Вестник евразийского национального университета имени Л. Н. Гумилева



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата13.05.2024
өлшемі417.66 Kb.
#500970
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Педагогика 4-2022-127-133 (1)

Талқылау
Балаларға жүйелі білім беру және сон-
дағы алған білімі негізінде іскерлігі мен дағ-
дысын дамытып, қалыптастыру сияқты оқу 
процесінің негізгі проблемалары сабақ беру 
арқылы іске асады. Сондықтан да сабақ беру 
әдістеріне әрқашан да ерекше назар ауда-
рылып, оны жетілдіру күн тәртібінен түспей 
келеді. Ал, қазіргі жаңартылған білім беру 
бағдарламасының артықшылығы сабақта 
көптеген интербелсенді әдістер қолданыла-
ды. Себебі, техниканың дамыған заманында, 
әсіресе ұялы телефонның белең алған кезеңін-
де, білім алушылардың дәстүрлі сабақ беру 
әдісімен пәнге деген қызығушылығын артты-
ру былай тұрсын, жай ғана сабаққа деген на-
зарын аударту қазіргі таңда мүмкін болмай 
отыр. Сондықтан да дәстүрлі әдістің орнына 
интербелсенді әдістерді қолдану тиімдірек 
болып келеді. Мысалы, сабақта жиі қолданы-
латын бір интербелсенді әдісті алсақ, сабақты 
проблема тастаумен бастасақ, проблемалық 
оқыту мұғалімге оқу материалы мен оқыту 
әдістерін түрлендіріп отыруға мүмкіндік бер-
се, бұл оқыту түрі оқушының ізденіс әрекетін
ғана қамтып қоймайды, сонымен бірге бүкіл 
ара қашықтықты – орындаушылық қызмет-
тен шығармашылық қызметке дейін тұтас 
қамтиды, оның үстіне зерттеу әдісі проблема-
лылық үдерісін жүзеге асыру жолдарының 
бірі ғана. Проблемалық оқытудың негізгі айы-
рмашылығы білім алушының дайын ақпарат-
тарды қолданудан сол мәселелерді керек қы-
латын, ізденуші адамға айналуында. Осыған 
ұқсас интербелсенді әдістерді сабақта қолдан-
саңыз төмендегідей жетістіктерге жетесіз [4]: 
- оқушылардың сабаққа қызығушылығын 
арттырады;
- сабақ қызықты, әрі мағыналы болады;
- оқушылардың оқуға деген ынта-ықыла-
сын арттырады;
- оқушылардың ой-өрісін дамытады;
- оқушылардың сабаққа назарын аударады. 
Бұл да бір жаңартылған білім беру бағдарла-
масының дәстүрлі оқытудан айырмашылығы 
болып табылады.
Осы интерактивті әдісті пайдаланып оты-
рған жаңартылған білім беру бағдарламасы-
ның тағы бір артықшылығы уақыттың көп 
бөлігі білім алушылардың өздеріне беріледі. 
Яғни, сабақ оқушыларға мұғалімнің пробле-
ма беру арқылы балалардың сабақтың тақы-
рыбын ашуымен басталса, оқушылармен
- Мен не білемін?
- Не білдім?
- Мен нені білгім келеді?
деген сұрақтардың төңірегінде ой бөлісіп, 
кері байланыс жасау арқылы ұстаз сабақты 
аяқтайды.
Осы әдістемелерге сәйкес оқытушының 
басты міндеті білім алушылардың белгілі бір 
білім жиынтығын игеруі ғана емес, сонымен 
қатар олардың оқуға деген қызығушылығын 
дамыту, оқуға үйрету болып табылады. Жақ-
сы ұйымдастырылған оқыту әдістерінің көме-
гінсіз оқу материалын игеруді ұйымдастыру 
қиын. М. К. Жайлауова оқу орнында қолданы-
латын тиімді әдістерді өз еңбегінде былайша 
көрсетті [5].
1. Дәстүрлі сабақтың дәстүрлі емес 
бастауы - сабаққа эмоционалды бұрылыс (ви-
део, ребус, жұмбақ), мақсаттарды, күтілетін 
нәтижелерді, күдіктерді анықтау.
2. Проблемалық мәселелерді қою және 
шешу, проблемалық жағдай жасау. Сабақта 
қолданылатын проблемалық жағдайлардың 
түрлері: күтпеген жағдай; жанжал жағдайы; 
белгісіздік; болжамды жағдай; таңдау 
жағдайы.
3. Рефлексия мен қорытындылауды ұй-
ымдастыру.


130
№ 4(141)/2022
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. 
Педагогика. Психология. Әлеуметтану сериясы

ISSN: 2616-6895, eISSN: 2663-2497
4. Оқу материалын таныстыру-ақпарат-
тық технологияларды, электронды құралдар-
ды, интерактивті тақтаны және т. б. қолдану.
5. Индуктивті және дедуктивті логика-
лық тізбектерді қолдану.
6. Оқытудың интерактивті формаларын 
немесе олардың элементтерін қолдану: «ди-
зайн әдісі», «кейс әдісі» , «рөлдік ойындар» , 
«пікірталас» , «ми шабуылы» .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет