Төс-бұғана қосылыстарының артында ішкімойындырық венасы бүғанаастылық венамен қосылып, иық бас венасын құрайды.
Иық – бас венасы (vena brachiocephalica) бастан, мойыннан және қол аймақтарынан қан жтнайды. І қабырға соңында қос иық – бас веналары бір-бірімен жоғарғы қуыс венасын құрайды.
Иық – бас веналарына құяды: 1. Төменгі қалқанша вена (a.thyroieda inferior) қалқанша бездің төменгі бөлімімен кеңірдектің жоғарға бөлігінің алдынғы бетіндегі төменгі қалқанша өрімнен қан жинайды; 2. Мойынның терең бұлшыұеттері (v.cervicalis profunda) шүйде мен омыртқаның (v.vertebralis) мойынның терең веналары мен омытрқа бағанасының веналық өрімінен қан алып кетеді; 3. Омытрқалық вена (v. vertebralis) омыртқа жотасы мен мойынның терең веналарынан; 4. Ішкі кеуде веналары (vv.thoracica intarnae) алдынғы құрсақ қабырғаларының жоғарғы бөлімінен, көкектен, қабырғалық кеңістіктерден сүт бездеріне қан жетеді. Сонымен қатар иық – бас веналары, көкірекаралық мүшелерінің ірі веналары келім құяды: көкірекаралық веналар (vv.mediastinales), айырша без веналары (vv.thymicae), өңеш веналары (vv.esophagiales), бронхша веналары (vv.brochiales), кеңірдек веналары (vv.brochiales), жүрекмаңы қалтасы веналары (vv.cordiacae), перикард жіне көкет веналары (vv.pericardia cophrenicae) жіне де ең жоғары қабырғааралық веналар (vv.intercostalis supremae).
Бұғанаасты венасы (v.subclavia) қол аймағының барлық бөліктерінен қан жинайды. Қол аймағы веналары 2-ге юөлінеді: беткі және терең. Тері және теріасты клетчаткадан жинайтын беткей веналар қол аймағының қолдың меншікті бұлшықет шандырларында орналасып, теріасты клетчаткадағы терең орналасқандардан тәуелсіз жүреді. Қол басының алақан және артқы бетіндегі веналық тамырлар тобы бар. Ол саусақтардың сыртқы бетінің веналық торымен кең анастомозданған (vv.digites palmares) алақан саусақ венаарынан құрылған веналық тамырлар торы саусақтардың алақан бетінде орналасқан саусақтардың алақан өрімінің веналары проксималді бунақтар негізінде басаралық веналары құрайды (vv. intercapitularis). Олар қол ұшы сыртқы бетіне саусақаралық қатпар бойымен кетеді.