Vі. Қазақ хандығының құрылуы және дамуы


Найман мен Керейлердiң егемендiгi мен халықаралық құқық субъектiлiгi



бет19/46
Дата20.09.2022
өлшемі154.27 Kb.
#461046
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   46
МЕМЛЕКЕТ ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫ

Найман мен Керейлердiң егемендiгi мен халықаралық құқық субъектiлiгi. Орта Азиядағы алғашқы көшпелiлер егемендiгi IХ-ХI ғасырларда цзубу конфедерациясы шеңберiнде болды. 1008-1009 жылдары ол өзiнiң басты қарсыласы деп Ляо империясын жариялады. Цзубу билеушiсi Уварды “ барлық көшпелiлердiң ханы” деп мойындады. Ал, екiншi кезең болса, ХII-ХIII ғасырдың бас кездерiнде Керей мемлекетiнiң тәуелсiздiгiне байланысты дала империясының белгiлерiн алуы болды. Олардың билiгiне монғолдардың көшпелi қауымдастықтары ендi. Олар жеке ұлысқа бiрiктi. Бiрақ Тоғұрыл мен оның туған ағасының арасындағы қайшылық ХII ғасырда моңғол бiрлестiктерiн қадағалайтын күштiң әлсiреуiне әкеп соғады. ХII ғасырдың аяғында Тоғұрыл Керей-моңғол конфедерациясын қайта қалпына келтiрсе де, 1203 жылы ұзаққа бармай керейлер моңғолдар билiгiне көшедi.
Наймандар мен Керейлер тәуелсiз де егемендi мемлекет ретiнде сыртқы саяси қызметтi белсендi жүргiздi. Бiрiншi 1007 жылғы дипломатиялық iрi қарым-қатынас барысында Мервтегi несториан ағымындағы христиан дiнiн қабылдауы және оның кең далада тарауына ықпал ететiн акция болды. Қытай, таңғұт, турфан және Ляо империясымен болған әртүрлi елшiлiк қарым-қатынастар да соған жатады. Сондай-ақ, Керейлер мен Наймандар арасындағы қарым-қатынас та бұл саладағы iрi жеңiс едi.
Керей мен Наймандар өз мемлекеттерi мен оның статусын халықаралық байланыста кеңiнен мойындалуын қамтамасыз еттi. Найман мен Керей құқығының негiзгi көзi- әдет-ғұрып, салт-дәстүр болды. Кейбiр жазбаларға қарағанда олар “Еке-Төре” немесе “Ұлы ақиқат” атты заңдар кодексiн пайдаланған көрiнедi. Наймандар мен Керейлер көк тәңiрiне сыйынып, оны құқық нормасы ретiнде қабылдаған. Ал хандар болса, Алланың жердегi билiгiне ие, әрi соның нормаларын орындаушы болып саналған.
Сөйтiп, ҮI-ХII ғасырларда Қазақстанның мемлекет және құқығы жаңа кезеңге көшiп, өзiнiң өрлеу дәуiрiн кештi. “Орда”, “ел”, “ұлыс” сияқты жаңа институттар пайда болып, салық, әрi удельдiк басқыштық билiктi мұрагерлiк ететiн жүйе пайда болды. Одан кейiн құқықтық жүйе де бiржола дамып, алғашқы жазбаша заңдар өмiрге келдi. Сондай-ақ, Қазақстанға исламның келуi құқықтану процесiн ерекше ғылыми жүйеге түсiрдi. Қазақстанның мемлекет және құқығы Еуразияның барлық территориясындағы мемлекеттiк құқықтық жүйенi дамытуға негiз болған бiрден-бiр көз болды.
5. Шыңғыс хан империясы және Қазақстан аумағындағы ордалық мемлекеттер
ХII ғасырдың аяғы ХIII ғасырдың басында Орталық Азияда моңғол тайпаларының бiрiгу процесi жүрiп, оның ақыры жаңа көшпелi империяның пайда болуына әкелдi. Бұл мемлекет Орталық Азия мен Қазақстан далаларындағы саяси жағдайларды күшейтiп, көшпелi тайпалар одағының басқа тайпаларға өз үстемдiгiн орнату жолындағы қайшылықтарды ушықтыра түстi. Сол күрестiң барысында, яғни 1206 жылы моңғол тайпасының өкiлi Темучин (Шыңғыс хан) бүкiл моңғолдардың басын бiрiктiрдi. Сөйтiп, ол бүкiл Орта Азиядағы ең құдiретi күштi жаулап алушыға айналды. 1206 жылы көктемде Онон өзенiнiң сағасында Темучиндi жақтайтын көшпелi монжор-бектер құрылтай өткiзiп, оны Ұлы хан жариялады, сонымен бiрге оған Шыңғыс хан атағы берiлдi. Сөйтiп, Темучин-Шыңғыс хан жарты әлемге: “Мен... түрлi мемлекеттi ақиқат жолына бағыттап, халықтарды өзiмнiң бiртұтас билiгiме қараттым” — деп жариялады. ХIII ғасырдың алғашқы он жылдығында моңғолдар Оңтүстiк Сiбiрдi, одан кейiн Қытайды жаулап алып, бүкiл Түркiстан мен Шығыс Түркiстан өңiрiн өз қадағалауында ұстады. Содан кейiн, Шыңғыс хан өзiнiң алдына Шығыс Еуропа мен алдыңғы Азия, Жетiсу, Орта Азия мемлекеттерiн бағындыруды мақсат етiп қойды.
Түркi халықтарына Шыңғыс хан ең құйтырқы дипломатияның бiрi ретiнде “Орта Азияның барлық көшпендiлерi бiрiгейiк” деген үндеу тастады. Сөйтiп, көшпендiлердiң тұтас бiр империясын құрмақшы болды. Шыңғыс ханның алғашқы ұйымдастыру жұмыстарына басты кедергi жасаушылар ұйғырлар, керейлер, наймандар, меркiттер болды. Бiрақ ол аталған ұлыстардың билеушiлерiн тас-талқан етiп, Орталық Азияда өз билiгiн саяси тұрғыда баянды еттi. Ал, оған қарсы одақтасып көтерiлген меркiттер мен наймандарды 1209 жылы ұйғыр идиқұты (билеушісі) өз игілігіне өткізуге әрекет жасауына қарамай, Тимучин әскерлері оларды да тас-талқан етіп күйретті. Сөйтіп, соның кесірінен олардың жолдары екіге айырылды. Сол кездің өзінде Тимучин билеген моңғолдар арасында бірнеше әскери және әкімшілік реформа жүргізіліп, моңғол ұлысы бір орталыққа бағынған мемлекеттік жүйесі бар империяға айналдырылды.
Шыңғыс империясы құрылған алғашқы күннен бастап-ақ ол өзіне көне түркі өкіметінің ел басқару құрылымын, сондай-ақ әкімшілік жүйесін өзгертпестен сол қалпымен пайдаланады. Мысалы, елдің мемлекеттің күнделікті ісін атқарушы тетігі-Өкімет (төр). Әрине, байырғы түркі мемлекетінің ең жоғарғы билік иесі Тәңір текті Ұлы Қаған. Өкіметтің де, Үкіметтің де Жарлығын, үкімін, шешімін қабылдаушы бірінші адам –Қаған. Ал, оны іске асырып-атқарушы – қосынды әскери-әкімшілік аппаратты, қаған қасындағы кіші хандар, яғбу, шад бұйрықтар. Сөйтіп, Шыңғыс хан империясы өзінің басқару жүйесін көне түркілерден алады десек еш қателеспейміз. Бірақ, Шыңғыс хан үкіметі тайпалық құрамды әдейі бұзуды үкіметтік саясат етіп, тайпаларды бір-бірімен қым-қиғаш араластырып жіберіп отырды. Сөйтіп, тайпа ішіндегі жүзбасы болған ру басшыларына Ұлұғ Өз- Ынанчу деген әрі қосындық (әскери) шен, әрі әкімшілік лауазым беріп отырды. Бір ғажабы сол үкіметтік ең жоғарғы қосындық (әскер) орталық кеңеске жүз басылардың ішіндегі ең сенімді де құрметті Ұлығ Өз-Ынанчулардың бірін сайлап, қатысытып отырған. Жүздік бесжүздікке, ол мыңдыққа, мыңдық бесмыңдыққа, бесмыңдық түменге бағынды.
Сөйтіп, моңғолдар өздері жаулап алған халықтарының әлеуметтік-экономикалық құрылыс-құрылымдарын толықтай өзгертпегенімен, олардың қоғамдық-саяси өмірі мен тыныс-тіршіліктеріне айтарлықтай өзгерістер енгізіп, өз иелігіне көшкен елді мекендерде өздеріне тиімді тәртіп орнаннты. Сондықтан да ХІІ ғасырдың басында Моңғол мемлекетінің құрылуы, оны басқаратын әрі басқарып отыруды реттеу үшін ортақ жазбаша қалыптастырылған құқықтық нормалар мен заң ережелерін әзірлеу керек еді. Ол жаңадан қалыптасып отырған жағдайларға сәйкес жинақталған, содан соң бұрынғыға қарағанда елеулі өзгерістерге ұшыраған әдеттегі құқық, аталғандай мақсатқа сай орайластырылды. Сөйтіп, жаңа заңдар мен ережелердің жиынтығы Шыңғыс ханның «Ұлы Ясасы» деп аталды. Яса, моңғолша – (толық аты ясак) дзасақ «қаулы», «заң» деген ұғымды білдіріп, олар орамалдарға «тұмар» күйінде жазылды. Жалпы, Моңғол империясы қандайда болмасын хан тұқымының иелігі болып саналып, олар құрған мемлекеттердегі жоғарғы әлеуметтік топ Шыңғыс ұрпақтары бастаған түрік-моңғол көшпелі шоншарларынан тұрды. Әскери билік пен азаматтық билік арасы бөлек болды. Ұлыстардағы азаматтық билік жергілікті ақсүйектер өкілдерінің қолында болғанына қарамай моңғолдар басқа тайпалардың білімділерін белгілі бір дәрежеде шенеуніктер ретінде пайдаланып отырды.
Шыңғыс хан Қытай, Жетісу және Орта Азияны жаулап алуға әскер аттандырды. Оның мұрагерлері де ата жолын жалғастырып, Еуразия материгінің үлкен бөлшегін өзіне қосып алу үшін Ұлы империялық саясат жүргізді. 1218-1240 жылдары Қазақстан территориясы бүтіндей моңғол империясы құрамына кірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет