Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж.
136
сатып алынған немесе сыйлық ретінде тапсырылған. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін музейлердің
ғылыми-зерттеу жұмысын күшейтуге Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының (1925 жылдан – Қазақстан
зерттеу қоғамы) ұйымдастырылуы айтарлықтай әсер етті. Қоғам мүшелері әу бастан ғылыми-зерттеу
қызметінің негізгі бағыттарын жан-жақты ғылыми тұрғыда айқындап,
архивтер, кітапханалар, музей-
лермен тығыз байланыс орнату, тарихи-мәдени құндылықтарды жинақтау мақсатында экспедициялар
ұйымдастыру, жергілікті сәулет өнері, археологиялық ескерткіштерді
зерттеу жұмыстарына, сонымен
қатар жинақталған жазба деректер мен материалдық объектілердің жүйеленуі, типологиясы бойынша
көмек көрсету жұмыстарын жүргізді. Бұл кезеңде этнографиялық материалдарды жинап, зерттегенде
жәдігерлерді дұрыс сақтау әдістері мен оларды жан-жақты ғылыми зерттеу әдістеріне елеулі орын
берілді. Әрі қарай сол коллекциялардың
құрамын анықтап, оларға сипаттама бермес бұрын кейбір
түсініктемелерге назар аударғанды жөн көрдік.
«Этнографиялық коллекция» ұғымы жөнінде. Зерттеліп отырған тақырып түркітілдес Орталық Азия
халықтарының мәдениеті мен тарихына байланысты жинақталған коллекциялар аясында болғандықтан,
нақты қандай музей құндылықтарына назар аударатынымызды айқындап алған абзал. Бұл кезекте ең
алдымен «этнографиялық коллекция», «этнографиялық зат» ұғымдарын қалай түсінеміз және оны зерттеу
жұмысында қалай қолданамыз деген мәселеден бастауды жөн көрдік.
Этнографиялық коллекция басқа коллекциялардан ауқымының кеңдігімен ерекшелінеді. Ауқымы-
ның кеңдігі оның тікелей этнографиямен байланыстығында. Сондықтан, «этнографиялық коллекцияның»
ауқымын түсіну үшін келесідей анықтамаларға сүйендік . Этнография – әлем халықтарын зерттейтін
ғылым. Ол әлем халықтары мен әр түрлі этникалық топтың шығу тегін, ру-тайпалық құрамын, қонысын,
тұрмысы мен мәдениетін, олардың өзіндік ерекшеліктерін зерттейді. Ю.В.
Бромлейдің берген анықта-
масы бойынша этнография ғылымы әлем халықтарының ұқсастықтары мен айырмашылығын, сондай-ақ
алғашқы дәуірі кезеңі мен біздің күндерімізге дейін адамзат тарихында болған елеулі құбылыстарды
зерттейді деген [22, c.10]. Этнографияның зерттеу нысаны «этнос» (халық) болып табылады және әлем
халықтарымен байланысты барлық пәндер де этнографияның зерттеу нысанын құрайды. Оларға этностың
пайда болуы және оның тарихы, таралу аймағы мен саны, олардың тілдік және діни ерекшеліктері,
дәстүрлі мәдениеті мен шаруашылық түрі, материалдық мәдениеті (қоныстану аймағы мен үй-жайы,
киім-кешек, тамақ т.б.), қоғамдық институттар (ру, қоғам, отбасы т.б.) және рухани мәдениеті жатады
[23]. Этнография терминінің астарында жалпы адамзаттың тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті, тарихы, дәстүрі,
жалпақ сөзбен айтқанда өмір сүру салтын және сонымен байланысты барлық факторларын зерттейді.
Ал сол өмір сүру салтынан қандай да бір мағлұмат беретін заттар жиынтығы этнографиялық коллек-
цияны құрайды. Музей саласында этнографиялық коллекция терминіне байланысты келесідей анықтама
берілген: этнографиялық коллекция – жүйелі түрде
жинақталған, белгілі бір этнос немесе этникалық
топтың мәдениетін көрсететін заттар жиынтығы. Тіршілікті қамту ортасынан алынған заттар этномәдени
ақпарат сақталған жағдайда ғана ол коллекцияның құрамы және толыққанды музей экспонаты болып
есептелінеді. Этнографиялық коллекциялар этностың материалдық мәдениетін (күнделікті тұрмыс-
жағдайы, шаруашылығы, өндіріс жайы) және материалдық емес мұраларды (салт-дәстүр, наным-сенім,
фольклор) көрсетеді. Этнографиялық коллекция құрамындағы артефактілер өзіне тән ерекшеліктерімен
қатар (материалы, жасалу технологиясы) өзінің қолдану аясында пайда
болған мәдени сипаттағы
ерекшеліктермен де ерекшелінеді (функционалдық қызметі, типі, қолданыс аясы және т.б.) [24].
Этнографиялық зат этнографиялық экспонат болу үшін, ол мәдени-тарихи құндылыққа ие болып
қана қоймай, сонымен қатар халықтың мәдениетін және оның құрамдас элементтерін көрсететіндей
экспозициялық модель құруға жарамды болуға тиіс. Сондай-ақ мәдениетаралық модель құруға, әртүрлі
халықтардың мәдениеттеріндегі ұқсастық ерекшеліктерін көрсететіндей ақпаратқа ие болуы қажет.
Этнографиялық зат халықтың тұрмыстық мәдениетін сипаттайды. Этнографиялық заттың дәстүрлі
сипаты белгілі бір материалдарды, конструктивтік техника мен дайындау әдістерін, ою-өрнектерді,
элементтер
мен композицияларды қолданудан, сондай-ақ сол заттарды қолдану аясы және ғұрыптық,
салт-дәстүрге байланысты қолдану контекстінде көрініс табады. Мәдени ортадан этномәдени сипаттағы
ақпаратты жоғалтқан зат этнографиялық экспонат бола алмайды [25, с. 363].
В.А. Дмитриев пен Н.М. Калашиникованың берген анықтамасы бойынша этнографиялық коллекция
этнос мәдениетіне қатысты 3 түрлі құбылысты көрсетеді. Біріншісі, өткен ғасырға тән дәстүрлі-
тұрмыстық мәдениет құбылыстары (тұрмыстық және шаруашылық құралдар мен бұйымдар, архаикалық
тұрғын үй типтері мен киімдер, діни-ғұрыптық заттар және т.б.). Екіншісі, өзіндік этномәдени дәстүрлерді
сақтау және олардың бүгінгі күнде тұрмыс-салт тіршілігінде сабақтасып, көрініс табуы (қазіргі заманғы
тұрғын үй мен киімнің дәстүрлі элементтері, халық кәсіпшілігінің құралдары мен дәстүрлі бұйымдары).