69. еGov порталы ұсынатын мүмкіндіктер
Жеке кабинеттегі дербес құжаттамада қандай ақпарат бар
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер: олардың нөмірлері мен қолданылу мерзімі;
Тіркелген мекенжайы және туған жері;
Жүргізуші куәлігінің нөмірі мен санаты, егер ол бар болса, сондай-ақ оның қолданылу мерзімі;
Неке қию туралы мәліметтер: тіркелген күні мен орны, жұбайының/зайыбының Т.А.Ә. және ЖСН, жұбайының қыз кезіндегі тегі;
Әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктерді алушының мәртебесі (бар болған жағдайда);
Мүліктің, жылжымайтын мүліктің болуы туралы мәліметтер (бар болған жағдайда): оның мекенжайы және кадастрлық нөмірі;
Егер бар болса, заңды тұлғаларға қатысуы туралы мәліметтер;
Автомобиль туралы деректер;
Қызмет түрлері бойынша лицензиялардың болуы;
Борышкерлер тізілімінде болуы немесе болмауы;
Медициналық ұйымға тіркелу туралы ақпарат: емхананың атауы, учаскелік дәрігердің Т.А.Ә., тіркелген күні және тіркелген учаскенің нөмірі;
Дара кәсіпкердің мәртебесі (бар болған жағдайда);
Балалар туралы мәліметтер: аттары, ЖСН-рі, туған күндері (сіздің балаңыздың ЖСН-ін АХАЖ ақпараттық жүйесіне қосу үшін баланың актілік жазбасында ата-анасының ЖСН-рі болуы тиіс);
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар бойынша мәліметтер;
Балабақшаға кезек нөмірі
Тұрғын үйге кезек туралы мәліметтер;
Өтелмеген әкімшілік айыппұлдардың болуы немесе болмауы;
"E-Қызмет" АЖ мемлекеттік қызмет мәртебесі туралы мәлімет.
"Кіріс" бөлімі
Дербес құжаттамадан басқа Жеке кабинетте өтініштер тарихының, хабарламалардың, төлемдер тарихының және хабарламаларға арналған себеттің кіші бөлімдерінен тұратын "Кіріс" бөлімі бар.
Өтініштердің тарихы – бұл барлық өтініштер өз арналары бойынша бөлінген қызметтерді алудың жаңартылған тарихы:
eGov.kz порталы;
"Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ (ХҚО);
ҚҚЖП – қоғамдық қол жеткізу пункті;
Ашық диалог – блог-платформаға жүгінулер;
Мобильді қосымша;
Е-әкімдік;
Телеграм-бот.
Онда кестелік түрде сұратылған қызметтердің тізімі, олардың мәртебесі, өтініштердің бірегей нөмірлері және сұраулар күні көрсетіледі. Өтінішке басу кезінде мәртебелердің өзгеру тарихы және қызметті сұрау нәтижесі, яғни PDF форматында жүктеу үшін қол жетімді екі тілдегі құжаттар/анықтамалар бар бет ашылады.
Хабарламалар бөліміне сұратылған қызметтер мәртебесінің барлық өзгерістері түседі. Теңшеу арқылы ашық үкімет порталдарымен байланысты белсенді хабарламаларды де қосуға болады.
Төлем тарихы электрондық үкімет порталы арқылы өткізілген барлық төлемдер туралы ақпаратты қамтиды.
Алынған хабарламаларды Жеке кабинеттен алып тастауға болмайды, бірақ қалауы бойынша оларды "себетке" салуға болады.
"Менің құжаттарым" бөлімі
Қорғалған қойманың рөлін атқаратын "Менің құжаттарым" арнайы бөліміне маңызды құжаттардың электрондық көшірмелері мен скан-нұсқаларын санаттарға және кіші санаттарға бөлу арқылы жүктеуге болады. Сондай-ақ, онда алынған электрондық анықтамаларды сақтауға болады.
"Теңшеу" бөлімі
Теңшеу Жеке кабинеттің маңызды функциясын, атап айтқанда – кеңейтілген ескерту жүйесін басқаруға мүмкіндік береді. Мұнда сіз қандай жолмен және қандай хабарламаларды алғыңыз келетінін дәл көрсетуге болады. Хабарландыру тәсілдері – электрондық хаттар, SMS және push-хабарламалар.
Хабарлама түрлерінің толық тізімі:
Отбасы
Балабақшаға кезек нөмірінің өзгеруі.
Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту
Мемлекеттік органдағы бос лауазымға конкурс басталды.
Жылжымайтын мүлік
Жылжымалы мүлік объектісіне ауыртпалық салу/алып тастау;
Жылжымайтын мүлік объектісіне ауыртпалық салу/алып тастау;
Жылжымайтын мүлік объектісіне құқықтың туындауы/тоқтатылуы.
Салықтар, қаржы және төлемдер
ҚР банктері арқылы қызмет үшін төлем мәртебесі;
Қызмет үшін төлемді бюджетке есептеу;
Әкімшілік айыппұл салу.
Құқықтық көмек
Сот органдарына сұрау салу мәртебесінің өзгеруі;
Сот процесіне қатысу.
Денсаулық сақтау
Жоспарлы емдеуге жатқызу күнін анықтау;
Диспансерлік есепте тұрған пациенттерді жоспарлы тексеру;
Жүкті әйелдерді жоспарлы тексеру.
"Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ
"Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ-ға сұрау салу нәтижесінің дайындығы;
"Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ-да өтініштің мәртебесін тіркеу және өзгерту.
"Электрондық үкімет" порталы
"Электрондық үкімет" порталында өтінім мәртебесін тіркеу және өзгерту;
"Электрондық үкімет" порталының "Жеке кабинетінде" қызметті келісу/жалғастыру қажеттілігі туралы хабарландыру.
"Ашық НҚА" порталы
НҚА жобасының мәртебесінің өзгеруі;
Сіздің пікіріңізге жауап алу.
"Ашық диалог" порталы
Сіздің пікіріңізге жауап алу;
Сауалнамалар бойынша хабарламалар алу;
Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының блог-платформасында жүгіну мәртебесін өзгерту;
Интернет-конференцияда сұрақтың мәртебесін өзгерту;
"Ашық деректер" порталы
Ашық деректер жинағын өзектендіруге/жариялауға өтінім мәртебесін өзгерту;
Сіз жарияланымға жіберген ашық деректер жинағының мәртебесін өзгерту;
Ашық деректер жинағының мәртебелері бойынша хабарлама алу;
Сіздің пікірлеріңіз бойынша хабарламалар алу.
"Ашық бюджеттер" порталы
Бюджеттік бағдарламалар мәртебелері және іске асыру бойынша есептер бойынша хабарламалар алу;
Сіздің пікіріңізге жауап жариялау.
Сіздің "Ашық үкіметтегі" жазылыстарыңыз
Сіз жазылған ашық деректер жиынтықтарындағы өзгерістер;
Сіз жазылған сауалнаманың аяқталғаны туралы хабарлама алу;
Сіз жазылған пікірге жауап алу;
Сіз қол қойған "Ашық бюджеттер" порталының құжаттарындағы өзгерістер.
Сондай-ақ, теңшеуде түнгі уақытта хабарламалар және қызықты қызметтер туралы хабарландыруларды жіберуге тыйым салуға болады.
Жеке кабинеттің теңшеуіндегі жаңашылдықтардың бірі – "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ-да, яғни ХҚКО-да және мамандандырылған ХҚКО-да қызметтерді алуға тыйым салуды орнату мүмкіндігі. Осы пункттің жанында құсбелгіні орнатқаннан кейін сіз бұл белгіні өзіңіз алып тастамай ХҚКО-да сіздің атыңыздан қызметтерді алу мүмкін болмайды. Бұл операция ЭЦҚ растауды талап етеді.
Құпия сөзді және байланыс деректерін өзгерту
EGov.kz порталында авторландыру үш тәсілмен жүргізіледі – ЖСН/құпия сөз байланысы арқылы, ЭЦҚ көмегімен немесе SMS-пароль арқылы Жеке кабинетте парольді, сондай-ақ мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөмірін ауыстыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |