«Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметін көрсету стандарты



жүктеу 0.84 Mb.
бет1/6
Дата09.06.2016
өлшемі0.84 Mb.
  1   2   3   4   5   6


Жоба
Қазақстан

Республикасы Үкіметінің

201__ жылғы «__» __________

№ ___ қаулысымен

бекітілген

«Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметін көрсету стандарты


  1. Жалпы ережелер

1) Мемлекеттік қызметтің атауы – соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету стандартын әзірлеуші орталық мемлекеттік органның атауы - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы.

3) Қызмет көрсетушінің атауы – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) және оның облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық басқармалары (бұдан әрі – аумақтық басқармалар) халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – орталық), халыққа ұтқыр қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – ұтқыр орталық), «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы немесе қызметті алушы тікелей жүгінген кезде көрсетеді.



Комитеттің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Мәскеу көшесі, 34-үй, кеңсе телефоны 8 (7172) 31-73-27, электрондық почта: www.pravstat.kz.

Аумақтық басқармалардың мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат, сондай-ақ қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері интернет-ресурсында: www.prokuror.kz, www.е.gov.kz, Комитеттің және оның аумақтық басқармаларының ғимараттарындағы үлгілері бар ақпараттық стенділерде орналасқан.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
1) Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

қызмет көрсетуші үшін - қызметті алушы осы стандарттың 6-тармағында анықталған қажетті құжаттарды Комитетке немесе оның аумақтық басқармаларына тапсырған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде. Қызметті алушы құжаттар пакетін тапсыру үшін барынша рұқсат етілген күту уақыты - 30 минут. Қызметті алушыға қызмет көрсетуге барынша рұқсат етілген уақыт – 10 минут.

орталықтар, ұтқыр орталықтар арқылы - қызметті алушы жүгінген сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде. Қызметті алушы құжаттар пакетін тапсыру үшін барынша рұқсат етілген күту уақыты - 20 минут. Қызметті алушыға қызмет көрсетуге барынша рұқсат етілген уақыт – 20 минуттан артық емес.

портал арқылы – 3 жұмыс күнінің ішінде.

2) Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: ішінара автоматтандырылған.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

қызмет көрсетуші үшін - жеке тұлғада соттылықтың болуы немесе болмауы туралы қағаз тасымалдағыштағы анықтама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасымалдағыштағы дәлелді жауап;

орталықта, ұтқыр орталықта және порталда - жеке тұлғада соттылықтың болуы немесе болмауы туралы электрондық құжат түріндегі анықтама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат түріндегі дәлелді жауап;

4) Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

5) Қызмет көрсетушінің жұмыс кестесі: демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, күнделікті сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек тәртібінде жүзеге асырылады.

Орталықтардағы жұмыс кестесі: демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, еңбек заңнамасына сәйкес, дүйсенбі мен сенбі аралығында күнделікті үзіліссіз сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін. Қабылдау «электрондық» кезек тәртібінде, жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүргізіледі.

Ұтқыр орталықтар құжаттарды орталық бекіткен кестеге сәйкес, бірақ бір елді мекенде күніне алты жұмыс сағатынан кем емес уақыт ішінде қабылдайды.

Порталдың жұмыс кестесі – тәулік бойы.

6) Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

қызмет көрсетушіге:

соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру жөніндегі өтініш;

жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсынумен);

он алты жасқа толмаған адамдар үшін баланың тууы туралы куәліктің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсынумен);

қызметті алушының мүдделеріне үшінші тарап өкілдік еткен кезде – нотариус куәландырған сенімхат;

орталыққа, ұтқыр орталыққа:

жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсынумен);

он алты жасқа толмаған адамдар үшін баланың тууы туралы куәліктің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсынумен);

қызметті алушының мүдделеріне үшінші тарап өкілдік еткен кезде – нотариус куәландырған сенімхат;

порталға:

қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық өтініш.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және оны алу үшін қажетті құжаттар туралы ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері www.prokuror.kz интернет-ресурсында орналасқан.

Орталықтарда бекітілген нысандағы өтініштердің бланктері күту залындағы арнайы тағанда, сондай-ақ Орталық РМК интернет ресурсында орналастырылады: www.con.gov.kz.

Толтырылған қажетті құжаттар Комитеттің және аумақтық басқармалардың кеңселеріне (1-қосымшаға сәйкес) немесе орталыққа, ұтқыр орталыққа (2-қосымшаға сәйкес) тапсырылады.

Орталықтарда құжаттарды қабылдау операциялық залда жүзеге асырылады.

Порталда өтінішті жолдау қызметті алушының «жеке кабинетінен» жүргізіледі. Өтініш мемлекеттік органға – таңдалған қызмет түріне сәйкес адресатқа автоматты түрде жолданады.

Құжаттарды уәкілетті орган арқылы қабылдаған кезде қызметті алушыға күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі және аты-жөнінің бірінші әріптері көрсетілген талон беріледі.

Құжаттар орталық, ұтқыр орталық арқылы қабылданған кезде қызметті алушыға мыналар көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі:

өтініштің нөмірі мен қабылданған күні;

сұралған мемлекеттік қызметтің түрі;

қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;

құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;

құжаттарды ресімдеу үшін өтінішті қабылдаған орталық, ұтқыр орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары;

Портал арқылы жүгінген жағдайда қызметті алушының порталдағы жеке кабинетіне қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алатын күнді және уақытты көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті қабылдау туралы хабарлама-есеп жіберіледі.

Қызметті көрсетуші құжаттарды қызметті алушы немесе сенімхат бойынша өкіл тікелей жүгінген кезде береді.

Орталықтағы, ұтқыр орталықтағы орталықтың, ұтқыр орталықтың қызметкері қызметті алушыға құжаттарды қызметті алушы немесе сенімхат бойынша өкіл тікелей жүгінген кезде береді.

Портал арқылы жүгінген кезде қызмет көрсету нәтижесі қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

7) Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып осы стандарттың 6-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбау;

Қызмет алушының осы стандартпен көзделген тізімге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы стандарттың 7-қосымшасындағы нысан бойынша қол хатты береді.




3. Шағымдану тәртібі
1) Комитеттің және аумақтық басқармалардың ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметтерінің қызметкерлері қызмет көрсетуші мен оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіреді және шағымды дайындауға көмек көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті алушының Комитетке және аумақтық органдарға шағымы ерікті нысанда беріледі.

Қабылданған шағым Комитеттің және аумақтық басқармалардың ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мерзімдерде қаралады.

Шағымды қарау нәтижелері қызметті алушыға заңнамамен белгіленген тәртіпте хабарланады.

Комитеттің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Мәскеу көшесі, 34-үй, кеңсе телефоны 8 (7172) 31-73-27, электрондық почта: www.pravstat.kz.

Аумақтық басқармалардың мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында, ал орталықтардың мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген.

2) Шағымды қарау нәтижелеріне келіспеген жағдайда, қызметті алушы мына мекенжай бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына жүгіне алады: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 14-үй, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жұмыс кестесі: демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, күнделікті сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, сондай-ақ интернет-ресурсында: www.prokuror.kz.

3) Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық, ұтқыр орталық қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі туралы ақпарат «электрондық үкіметтің» call-орталығы ақпараттық-анықтама қызметінің телефоны арқылы (1414) немесе осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша ұсынылады.

Орталықта көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелеріне келіспеген жағдайда шағым Орталық РМК бас директорының атына мына мекежай бойынша жолданады: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43-үй, телефоны 8 (7172) 94-99-93, интернет-ресурсы: www.con.gov.kz.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелеріне келіспеген жағдайда қызметті алушы заңнамамен белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы.
4. Өзге талаптар
1) Қызметті көрсетушіге тікелей келу мүмкіндігі жоқ, халықтың әлеуметтік қауқарсыз тобына жататын адамдарға мемлекеттік қызмет нотариус куәландырған сенімхат бойынша үшінші адам арқылы көрсетіледі.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

қызмет көрсетушінің интернет-ресурсында: www.prokuror.kz;

порталда: www.e.gov.kz;

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – Орталық РМК) интернет-ресурсында: www.con.gov.kz;

ақпараттың ресми дереккөздерінде, осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында тізбелері көрсетілген қызмет көрсетуші мен орталықтардың ғимараттарындағы үлгілері бар стенділерде, ақпараттық тақталарда орналасқан.

3) Қызметті алушыда электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болған кезде қызметті алу үшін сұрау «электрондық үкіметтің» порталы арқылы (www.e.gov.kz) жолдана алады.

Қазақстан Республикасының азаматтары электрондық цифрлық қолтаңбаны Халыққа қызмет көрсету орталықтарында немесе ҚР Ұлттық куәландыру орталығының сайты арқылы (www.pki.gov.kz) алады.



4) Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» call-орталығы ақпараттық-анықтама қызметінің телефоны арқылы (1414) алуға болады.

«Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметін көрсету стандартының 1-қосымшасы


  1   2   3   4   5   6


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет