Вариан т Сұрақтар мен есеп 1,2,3 дұрыс жауаптары бар тестер


Генетикалық рекомбинацияларды



Pdf көрінісі
бет41/106
Дата15.02.2024
өлшемі4.94 Mb.
#491794
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   106
Микро рк 03.12.20

Генетикалық рекомбинацияларды (трансформация, трансдукция, коньюгация) зерттеу үшін тәжірибелер қою. 
Генетика - тұқым қуалау және өзгергіштік туралы ғылым. 
Мутациялар - ДНҚ-ның құрылысындағы өзгерістердің нәтижесінде болады. Мутация кезінде кейбір қасиеттері жоғалады және ол қасиеттер тұқым қуалайды.Шығу тегі, 
хромосомадағы орналасуы, ДНҚ құрамындағы алғашқы өзгерістердің сипаттамасы, мутацияланған бактериялық жасушадағы фенотиптік өзгерістердің салдары және басқа 
белгілері бойынша мутацияларды бірнеше топтарға бөліп жіктейді(классификациялайды). 
Шығу тегі бойынша- спонтанды және идуцияланған мутациялар. Спонтанды мутациялар табиғи жағдайда өзінен-өзі болады, себебін анықтау өте қиын. Индуцияланған 
мутациялар тиісті физикалық немесе химиялық факторлардың(мутагендердің) әсерінен тәжірибе жағдайында пайда болады(мысалы,ультра-күлгін сәуленің әсерінен). 
Тиісті аминқышқылдарын, азоттық негіздерді, өсу факторларын қажет ететін микроб штамдарын, яғни мутанттарды аукстрофтылар деп атайды. Мутацияланған гендердің 
саны және ДНҚ-ң біріншілік құрылымындағы өзгерістердің сипаттамасына қарай гендік және хромосомалық мутациялар болады. Біріншісінде өзгеріс тек қана бір 
генде(сондықтан оны нүктелік мутация деп атайды), ал екіншісінде-бірнеше гендерде болады. Нүктелік мутация кезінде ген түсіп қалады, немесе бір ген қосылады, немесе 
негіздер қосағы алмасады. 


Бактериялар диссоциациясы-өзгергіштіктің өзінше бір түрі. Ол бактериялардың таза дақылын тығыз ортаға сепкенде 2 түрлі колониялар түзеу арқылы байқалады. 
Диссоциациялық процесс кезінде тек қана колониялар пішіні өзгеріп қоймай, олардың биохимиялық, антигендік және патогендік белгілері өзгеруі мүмкін. 
Микроб жасушаның(клетка) зақымданған генетикалық заттарын қалпына келтіру қабілеттілігі бар(репарация). Репарация арнайы гендердің бақылауында болатын 
ферменттердің көмегімен атқарылады. 
Қорыта келгенде, фенотиптік(модификациялық, тұқым қуаламайтын) өзгергіштік қоршаған орта факторларының әсерінен болып, бактерия генотипінде өзгеріс туғызбайды. 
Генотиптік(тұқым қуалайтын) өзгергіштік мутациялық(мутагендік фактор әсер етіп ДНҚ-да өзгеріс болу) және рекомбинациялық(геномда әртүрлі рекомбинациялық процесс 
болу) болып екі топқа бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет