Вариан т Сұрақтар мен есеп 1,2,3 дұрыс жауаптары бар тестер



Pdf көрінісі
бет60/106
Дата15.02.2024
өлшемі4.94 Mb.
#491794
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   106
Микро рк 03.12.20

Клиникалық көрінісі.
Жасырын кезеңі 3-6 айға созылады. Инфекциялық процесс вирус қанға енгеннен кейін басталады. Қандағы вирустар гепатоциттерге(бауыр паренхимасының жасушалары) 
енеді, бауыр жасушаларының зақымдануы деңгейіне қарай клиникалық көріністері байқалады. Ауру көрінісінің әртүрлілігі (жедел, созылмалы, персистенцияланған) 
қоздырғыштың антигендермен және олардың гепатоциттермен өзара әрекеттесу сипатымен анықталады. Жедел түрі кезінде Т-хелперлердің белсенділіг басылады,
созылмалы түрінде – тіркесе Т-супрессорлар қосылады. Т-хелперлердің ингибирленуі кезінде вирустың антигенді танып алу қабілеті бұзылады, ол антиденелер түзілуін басып 
тастайды, нәтижесінде В гепатиттің перистенциялық түрінің негізгі себепкері болып табылатын иммунды тапшылық жағдай дамиды,  
Гепатит В көбінесе сарғаю дамуымен жүреді, дегенмен дене сарғаймайтын түрі де болуы ықтимал. 1% жағдайда өліммен аяқталатын төтенше түрі болуы мүмкін. Жедел 
гепатит 5-10% жағдайда срзылмалы түрге айналады, бұл кезде цирроз және өмірбақилық вирутасымалдаушылық дамиды.
Сырқат біртіндеп басталады. Әлсіздік, енжарлық, тәбетінің төмендеуі, 2-5 күннен кейін тамақтан соң жүрегі айнып, құсады. Қату немесе іш өту. Сарғаю кезеңі 3-5 аптаға 
дейін және одан да ұзақ болуы мүмкін. 
Инфекция көзі- жедел және созылмалы гепатитпен науқастанғандар және де вирустасымалдаушылар. 
Негізгі берілу жолдары- иньекциялық, гемотрансфузиялық және жыныстық қатынас арқылы берілу. Инфицирленген ананың босану жолдарымен өткенде вирус нарестеге 
вертикальды жолмен беріледі. 
Емдеуі. Симптоматикалық емдеу шараларымен қатар интерферон, интерфероногендер (виферон, амиксин, ДНҚ-полимераза ингибиторлары, аденинробонозоид) 
қолданылады. 


Алдын алу. Жалпы-медициналық шаралармен қоса спецификалық профилактика мақсатында вакцина егу қолданылады. Жаңа туылған нарестеге алғашқы 24 сағатта В 
гепатитке қарсы егіледі, 2 ай және 4 айдан кейін вакцина егуді қайталайды. Ересектер арасында В гепатитін жұқтыру қаупі зор, қатерлі топтарға жататын адамдарға 3 рет 
вакцинаа егу жүргізіледі. Вакцинадан кейінгі иммунитет ұзақтығы 7 жылға дейін сақталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет