Vі. Қазақ хандығының құрылуы және дамуы


Қимақ қағанаты мен қыпшақ хандығы



бет16/46
Дата20.09.2022
өлшемі154.27 Kb.
#461046
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   46
МЕМЛЕКЕТ ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫ

Қимақ қағанаты мен қыпшақ хандығы. IХ ғасырда бiрнеше тәуелсiз мемлекеттер пайда болып, олардың мемлекеттiк жүйелерiнде Орталық Азия және жергiлiктi жерлердiң дәстүрлерi араласып, бiр-бiрiмен кiрiгiп кеттi. Бұл қимақ қағанаты мен қыпшақ хандықтары едi. Солтүстiк, Орталық және Батыс Қазақстан аймақтарын мекендеген Түрiк мемлекетiнiң iшiндегi империялық атақ-дәрежеге ие болғандардың ең күштiсi Қимақ қағанаты болды. 656 жылы Батыс түрiк қағанаты күйрегеннен кейiн оқшауланған Қимақ (кейде кимек) тайпасы басшысының “шад-түрiк” атағы болған. “Шад” және “түрiк” деген атақтар түрiктерге кеңiнен таныс, ол ертедегi руналық жазбаларда да бар. 840 жылдан бастап оның билеушiсi болып “Жабғу”(ябғу) деген атақ алды. Х ғасырдың басында Қимақ мемлекетiнiң күшеюi және оның құрамына өзге де түрiк халқының қосылуына байланысты жабғу қаған (хақан) деп атала бастады.Қаған-хандардың ханы деген мағынаны бiлдiредi. Бiзге жеткен кейбiр құндылықтарға қарағанда онда он екi удель билеушiлерi өмiр сүрiп, олар әскер басшы әрi өзiнше саяси мәселелердi шеше алатын билiкке ие болған. Сондай-ақ, араб жазбаларына қарағанда қимақтарда сарай министрлерi — хаджибтер және уәзiрлер болған көрiнедi. Ал ендi, қыпшақтардың мемлекеттiк аппаратына келсек, оларды алдымен хан немесе ұлы хан билеген. Билiк мұра ретiнде атадан балаға алмастырылып отырған. Басқару аппараты хан ордасында жүргiзiлдi. Оның басты қызметi хан (мемлекет) мүлiктерiне және әскерге иелiк ету едi. Хан әскери және азаматтық билiктi қолында ұстап, оларға айналасындағы кеңесшiлерi арқылы билiк жүргiздi. Ханның тұрағы Орда деп аталды. Ханнан басқа қыпшақтардың басын бiрiктiретiн iрi-iрi шенеунiк, ақсүйектер — тархандар, басқақтар және бектер, югурлер болды. Сондай-ақ, қыпшақ ханының ордасында iс-қағаздарын жүргiзушi де болатын. Ал, Қимақ қағанаты төрт облысқа және он екi удельге бөлiндi. Оларды парсы жазбаларында төмендегiдей салалап белгiлейдi. Бiрiншi, Йагсун-Йасу Ешiм мен Ертiс арасындағы Барабин даласынан бастап Обтан батысқа қарай жайлаған жерлер. Осы жерде қағанаттың орталығы және оның жаңа және ескi екi астанасы болды. Екiншi, Қырқырхан-Шығыс және Орталық Қазақстандағы Ертiс өзенiнен бастап Балқаш пен Алакөл өзендерiне дейiнгi аралықтар, оған Қарқаралы, Шыңғыстау, Тарбағатай таулары қосылады. Үшiншi, iшкi қыпшақтардың Орталық Қазақстанның Оңтүстiгiнде Шу және Талас өзендерiнiң төменгi жақтарын алып жатқан жерлер. Төртiншi, Оңтүстiк Орал және Торғай далаларын алып жатқан сыртқы қыпшақтар.
Қимақ қағанатының орнына келген Қыпшақ хандығында әкiмшiлiк бөлiну басқаша болды. Ол дәстүрлi әскери-әкiмшiлiк жүйесiмен қалыптасты. Әрi орасан үлкен территорияны алып жатқан халық (этнос) ретiнде қалыптасты. Бұл хандық екi қанатқа бөлiндi. ХI-ХII ғасырларда қыпшақ бiрлестiктерi екi бiр-бiрiне тәуелсiз одақ болды, олар Батыс (Волгадан Батысқа қарай) және Шығыс (Қазақстан территориясында) едi. Олардың соңғысы екi қанатқа бөлiндi. Хандық орталығы Торғай даласында тұрды. Оң қанаты Қазақстанның Батыс аймақтарын қамтып, орталығы Оралдың төменгi жағында болды. Сол қанаты Сырдария, Орталық және Шығыс Қазақстан территориясында орналасты. Сол қанатының ордасы Сырдарияның бойындағы Сығанақ қаласы болды. Оның әкiмшiлiгiнiң негiзгi бөлшегi әскери-потестарлық бiрлестiк — “тайпа” едi. Батыс Қыпшақ одағында оның саны 11 болды. Ал, Шығыс қыпшақ хандығына 16 әскери-потестарлық бiрлестiк ендi. Ол Оғыз мемлекетiнiң әкiмшiлiк бөлiнуiне ұқсас едi. Әскери-потестарлық бiрлестiк “ел” немесе мемлекет аталып, көптеген ұсақ аймақтардан құралды. Қыпшақ даласы “Дештi-Қыпшақ” аталды. ХII-ХIII ғасырларда қыпшақтар мейлiнше күштi ел ретiнде танылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет