Вирустар. Құрылымы және жіктелуі. Вирустардың көбеюі. Вирустарды дақылдандыру, индикациялау және идентификациялау әдістері


Алдын алуы:вакцина-Комбиотех, Эувакс В, Эбербиовак,Шепвак,Энджерикс. Нәресте алғашқы 24 сағатта егіледі, 2ай және 4 айдан кейін қайталанады. С гепатит



бет7/9
Дата07.11.2023
өлшемі67.73 Kb.
#482597
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Вирустар

Алдын алуы:вакцина-Комбиотех, Эувакс В, Эбербиовак,Шепвак,Энджерикс. Нәресте алғашқы 24 сағатта егіледі, 2ай және 4 айдан кейін қайталанады.
С гепатит флавивирустар тұқымдастығына жататын, РНҚ геномды вирус. СГВ қоздыратын гепатит әдетте созылмалы түрде өтеді. Бұл гепатиттің созылмалы түрі көбінесе бауыр циррозына және біріншілік бауыр карциномасы дамуына әкеледі. Тұқымдастыгы: Flaviviridae Туыстастығы: Hераcivirus Түрі: HCV Құрылымы. Вирионы сфера пішінді, суперкапсидпен қоршалған. Геномы бір жіпшелі + РНҚ - нан тұрады, фрагменттелген, сызықшалы.
Эпидемиология:қан құйғанда, жыныстық арқылы жұғады. Инфекция көзі- инфицирленген адам.
Патогенез:В гепатитке қарағанда жеңілдеу өтеді. Созылмалы зақымдануы цирроз,қатерлі ісік дамуымен аяқталады. Диагноз: науқас қаны, қан сарысуы. Иммунды ферментті талдау реакциясы әдісімен,полимеразалық тізбекті реакция әдістерімен анықталады. Алдын алуы: сақтану шаралары,вакцина жоқ.


Д гепатит вирустық гепатит қоздырғышы, меншікті қабаты жоқ ақаулы вирус. В гепатит вирусының сателиті болып табылады. Тұқымдастыгы: Arenaviridae Туыстастығы: Deltavirus Түрі: HDV
Құрылымы. Вирус бөлшегі сфера пішінді. Эпидемиология,патогенез: Ену қақпасы қан тамырлары болғандықтан вирус қанға түседі.Қан айналымымен ағзалардың бәріне таралады,гепатоциттерде орнығады. Бауыр жасушаларының зақымдану деңгейіне қарай клиникалық көрініс байқалады.Инфекция көзі-дельта вируспен, В гепатитімен ауратын адамдар. Берілу жолдары-парэнтеральды, анасынан нәрестеге вертикальды жолмен берілу. Клиникалық көрініс: бауыр аймағында ауырсыну байқалады. Өліммен аяқталатын,аурудың қатерлі түрі дамиды.
Алдын алуы: вакцина-Комбиотех, Эувакс В, Эбербиовак,Шепвак,Энджерикс. Нәресте алғашқы 24 сағатта егіледі, 2ай және 4 айдан кейін қайталанады.


Е гепатит бауырды зақымдайтын,организмнің жалпы улануын, сирек жағдайда дене сарғаюын тудыратын жедел жұқпалы ауру қоздырғышы.Тұқымдастығы: жоқ. Туыстастығы: Нepatitic E-like virus Түрі: HEV Морфология:Вирионының сыртқы қабықшасы жоқ, сфера пішінді, капсиди икосаэдр типтес. Эпидемиология:эндемиялық бұрқетпелер қоздырады. Инфекция көзі - ауру адам. Негізінен ластанған су арқылы беріледі. Дәл диагноз қоюға мүмкіндік беретін клиникалық симптомдар байқалмайды: жалпы мазасыздану сирек жағдай- да дене сарғаюы болады. Болжамы - көбінесе қолайлы. Жүкті әйелдерде (әсіресе III триместрде) кесел асқынып, өлімге әкелуі мүмкін. Диагноз:қан,қан сарысуы. ИФТ,ПТР әдісі.
Алдын алуы:санитарлық-гигеналық шаралар,сапалы сумен қамтамасыз ету, өлі вакцина жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет