Зерттеу
– бұл бақыланатын объектінің тұрған
жерінде нақты жағдайымен
танысу арқылы жүргізілетін әдістемелік тәсіл. Ол мысалы, қойма
шаруашылығының,
өрт қауіпсіздігінің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік
техникасының және т.б. жағдайын тексеру мақсатында жүргізіледі.
•
Инспекция
– бұл алғашқы құжаттар мен есеп тіркемелеріндегі бухгалтерлік
жазулардың, қаржылық есептеменің толтырылу және құрастырылу дұрыстығы
мен заңдылығын,
сонымен бірге, ұйымның материалдық активтерінің
сақталуы мен тиімді пайдаланылуын тексеру.
•
Талдамалық тексерулер
– бұл кәсіпорынның қаржылық –
шаруашылық
қ
ызметінің маңызды көрсеткіштерін ішкі резервтер мен ұйымның ары қарай
даму перспективасын анықтау мақсатында бухгалтерлік құжаттар мен
қ
аржылық
есептіліктің, жедел, статистикалық және басқа да мәліметтер
негізінде экономикалық талдаудың әдістерінің көмегімен жан жақты зерттеу.
•
Есептеулер
– өз бетінше жекелеген көрсеткіштерді есептеп шығару
арқылы бухгалтерлің құжаттардағы сандық жазулардың дәлдігін
арифметикалық тексеру үшін қолданылады. Мысалы,
Жинақ
зейнетақы қорына аударымдардың, корпорациялық табыс салығы,
жеке табыс салығы бойынша есептелген
салық сомаларының
дұрыстығын тексеру..
•
Алғашқы аудит
– клиент үшін алғаш жүргізіліп отырған аудит.
Аудиттің бұл түрі аудиттің тіуекелділігін және уақыт шығынын өсіреді.
Ө
йткені, аудиторларда клиент қызметінің ерекшеліктері, оның ішкі
бақылау жүйесі туралы қажетті ақпарат болмайды.
•
Келісілген (қайталанушы) аудит
. Бұл аудитордың (аудиторлық
фирманың) қайта өткізіп отырған
немесе осы клиентке тұрақты
жүргізілетін аудит түрі. Сондықтан аудитор клиент қызметінің
ерекшеліктерін, оның бухгалтерлік есебінің оң және теріс жақтарымен
жақсы таныс болады.