Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет183/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

Key words. Homeland History, History of Kazakhstan, Ancient Age, Middle Ages, Archeology, Data, 
Historiography, Material Culture, Artifacts. 
Кіріспе. Қазақстан тарих ғылымы – әлемдік тарих ғылымының бір бөлшегі сияқты. Әлемде әр 
мемлекеттің тарих ғылымының дамуы өзіндік даму жолынан өтті. Сондықтан, Отан тарихының 
қалыптасуы мен дамуы да бірнеше кезеңнен өткен. Мысалы, Кеңес Одағы кезінде Қазақстанның тарих 
ғылымы ойдағыдай дамымады. Өйткені, қоғамда бақылау мен шектеулер болды. Сондықтан, ұлттық 
тарихты зерделеу және жаңаша көзқараспен жазу тек тәуелсіздік жағдайында оң өзгерістерге бастады. 
Қазақстанда тарихты зерттеумен айналысатын ғылыми-зерттеу институттары да жаңаша зерттеулерге 
кіріскен еді. Солардың қатарында Археология және Шығыстану институты да болды. Қазақстан тарих 
ғылымының дамуын зерделеу үшін осы аталған институттардың атқарған еңбектерін саралаудың өзі 
өзекті мәселе болып табылады. 
Мақсаты. Қазақстан тарих ғылымының дамуына сараптама жасау үшін оның дамуына үлес қосып 
келе жатқан ғылыми-зерттеу институттарының атқарған жұмыстарын зерделеу де маңызды. Осы 
тұрғыдан алғанда бір мақала көлеміне жетерлік зерттеу нысаны ретінде Археология және Шығыстану 
институттарының мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы, ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуын
жарыққа шығарған еңбектеріне талдаулар жасау мәселесі осы зерттеудің мақсаты ретінде қарастырылды.
Материалдар мен әдістер.
Материалдар. Ғылыми зерттеу мақаласын жазуға Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының 
архив қоры, Археология және Шығыстану институттарының жылдық ғылыми-зерттеу есептері тың 
деректер ретінде пайдаланылды. Сондай-ақ, тақырыпқа байланысты жазылған зерттеу еңбектеріне талдау 
іске асырылып, оларға сілтемелер жасалынды.
Зерттеуде қолданылған методология. 
Ғылыми зерттеудің теориясы және методологиясы бойынша негізінен тарихшылдық, объективтілік, 
тарихи салыстырмалы талдау және тарихи жүйелілік методтары пайдаланылды. Әр тақырыптың өзіндік 


 Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж.
 
178 
зерттеу методологиясы болады. Біз зерттеу нысанына алынып отырған Қазақстан тарих ғылымының 
дамуына қатысты ғылыми-зерттеу жобалары мен жарық көрген еңбектерді қарастырдық.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет