Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет187/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г. 
181 
жобалар жазылды. Институт ғалымдары 2004-2010 жылдары аралығында «Мәдени мұра» мемлекеттік 
бағдарламасы бойынша ғылыми-зерттеулер, түсініктемелер, көрсеткіштермен қамтамасыз етілген 
шығыстық қолжазбалардың аудармалары кірді. Нәтижесінде Шығыстану институтының қызметкерлері 
М.Әбусейтова, Ә.Қ. Мүминов, Ж.М. Төлебаева, Н.Базылхан, Б.Еженханұлы, А.Ш. Нұрманова,
Д.Е. Медерова, Ж.Ошан, Ж.Тойшан – «Қазақстан тарихы туралы парсы деректемелері» (5 том), 
«Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері» (5 том), «Қазақстан тарихы туралы моңғол 
деректемелері» (3 том) және тағы басқа сериялық еңбектерді шығарды. 
2009-2011 жылдар аралығында іргелі ғылыми-зерттеу жобалары бойынша 10 жобаны орындады. 
Ғылыми жобалардың негізгі зерттеу бағыты Қытай және Орта Азия мемлекеттерімен байланысты болды. 
Мысалы, «Көшпенділердің этномәдени символикалық жүйесі» деп аталатын жоба жетекшісі – 
Н.Базылхан, «Қазақстан мен Орта Азия тарихы мен мәдениеті туралы Қытай тарихнамасы» атты 
жобаның ғылыми жетекшісі – Б. Еженханұлы болды [12]. 
Институт ғалымдары 2012-2014 жылдардың аралығында 8 ғылыми-зерттеу жобасын жүеге асырды. 
Атап айтсақ, олардың ішінде тарих ғылымдарының докторы, профессор М.Әбусейтованың жетекшілігі-
мен «Восточные письменные, архивные памятники и артефакты по истории и культуры Казахстана» және 
«Научное наследие Чокана Чингисовича Валиханова и современность» тақырыбында жобалар жазылды. 
Сондай-ақ, тарих ғылымдарының докторы (PhD) Б. Еженханұлының жетекшілігімен «Қазақ-цин қарым-
қатынас тарихы шеңберінде қалыптасқан қазақ сұлтандарының хатнамаларына зерттеулер» жобалары 
орындалды [13]. 
2015-2017 жылдар аралығында Шығыстану институты ғалымдары 13 ғылыи-зерттеу жобалары 
бойынша жұмыстар жасады. Бұл жобалардың «Восточно-туркестанские источники по истории и 
культуре Казахстана и Центральной Азии (XVI-начало XX вв.)»; тарих ғылымдарының докторы, 
профессор М.Х. Әбусейітованың жетекшілігімен «Великий Шелковый путь в источниках и архивных 
материалах»; филология ғылымдарының докторы, профессор Ә.Б. Дербісәлінің жетекшілігімен 
«Историко-культурное и духовное наследие Казахстана, стран Ближнего и Среднего Востока» 
тақырыптарындағы ғылыми-знрттеу жобаларын орындады [14]. 
Тарихнамалық және деректанулық еңбектердің негізінде Шығыс мемлекеттерінің әлеуметтік-
экономикалық, саяси және рухани өмірінің процестері, сондай-ақ әлеуметтік трансформациялардың түрлі 
тұжырымдамалары зерттелді. «Ғылыми қазына» және «Халық тарих толқынында» мемлекеттік бағдарла-
масы аясында 2010-2016 жылдары 16 кітап пен монография жарыққа шықты. Шыңыстану институты 
көптеген ғылыми-зерттеу орталықтарымен халықаралық ынтымақтастықты жемісті түрде дамытуда [15]. 
Кейінгі уақытта да Шығыстану институты бірқатар жобаларды жүзеге асырып келеді. Атап айтсақ, 
«XVIII-XIX ғасырлардағы жазба деректемелер Орталық Азияның түркі халықтарының әлеуметтік және 
рухани өміріндегі сопылардың рөлі туралы» және «Жалпыәлемдік контекстегі қазақтардың дәстүрлі 
мәдениетіндегі архетипі» атты ғылыми-зерттеу. Бұл тақырып ерекшелігі пәнаралық деңгейдегі зерттеу-
лердің нәтижелерін қоса қорытып, біріктіріп ғылыми тұрғыдан сарапталуы. Қазақстан ғылымында алғаш 
рет қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері, әдет-ғұрпы, ұстанымдары, сәулет өнері, фольклоры, этикеті, іргелі 
сәндік – қол өнері туындылардағы архетиптерді жалпы әлемдік деңгейде қарастыру зерттеудің басты 
ғылыми жаңалығы болып табылады [16]. Міне, осындай және тағы басқа да Отан тарихы мен мәдениетіне 
қатысты ғылыми-зерттеу жобалары жүзеге асырылып келеді. 
Тарих ғылымы – ұлттың, елдің тәуелсіздігінің және тарихи сананы қалыптастырудың тірегі. Өйткені, 
Отан тарихы - оның әлемдік қауымдастықтағы орнын айқындайтын ең негізгі фактор болып табылады. 
Тарихсыз қоғам, мемлекет болмайтыны белгілі. Бірақ сол тарихтың ғылымға негізделіп, шынайы 
түбегейлі жан-жақты зерттелмеуі тарихи сананың ұлттық рухтың әлсіреуіне әкелетініне, әсіресе өткен 
жиырмасыншы ғасырдың ұрпақтары талай рет көз жеткізді. Ендеше отандық тарих ғылымының алдында 
тұрған өзекті мәселе – сол ғылымның теориялық және методологиялық ұстанымдарына сүйене отырып, 
іргелі зерттеу арқылы болашақ зиялы ұрпақ тәрбиелеу. 
Халқымыздың тәуелсіз Қазақстан Республикасы атты мемлекет құрып, ұлттың азаттығын сақтай 
білуі бүгінде қаншалықты маңызды болса, сол мемлекеттің шынайы да танымды тарихын жазып, келер 
ұрпаққа жеткізе білу де соншалықты маңызды. Өйткені, тарих – ұлттың жады. Танымды тарихты 
жадында жатталған ұлт қана ұлт ретінде сақталып, басқалармен қатар терезесі тең өмір сүре алады. 
Тарихын қастерлеген ұлт қана өткеннен тағылым алып, келешегіне сеніммен қарай алады. Демек, 
ғылыми негізде жазылған танымды тарих – ұлт тәуелсіздігінің, ұрпақ тәуелсіздігінің кепілі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет