Тақырыптың өзектілігі: Еліміздің қазіргі мемлекеттік идеологиясының қайнар бастауы болатын Алаш
қайраткерлерінің көзқарастарының бітім болмысының мәнін және қазіргі замандағы маңызын ашу философиялық
зерттеулер үшін өзекті мәселе болып саналады. Қазіргі жаһандану дәуірінде әр ұлттың өз құндылықтарын танып-
білуі және оларды бағалай отырып, өзінің ұлттық кескін-келбетін сақтап қалуы әлемнің кез келген ұлтын мазалауда.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық саясатын жүзеге асырудағы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан–
2030» стратегиялық бағдарламасында да осы мәселе: «Қазақстан Республикасының егеменді ел болып ана тілінің
мемлекеттік тіл болуымен қатар өткен тарихымызды қайта қарап, ондағы рухани құндылықтарды елеп-екшеп және
рухани құндылықтардың қорына өлшеусіз үлес қосатын мұраларын зерделеп зерттеу, бүгінгі ұрпақ тәрбиесінің
керегіне жарату – өзекті мәселелердің бірі болуда» делініп айқын көрсетілген. Демек, біз таңдап отырған ғылыми
тақырып мемлекеттік стратегиялық маңызға да ие. Ұлттық филасофия контексінде жүргізілетін бұл ғылыми
зеррттеу жұмысы өз құндылықтарымызды жалпыадамзаттық құндылықтармен салыстыра отырып, танып-білуге әрі
оны бағалауға қызмет етеді. Сондай-ақ, бұл ғылыми жұмыстың нәтижелері – жалпыадамзаттық құндылықтар мен
ұлттық құндылықтардың сабақтастығын айқындауда да, ұлттық немесе жалпыадамзаттық мақсат-мүдденің мән-
мазмұнын түсінуде де, ұлттық және жалпыадамзаттық рухани құндылықтардың қоғам өміріндегі орны мен рөлін
және қызметін анықтауда да маңызды. Мақсаты: Зерттеудің мақсаты қазақ зиялыларының дүниетанымындағы ұлттық идеяның қалып-
тасуы мен дамуын философиялық тұрғыдан талдап және оның қазіргі Қазақстандағы маңызын ашуып
көрсету.
- Негізгі міндеттері.Қазақ зиялыларының дүниетанымындағы ұлттық идеяның қайнар бастау-
ларын, бітім болмысы мен мазмұнын айқара ашу;
Теориялық маңыздылығы. Диссертацияның теориялық маңызы ретінде ұлттық болмыс, ұлттық
идеология категориялары зерттеліп, олардың онтологиялық маңызы көрсетілген. Жаңалығы. Ұлттық идея категориясы бірншіден онтологиялық категория ретінде қарастырылып,
егемендіктің қайнар бастауы деп дәлелденеді;
- Алаш идеясы елімізідң тәуелсіздігінің тоталитарлы империя құрсауында тұрғандағы ұлттық
идеяның бастауы ретінде екендігі негізделеді;
- Қазақ мемлекеттігінің бірегейлігі ұлттық идеяның дасмып жетілу барысында қалыптасқандығы
дәлелденеді;
Қазіргі егемен Қазақстанның мемлекеттік идеологиясының негізгі мазмұнын қазақ демократиялық
интеллигенциясының қалыптастырған ұлттық идеясы екендігі дәлелденген.