардың «айналып өту» жолының пайда болуы.
Бактериялардың антибиотиктерге деген сезімталдығын анықтау әдістері: 
1)Диффузиондық әдіс: антибиотиктермен дискілердің қолданылуы; Е-тест арқылы. 
Диффузионды-диск әдісінде Петри табақшасының үстіндегі агарға белгілі бір тығыздығы бар бактериялық суспензияны жағып
антибиотиктің белгілі бір мөлшері бар дискілерді бақылап жүргізеді.
2)Сұйылту әдісі: агарда сұйылту; сұйық қоректік ортада (бульон/сорпа) сұйылту. Сұйылту әдісі максималды концентрациядан 
минималды екі реттік сұйылтуды қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет