Инфекция көзі вируспен инфицирленген адамдар (аурудың барлық сатыларындағы).
Вирус қанда, шәуетте (спермада), қынаптық және цервикалдық секретте,
емшек
сүтінде болады,олар инфекцияның берілу факторлары болып табылады. Вирустың инфицирлеуші мөлшері он мыңдай вирион болады. Сілекей,несеп,көз сұйықтығында да
вирус болады, бірақ олардың саны ауру жұқтыру үшін өте аз.Жұғу жолдары: жыныстық қатынас арқылы (85%-90%) , вертикальды, яғни анасынан ұрыққа жұғу (25%-30%)
және парентеральды (3%-5%).
Респираторлы, алиментарлы, трансмессивті жолдармен берілмейді.
Аурудың алғашқы кезеңінде вирус организмнің иммундық клеткаларын, әсіресе Т - хелперлерді зақымдайды. Соның нәтижесінде организмнің сыртқы және ішкі жаулары -
бактериялар, вирустар саңырауқұлақтық инфекциялар, паразиттер және қатерлі ісіктерге қарсы тұру қабілеті төмендейді. Адамның иммунитет тапшылығын шақыратын вирус
Т- хелпер
клеткаларына еніп,
клетка санын азайтып, иммундық жүйе қызметін бұзады. Соның нәтижесінде қалыпты жағдайда қауіп туғызбайтын шартты- патогенді
микроорганизмдер өте қауіпті инфекциялардың дамуына алып келеді. Кей жағдайда бұл инфекциялар ауыр асқынулармен қоса өлімге де себепші болады.
Адамның
иммунитет тапшылығын шақыратын вирус иммундық жүйенің Т-хелпер клеткаларымен қоса Т- киллер клеткаларын да зақымдағандықтан, өзінің негізгі қызметі - ісік
клеткаларының өсуін басып отыруының төмендеуіне байланысты АИВ-инфекциясы бар науқастарда бас миы лимфомасы, Капоши саркомасы және т.б.
ісіктердің дамуына
алып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: