Векторы. Операции над векторами


Ең алғаш трансформация құбылысын Ф.Гриффитс (1928) сипаттады



бет3/3
Дата14.09.2023
өлшемі0.91 Mb.
#477637
1   2   3
№7 Микроорганизмдер генетикасы

Ең алғаш трансформация құбылысын Ф.Гриффитс (1928) сипаттады.

Трансдукция (латынша transductio – тасымалдау) – ДНҚ-ның бактерия-донордан бактерия-рецепиентке бактериофагтың қатысуымен тасымалдануы.

Трансдукцияның екі түрі бар: бейарнамалы (жалпы) – мұндай жағдайда донор ДНҚ-ның кез келген бөлшегін тасымалдау мүмкін, арнамалы– донор ДНҚ-ның арнайы бөлшегі тек рецепиент ДНҚ-ның арнайы бөлшегіне тасымалданады.

Конъюгация (лат. conjugatio –байланыс-тыру), Дж. Ледербергпен Э.Тату (1946ж) сипаттаған. Бактериялардың конъюгациясы донор – клеткадан (аталық) генетикалық материал рецепиент –клеткаға (аналық) жанасу арқылы(жынысты жол) тасымалда-нады. Бұл үдеріске Ғ-пили «аталық» және «аналық» клеткаларды байланыстырып, ДНҚ-ның конъюгациялық көпір арқылы өтуін қамтамасыз етеді.

Модификация

Генотипі жағынан бір - біріне жақын микробтардың, фенотипі жағынан бір - бірінен айырмашылығын модификация деп атайды

Модификациялық өзгергіштік кезінде геномға әсер болмайды, бұл фенотиптік сипаттағы, салыстырмалы ұзаққа созылмайтын процесс.


Вирустар генетикасының ерекшелігі

Вирустардың геномының құрылысы өте қарапайым,молекулярлық салмағы кіші, гендер саны 4-6 дан,150 генге дейін және жоғары өзгеріске қабілетті.
Вирустар өзгергіштігінің негізіне мутациялар жатады. Мутациялар кездейсоқ сипатта немесе бағытталған болуы мүмкін.
Вирустар өзгергіштігінің түрлері
Вирустар арасында келесі генетикалық байланыстар болуы мүмкін:
- реактивация;
- рекомбинация,
- кросс-реактивация т.б.;
- комплементация т.б.

Микроорганизмдер генетикасының тәжірибелік маңызы
Микроорганизмдер генетикасын зерттеудің биологиялық маңызынан басқа, бірқатар медициналық мәселелерді шешуге беретін мүмкіндіктерін атауға болады. Мысалы жұқпалы ауруларды емдеудің патогенетикалық негізі мен алдын- алуын;
диагностика әдістерін (ПЦР, ДНҚ-зондтары) өңдеу;
вакциналық, емдік және диагностикалық препараттарды дайындауды т.б.,

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет