Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж.
28
Солардың арасында «Ақ жол» газетінде көтерілген және пәрменді түрде
насихатталған тақырып-
тардың бірі – Түркістанда жүргізілген жер-су реформасы (1921 ж) және соның себептері мен салдар-
ларына арналған еді. Алаш қайраткерлері, солардың арасында Ә.Бөкейхан мемлекеттің меншігі деп
жарияланған қазақ
жерінің тағдырына алаңдап, «Қазақ» газетінің беттерінен бастап, Ресей мемлекеттік
думасының мінберіне дейін көтерген белгілі. Қазақ жеріне Ресейдің орталық аудандарынан қоныстану-
шылардың ағылып келуі және оны мемлекеттің саясатына айналдырған биліктің әрекетінен қазақтың
дәстүрлі шаруашылық типін күйретуді ғана емес, сонымен бірге демографиялық, тілдік, діни тұрғыда да
орасан зор қауіп төндіретіндігін көрегендікпен аңғарды. «Оның ойынша, орыстардың қазақ жеріне ешбір
рұқсатсыз жаппай қоныстандыруының арта түсуі қоныстанушылар мен
қазақтар арасындағы қарым-
қатынасты ауырлатып, қазақтардың заңды қарсылығын туғызды. Осындайда Ә.Бөкейхан орыс мұжық-
тарының қазақ жеріне жаппай қоныстану тасқынын тоқтатудың жолын іздестіруі» [16, Б.9] оның
әріптестері тарапынан одан әрі жалғастырылды. М.Шоқай төңкеріске дейінгі кезеңде атамекенімізде орыс
мұғажырларының тасқынын тоқтату болғандығын, қалыптасқан жағдайда мәселені тура қою мүмкін
болмағандықтан «алдымен түркістандықтардың
өзін жерге орналастырайық, ал орыс мұжықтарының
мәселесін Ресейдің өзінде жер мәселесі шешілгенше тоқтата тұру» түрінде көтерілгендігін жазады.
Достарыңызбен бөлісу: