Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет212/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

Материалдар мен әдістемесі. Шындығында қаңлылардың Ниязбек, Тойтөбе, Ақжар болыстарында 
тіршілік кешкені жайында Шаниязов былайша дерек келтіреді: «VIII ғасырдың 70-жылдарында Қарлұқ 
және Оғұз тайпалары мен арабтардың тегеурінінен Сырдарияның орта ағысындағы қаңлылардың тәуелсіз 
бірігуі өзінің өмір сүруін тоқтатты. Олардың бір бөлігі Сырдарияның орта ағысының оң жақ жағалауында 
көшіп-қонуын жалғастырып, қазақ, қарақалпақ халықтарының құрамына кірсе, енді бір тобы өзбектердің 
құрамына енді. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Ташкент уезінде қаңлылардың 1650 үйі болды» [1]. Осы 
тұрғыда көрнекті тарихшылар В.В. Востров пен М.С. Мұқанов ежелгі қаңлылардың осы күнгі 
қаңлылармен етене жақындығы болғандығын, олардың Орта Азия мен Қазақстан халықтарының саяси 
және этникалық қалыптасуында ерекше рөл атқарғанын айтады [2]. Сонымен бірге, белгілі лингвист –
ғалым қаңлылар шежіресінің майталман маманы Ә. Қайдар өзінің «Қаңлылар» делінетін еңбегінде 
олардың Ташкент аумағында ертеден-ақ қоныс тепкенін тайға таңба басқандай атап көрсетеді. 
Қаңлылардан бөлек Ташкент аумағында дулат тайпасының үстемдік құрып, едәуір уақыт билегенін кәрі 
тарихтан білеміз. Дәлірек айтқанда, дулаттар 200 жыл бойы Ташкентті билеп-төстеп, тек XVIII ғасырдың 
аяғына қарай Жүнісқожаның билігіне өтеді. Алайда, алғашқыда Ташкенттің Шайхантауыр бөлігіне ғана 
билігі жүрген Жүнісқожа дулаттарды Шымкентке қарай ығыстырып тастады.  
Сонымен бірге, бұл өңірдегі Арғын, Жалайырлардың көшіп-қону тарихын М.Тынышпаев XV 
ғасырға сәйкестендіріп, өзінің «Қазақ-қырғыздар тарихының материалдары бойынша» еңбегінде қазіргі 
Ташкенттің олардың атақонысы болғандығын көрсетеді. Ал, 1832 жылы шыққан А.И. Левшиннің «Қазақ-
қырғыз ордалары мен далаларының сипаттамасы» еңбегінде қазақтардың Орта Азияға ауа көшкенін 
жоңғар шапқыншылығының нәтижесінен іздестіруге болады: «1723 жылы Қалдан Серен Түркістан, 
Ташкент және Сайрамды алғанда ұлы және орта жүздің кейбір бөлігін бағындырды. Ұлы жүздің кейбір 
қалған бөлігі мен азғана орта жүз Ходжентке көшсе, орта жүздің тағы бір үлкен бөлігі Самарқандқа, кіші 
жүздің бір тобы Хиуа мен Бұқараға көшті» [3]. Біздіңше, дәл осы XVIII ғасырдың басындағы қым-қуыт 


 Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж.
 
204 
тарихи жағдайға байланысты қазақтардың үдере қоныс аударуы, яғни, қазіргі Қазақстан территориясынан 
ауып, Орта Азия жерлеріне, тіпті, өзге де шет елдерге тұрақтап қалуын айтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет