Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы



бет1/9
Дата20.06.2016
өлшемі0.7 Mb.
#149616
  1   2   3   4   5   6   7   8   9





№ исх: ВН-7-21/235 от: 25.11.2014


Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы

«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 4) тармақшасына,


14-бабының 4-тармағына, 20-бабының 4 және 8-тармақтарына, 30-бабының 1, 2 және 4-тармақтарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа  1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ереже;

2) осы бұйрыққа  2-қосымшаға сәйкес Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды алып қоймай мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;

3) осы бұйрыққа  3-қосымшаға сәйкес Жеке және заңды тұлғалардың жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың немесе жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу қағидалары мен шарттары;

4) осы бұйрыққа  4-қосымшаға сәйкес Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қою және жою жүргiзiлетiн жануарлардың аса қауiптi ауруларының тiзбесi;

5) осы бұйрыққа  5-қосымшаға сәйкес Профилактикасы, диагностикасы мен жойылуы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауiптi ауруларының тiзбесi;

6) осы бұйрыққа  6-қосымшаға сәйкес Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу кезiндегі мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидалары;

7) осы бұйрыққа  7-қосымшаға сәйкес Шекара және кеден пункттерiнде (автомобиль өткiзу пункттерiн қоспағанда, Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде) ветеринариялық бақылау бекеттерін ұйымдастыру қағидалары бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-минитрі Г.С. Исаеваға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Министр А. Мамытбеков



«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрі
________________ Е. Досаев

«____» ________ 2014 жылы






«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрі
________________ Б. Сұлтанов

«____» ___________ 2014 жылы




Қазақстан Республикасы


Ауыл шаруашылығы министрінің 

2014 жылғы 30 қазандағы    


№ 7-1/559 бұйрығына 
1-қосымша    


Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ереже


1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ереже (бұдан әрi – Ереже) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 14-бабының 4-тармағына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөнiндегi негiзгi мәселелердi регламенттейдi.

2. Ережеде мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

1) ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) - ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті;

2) ведомствоның аумақтық бөлімшелері – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде орналасқан ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық бөлімшелері (облыс, аудан, облыстық немесе республикалық маңызы бар қала, астана).

3. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылаудың және қадағалаудың негiзгi мақсаттары:

1) жануарлардың жұқпалы ауруларының, оның iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу;

2) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiнiң ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;

3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;

4) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзуды болдырмау, анықтау, жолын кесу және жою.

4. Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар:


      1) аумақтық бөлiмшелерi, оның iшiнде ветеринариялық бақылау бекеттерi бар ведомство;

2) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын


мемлекеттік органдардың бөлімшелері болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет