Вирустар. Құрылымы және жіктелуі. Вирустардың көбеюі. Вирустарды дақылдандыру, индикациялау және идентификациялау әдістері



бет4/9
Дата07.11.2023
өлшемі67.73 Kb.
#482597
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Вирустар

Тұқымдастығы: Paramyxoviridae Тұқымдастықшасы: Paramyxovirinae Туыстастығы: Morbillivirus
Морфология:сфера пішінді. Геномы бір жіпшелі, фрагменттелмеген,минус жіпті РНҚ. Антиген:Н(гемаглютенин), Fпептид,нуклеокапсид. Эпидемиология: Тек адамдар аурады. Антропонозды ауру. Жұғу жолы- ауалы тамшылы,жанасу арқылы. Патогенезі:Жоғарғы тыныс алу жолдары,көздің шырышты қабаты арқылы енеді, лимфа түйіндеріне барады.Содан кейін вирус қанға түсіп,қантамыр капиллярларының эндотелияларын зақымдайды. Нәтижесінде бөртпе пайда болады. Бөртпе жоғарыдан төмен қарай таралады:бетте, маңдайда,құлақ артында,кеудеде,қол,аяқтарда. Бөртпе пайда болуы алдында қызыл жиекпен қоршалған Бельский-Филатов-Копликов дағы пайда болады. Алдын алу:вакцина-дақылдық, құрғақ,тірі вакцина,Ривакс.


Қызамық вирусы
Қызамық-қысқа мерзімді дене қызбасымен, майда-дақты бөртпе шығумен сипатталатын вирустық жедел жұқпалы ауру.
Тұқымдастығы: Togaviridae Туыстастығы: Rubivirus.
Морфологиясы. Жетілген вириондар сфера пішінді,суперкапсидінің липидті қабықшасының құрамында тікенекше тәрізді Е, және Е, гликопротеидтер бар. Капсидінің симметриясы куб типті болады. Антигендері.1) ішкі антигені - нуклеокапсидтік, КБР -мен анықталады; 2) сыртқы, суперкапсидтік антиген, БР, ГАТР -мен анықталады. Серотипі - біреу.
Инфекция көзі-симптомсыз жұқтырған адам.Вирус ауа тамшылы, анасынан ұрыққа жұғады.
Патогенез:Жұққаннан кейін мойын,желке,құлақ бездерінің артқы лимфатүйіндерінің жасушаларына енеді.Без үлкейеді,пальпация кезінде ауырсыну болады.Қанға өтіп верусемия дамиды. Бөртпе шыққанан бастап вирусемия тоқтайды. Ашық қызыл түсті папулалы дақ. Ауыр асқынуға энцефалиттер, энцефаломиелиттер жатады.
Диагноз:қан,мұрын жұтқыншақ шайындысы,ликвор.Индикация,серология, идентификация.
Алдын алуы: вакцина-Мерувакс-2, Рудивакс,Эрвевакс,Паротит. 12 ай, 6 жаста.
Аденовирустар.Тұқымдастығы: Adenoviridae. Туыстастығы: Mastadenovirus адам Aviadenovirus құс, Atadenovirus қой. Siadenovirus (түйетауық) Құрылымы. Аденовирустар куб тәріздес симметрия принципі бойынша құрылған, суперкапсиді жоқ. Антиген:топтық спецификалық антиген. Эпидемиология:инфекция көзі-латентті түрінде шалдыққан адамАуа тамшылы, жанасу арқылы жұғад. Ішектік аденовирусс нәжіспен бөлініп фекальды оральды жолмен тарайды.
Патогенез:тыныс алу,ішек жолдарының шырышты қабаттары жасушаларында, көз конъюктивасы, лимфоидты тіндерде атқарылады.Қантамыр эндотелиясын зақымдайды. Құрсақішілік ауру, ұрық ауытқуы, нәресте өлімімен аяқталады. Вирус фарингит, ларингит,трахеобронхит қоздырады. Ішектік вирус сәбиде гастроэнтерит бұрқетпесін қоздырады.Диагноз: Вирус бөлу, идентификация, серология. Алдын алу:сақтану шаралары.Спецификалық профилактика вакцина егу шектелген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет