Мейірбек : Меруерт, бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші.Менің атам да, әжем де , әкем де, анам да , енді мен де мектептен тәлім алудамын.
Меруерт: Иә, Мейірбек мектебімізге қандай жыр арнасақ да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық.
Әдия:
Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені.
Қ.Нұрай :
Мектебім – білім берер алтын ұям,
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4 жыл бойы ата –анамдай,
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл,
Өзіңе борыштармын өмір бойы
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.
А.Нұрай:
Армысың сен , алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр- алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мектебіме арналады бұл әнім!
Меруерт: Олай болса Мадияр алтын ұя мектебімізге арнап «Мектебім» әнін шырқайды Ән.:Мектебім
Меруерт:
Сыныбымызда өнерпаз балалар көп. Біздің Ернур Мен Алтынбек та өз өнерлерін көрсетпекші.
Біз нені үйрендік?
Аружан: Оқуды,жазуды есеп шығарып,ән айтуды, би билеуді.Үлкенді сыйлауды,кішіге қамқор болуды үйрендік.
Біз нені сүйеміз?
Ернур: Отанды, ата-ананы,халқымызды,достарымызды, табиғатты, ұстаздарымызды,мектебіміздісүйеміз.
Біз нені ажырата аламыз?
Сафуан: Жақсылық пен жамандықты,ақ пен қараны, арамдық пен адалдықты ажыратамыз.
Бізді болашаққа не бастайды?
Достарыңызбен бөлісу: |