Вариан т Сұрақтар мен есеп 1,2,3 дұрыс жауаптары бар тестер



Pdf көрінісі
бет43/106
Дата15.02.2024
өлшемі4.94 Mb.
#491794
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   106
Микро рк 03.12.20

Коньюгация - донор-жасушадан рецепиентке бактериялардың бір-бірімен тікелей жанасқанда генетикалық информация берілуі. Бактериялардың коньюгациялық 
қабілеттілігі оларда жыныстық фактор-F, хромосомадан тыс автономиялық детерминанттың болуымен байланысты. Бұл фактор өзінше репликациялану қабілеттілігі бар ДНҚ 
молекуласына жатады. Осындай жыныстық факторы бар жасушалардың ондай факторы жоқтарға қарағанда қосымша сыртқы қабаттық құрылымдар- кірпікшелер (половые 


пили) синтездеу қабілеттілігі бар. Олар донордан рецепиентке генетикалық информация өткізетін цитоплазмалық көпірше қызметін атқарады. Коньюгация кезінде бактерия 
хромасомасының фрагментін өткізе алатын микроб штамдарын H|r- бактериялар деп атайды, яғни рекомбинациялық қабілеттілігі күшті жасушалар. Олардың жыныстық 
факторы хромасомада орналасады. Генетикалық информация коньюгация кезінде бір бағытта, яғни аталық жасушадан (Ғ+) аналық жасушаға (Ғ-) беріледі. Осының 
нәтижесінде ДНҚ фрагменті бірінен екіншісіне өтеді. 

Вирустарда модификациялық (фенотиптік) өзгергіштік вирионның суперкапсидімен байланысты. Суперкапсидтың құрылысы өзгеруімен байланысты вирустардың 
репродукциялануы бұзылады. 
Вирустарда болатын мутацияның нәтижесінде олардың әртүрлі қасиеттері өзгереді. Спонтанды мутация олардың нуклеин қышқылдарының репликациялануы кезінде пайда 
болады. Индуцияланған мутациялар бактерияларға әсер ететін факторлардың нәтижесіндегідей болады. Ондай факторлардың кейбіреуі (азотты қышқыл, гидроксиламин) 
жасушадан тыс орналасқан вирусқа, ал басқалары (акридин т.б.)- жасуша ішіндегі вирусқа, оның нуклеин қышқылының репликациялану кезінде әсер етеді. Сезімтал 
жасушаға бір мезгілде 2 вирус енген жағдайда генетикалық рекомбинациялар, реактивация және фенотиптік араласу болуы мүмкін. Генетикалық рекомбинация 2 және одан 
да көп ДНҚ-ы вирустардың ген алмасуының нәтижесінде болады. РНҚ- вирустарда мұндай құбылыс сирек кездеседі. 
Генетикалық реактивация - ол рекомбинацияның ерекше түрі. Екі туыстас вирустың әртүрлі гендерінің белсенділігі төмен болып, егер екеуінің арасында буындасу 
(скрещивание) болса, жаңадан толыққұнды вирус бөлшектері пайда болады. 
Вирустардың генотиптік емес өзара әрекетіне комлементация және фенотиптік араласу (смешивание) жатады. Комплементация бір вирустың генімен кодталған белок, екінші 
вирустың репродукциялануына себепкер болған жағдайда ғана болады, яғни, бір вируста жетіспейтін нәрсені екіншісі оған жеткізгенде болатын құбылыс. Фенотиптік 
араласу- аралас вирустармен жұқтырғанда, бір вирустың ұрпағы басқаның фенотиптік белгілерін өзіне қабылдағанда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет