Веноздық жүйе



бет7/10
Дата20.10.2022
өлшемі5.79 Mb.
#463047
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
499046.pptx (2)

Аяқ аймағының үлкен теріасты венасы (v. Saphena magna) сыртқы медиалді венасы жалғасы болып табылады. Ол ішкі тобықтың алдыңғы жиегімен сираққа қарай жоғары көтеріледі және асықты жіліктің медиалді жиегі арқылы теріасты клетчаткасына өтеді, содан кейін санның алдыңғы медиалді бетінде жүріп, осы аймақтан веналарды қабылдай отырып, сан венасына түседі. Үлкен теріасты венасына сыртқы жыныс мүшелерінің және іштің алдынғы қабырғасының веналары келеді: сыртқы жыныс веналары (vv.pudendae externae) мықын сүйегін қоршайтын беткейлік вена (v.circumflexae ilium superficalis), аталық жыныс мүшесінің беткейлік дорсалді веналары, алдыңғы ұма веналары, сонымен қатар қосалқы теріасты венасы (v.saphena accessoria). 2) бүйрек веналары (vv.renales), бүйрек қақпасынан медиалді жүріп және тік бұрыш жасап төменгі қуыс венаға І және ІІ бел омыртқалары арасындағы омыртқааралық шеміршек деңгейінде құяды. Бүйрек веналары бүйректен, оның майлы қабығынан және несепағардан қан жинайды; 3) бүйрекеті веналары (vv.suprarenales), бүйрекеті безінен қанды жинап, бүйрекеті бездерінің веналары сол бүйрек венасына, оң жағы көбінесе тқменгі қуыс венаға құйылады; 4) бауыр веналары (vv.hepaticae) бауыр артериясының қылтамыр жүйеі мен бауыр қалыңында қақпалық венадан жинайды. Олар бауыр аумағының артқы жиегінен шығып, бірден төменгі қуыс венасына құяды.

Құрсақ қуысының сыңарсыз мүшелерінен қан алдымен қақпа венасы жүйесіне құяды, ал оны бауырға, кейін бауыр веналары арқылы төменгі қуыс венасына апарады. Бауырдың қақпа венасы (vv. Portae hepatis) ұйқы безі басының артында төменгі шажырқай (v. Mesenterica inferiopr), жоғарғы шажырқай (v. Mesenterica superior)және көкбауыр (v. splenica) веналарының қосылуынан пайда болған. Кейін ол жоғарғы және оң жаққа бағытталып он екі елі ішектің жоғарғы бөлігінің артында бауыр – он екі елі ішек байламы табақшалары арасымен жүріп, бауыр қақпасына жетіп, мүшенің ішіне енгізіліп тұрған оң және сол жақ тармақтарына бөлінеді. Қақпалық венаға от веналары (v. cystica), оң және сол жақ асқазан веналары (vv. gacstricae), қақпа (v. prepylorica), он еі елі ішетік және ұйқы безінің веналары (vv. pancreaticoduodenalis) құйылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет