ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г.
135
дығы, ал кейін одан кейінгі болған граф-губернатор В.А. Перовский музей жұмыстарына салғырттықпен
қарады деп, кейін музейдің құлдырауына әкеп соққандығы туралы өз ойын жазып қалдырған [6, с. 52-53].
Орынборда жарық көрген «Труды общества изучения Казахстана (киргизского края)» атты еңбек
жинақтарында (1921-1929 жж.) музейдің
музейге келушілер саны, музей көрмелері, сондай-ақ музей
қорының толығуы туралы есеп түріндегі мәліметтер келтірілген [7].
1930 жылы Қазақстанда музей жүйесі құрылысының бастамасы болған Орталық музейдің «Вестник
Центрального музея» атты басылымының жалғыз саны жарық көрді. Онда Халық ағарту комиссариаты-
ның Қазақстан музейлеріне, Орталық музей кеңесінің өлкетану-музей мекемелеріне арнаған үндеулері,
музей міндеттері жазылды.
Осы басылымда Орталық, Семей, Жетісу, Сырдария, Петропавл, Ақмола,
Орал, Қостанай, Ақтөбе, Көкшетау музей қызметтері жайында қысқаша мәлімет жазылған [8].
Ә.М. Жиреншиннің ҚазССР ҒА Жаршысында «Қазақстан Орталық мұражайы тарихынан» мақаласы
жарияланды. Орталық музей тарихы мен қызметіне арналған бұл мақала бүгінгі күні өз маңыздылығын
жоғалтқан жоқ. Мақалада музейдің қысқаша тарихы мен кейбір маңызды музей коллекциялары туралы
жазылған [9].
Кеңес үкіметінің алғашқы 20 жылында Қазақстанда музей жүйесінің құрылуы мен олардың қызметін
зерттеуде С.Ш. Ахметованың еңбегі зор. Оның «Историческое краеведение в Казахстане» атты еңбегінің
жеке бір тарауы «развитие музейного краеведения и дела охраны памятников» тақырыбына арналған.
Еңбекте 20-30 жылдары музей құрылысы мәселесі мен ондағы жекелеген мекемелер мен түрлі қоғамдық
ұйымдардың атқарған жұмыстары қарастырылған.
ХХ ғасырдың 80-90 жылдарында қазақ өнерінің тарихын зерттеу жұмыстары жалғасын тапты. Бұл
зерттеулерде, әсіресе, Ә.Марғұлан, М.Мұқанов, Х.Арғынбаев, В.Востров, Ө.Жәнібеков сынды
ғалымдардың еңбектерінде музей қорларында сақталған қазақ қолданбалы
және бейнелеу өнерінің
жауһарлары шебер талдаған [10-17].
Қазақстанда музей жүйесінің қалыптасуы мен оның атқарған қызметтері жайында А.Е. Қайназарова-
ның, А.Ғ. Ибраеваның, С.Тайманның диссертациялары 1995-1999 жылдары жазылды. Бұл еңбектерде
Қазақстанға Ресейден келген түрлі экспедициялар мен ғылыми ұйымдардың өлкені зерттеуге қосқан
үлестеріне
тоқтала келе, олардың өлкедегі алғаш музейлердің қалыптасуындағы атқарған рөлін, әр
жылдардағы музей ісінің даму тарихы, мәдени-ағарту жұмыстары мәселелері ашып көрсетілген [18-20].
Коллекциялардың құрамы мен олардың қалыптасу кезеңдері туралы құнды материалдар мерзімді
баспасөз беттерінде және интернет ресурстарында қамтылған.
Тақырыбымыздың белгілі тарихнамалық аспектілері кейбір авторлардың еңбектерінде қамтылғаны-
мен, жалпы, зерттеушілердің еңбектерінде қарастырып отырған тақырыптың кейбір қырлары ғана
қарастырылған. ҚР МОМ жинақтары аталған еңбектердің көпшілігі қазақ халқының мәдениеті мен тұр-
мысын зерттеуге арналған. Орталық Азиядағы қалған түркі халықтары туралы айтатын болсақ, олардың
зерттеу нысаны болмағанын айта аламыз.
Автордың ойынша, бұған аталмыш халықтар жинағының
елеусіз көлемде әрі кеш қалыптасуы себеп болған. Бірақ соған қарамастан, музей экспозицияларындағы
көршілес түркі халықтары туралы материалдар олардың мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігі туралы түсінік
беретіндей кешенді түрде берілген. Осылайша, таңдалған тақырыптың маңыздылығы мен қарастырылып
отырған ғылыми еңбектердің зерттелу дәрежесі арасында белгілі бір қайшылықтар бар екенін аңғаруға
болады.
Достарыңызбен бөлісу: