Воп для вступительных экзаменов в интернатуру 5 курс терапия


Амбулаторлы-емханалық жағдайда ішкі аурулар



бет2/3
Дата11.06.2023
өлшемі400 Kb.
#474934
1   2   3
Тесты-5-курс-ВОП-каз

Амбулаторлы-емханалық жағдайда ішкі аурулар

51. Цефалоспориндердің 2 қатарына қандай дәрілер жатады:


1.цефазолин
2.+цефуроксим
3.цефтриаксон
4.клафоран
5.цефотаксим

52. Төмендегі аускультация нәтижесінен жүрек ақауын анықтаңыз: жүрек ұшында 1 тон қатты шапалақпен естіледі, митральді клапаннан қосымша тонның ашылуы (перепел ырғағы), өкпе бағанының үстінен 2 тон акценті естіледі, жүрек ұшында диастолалық шу естіледі, науқасты вертикальді жағдайда жатқан кезде жақсы естуге болады:


1.Митральді жетіспеушілік
2.+Митральді стеноз
3.Аорталық жетіспеушілік
4.Аорталық стеноз
5.Үшжармалы клапан жетіспеушілігі

53. Науқас Ж., 42 жаста, іріңді қақырықпен жөтел, қалтырау, дене қызуының 40С-қа дейін жоғарлауы, айқын интоксикациялық синдром. Объективті және рентгенологиялық мәліметтерінде жұқа қабырғалы сұйықтықсыз қуыстың түзілуімен өкпе тінінің іріңді –деструктивті ыдырауы анықталды. Осы симптомдар мына пневмонияға тән:


1.микоплазмалы
2.клебсиеллалы
3.аденовирусты
4.пневмококкты
5.+стафилококкты

54. Көп жылдар бойы бронхообструктивті синдроммен 65-жастағы науқаста тұншығу ұстамасы, аз мөлшердегі қақырықты жөтел, оң жақ қабырға астында ауырлық сезімі, зәр мөлшерінің азаюы байқалады.Объективті: акроцианоз, мойын веналарының білеуленуі, эпигастрий аймағында пульсация, өкпе артериясында II тон акценті, тахикардия, бауырдың ұлғаюы, ісінулер. ЭКГ-да қандай өзгеріс анықталуы мүмкін:


1.қарыншаішілік блокада
2.сол қарынша гипертрофиясы
3.сол жүрекше гипертрофиясы
4.+оң қарынша гипертрофиясы
5.Гис шоғырының сол аяқшасының блокадасы

55. Науқас Г., 30 жаста кардиология бөліміне жүрек соғысының жиілеуіне, кеуде тұсындағы қысып ауырсынуға, кейде есінен танудың болуына шағымданып келді. Объективті қарағанда: дене бітімі астеникалық. Жүрек тондары аздап тұйықталған, ырғағы дұрыс ЖСЖ– 88 рет/мин. АҚҚ – 90/60 мм с.б.б. ЭКГ - ST V2-V3 сегментінің элевациясы. Тропонин Т-өзгермеген. Бірінші кезекте науқас қандай тексеруді қажет етеді ?


1.эхокардиография
2.вентрикулография
3.коронароангиография
4.электроэнцефалография
5.+тәуліктік мониторлеу ЭКГ

56. Науқас, 55 жаста соңғы жылдары 15 минут бойы созылатын төсінің жоғарғы 3/1 бөлігіндегі ауырсыну сезімдеріне шағымданады, нитроглициерин қабылдағаннан кейін ауырсыну сезімдері басылады; АҚ – 120/80 мм с.б. пульс – 62 рет, ЭКГ – де патологиялық ауытқу жоқ. Физикалық жүктемеден кейін, жоғарғы толерантылық байқалмайды. Ауырсыну кезінде ЭКГ-да кеуде тіркемелерінде ST сегментінің жоғарылағанын байқауға болады. Сіздің диагнозыңыз қандай:


1.Кардиалгия
2.Нейроциркуляторлы дистония
3.Күш түсу стенокордиясы
4.+Вариантты стенокардия
5.Обструктивті кардиопатия

57. Науқас 45 жаста, оң жақ табанның бірінші саусағындағы қатты ауырсынуға, тері түсінің өзгеруіне шағымданады. Анамнезі бойынша: жақында алкоголь қабылдаған. Осы көрініс артиттің қандай түріне тән:


1.Туберкулезді
2.Ревматикалық
3.Деформирлеуші
4.Ревматоидты
5.+Подагралық

58. Созылмалы гастритпен тіркеуде тұрған науқаста ауыруының өршуі кезінде ішкен асын құсып тастау, ішінің ауруы, шіріген жұмыртқа кекірушағымдары пайда болды. Науқаста қандай асқынулар байқалады:


1.Перфорация
2.Пенетрация
3.+Стенозирлеу
4.Малигнизация
5.Қан кету

59. Қараудан кейін науқаста өңеш веналарының кеңеюі,асцит байқалған.Болжам диагноз


1.Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі
2.Созылмалы гепатит
3.Сзылмалы оң жақ қарынша жетіспеушілігі
4.Нефротикалық синдром
5.+Бауыр цирозы

60. Науқас Н., 67 жаста, 10 жыл бойы артериялық қан қысымымының жоғарлауымен ауырады, 15 жыл бойы шылым шегеді, сонымен қатар қантты диабеттің 2-ші түрімен 4-жыл бойы ауырады, тәулігіне 850 мг мөлшерінде глюкофаж қабылдайды. Дене салмағының индексі 29 кг/м2, холестерин деңгейі 5,0 ммоль/л. ЭКГ –де сол жақ қарыншаның гипертрофия көріністері анықталды. Қараған кезде АҚҚ160/110 мм.с.б.б. Сіздің диагнозыңыз:


1.+АГ 3 дәреже, 2 кезең, қауіп 4
2.АГ 2 дәреже, 3 кезең, қауіп 3
3.АГ 2 дәреже, 2 кезең, қауіп 4
4.АГ 1 дәреже 2 кезең, қауіп 4
5.АГ 3 дәреже, 3 кезең, қауіп 4

61. Науқас В., 47 жаста жүрек тұсындағы тыныс алумен байланысты ұзақ, сыздап ауырсынуға шағымданады. Бұл шағымдарын екі күн бұрын салқын тиюмен байланыстырады. Объективті: жүрек тондары тұйықталған, шамалы тахикардия, сол жақ қырымен жатқанда барлық систоламен диастоланы алатын және денесін алға еңкейткенде күшейетін, тембрі бойынша «қар сықырына» ұқсайтын шулар естіледі. АҚ-110/70 мм .с.б. Қанда: лейкоциттер- 10,5 мың., ЭТЖ - 18 мм /сағ. ЭКГ-да: купол тәрізді STI, II, III, V3-V6 сегментінің көтерілуі. Науқасқа қандай препарат қарсы көрсетілген?


1.Аевит
2.Кетонал (кетопрофен)
3.Мовалис (мелоксикам)
4.+Гепарин
5.Милдронат

62. Науқас М. 65 жаста, соңғы 2 жыл ішінде бастың айналуына, әлсіздікке, көздің қарауытуына, жүрген кезде теңселуідің байқалатынын айтты. Соңғы 2 ай ішінде жалпы жағдайы нашарлаған: 2 рет жедел жәрдем шақырған, онда жүрекшенің жыпылық ұстамасы анықталған, жалпы қарау кезінде ЖСЖ 50 рет/ минутына, АҚҚ – 160/70 мм с.б.б., ЭКГ-да синустық брадиаритмия 50-58 рет минутына. Миокардтын дифузды өзгерістері. Науқасқа дәрі енгізудің әрекетін анықтаңыз.


1.Амиодарон+калий препараттары
2.Калций антоганистері + АПФ ингибиторлары
3.+Жасанды ритм беруші имплантациялар
4.Коронаролитиктер, аорто-коронарлы шунтирлеу
5.Бета-блокаторлар+жүрек гликозидтері+диуретиктар

63. Науқас М., 40 жаста әлсіздікке, бас ауруына, тәбетінің нашарлауына, аяғының ісінуіне шағымданады. 8 жыл бойы бүйрек ауруларымен ауырады. Объективті: тәбетінің төмендеуі, тері түсінің бозаруы. Қан анализінде: Нв-80 гр/л, эр – 3,2 млн., лейк – 6,8 мың, ЭТЖ – 25 мм/сағ. Зәр анализінде: үд.салмағы – 1015, белок – 1,8 г/л, лейк – 6-7 к/ай, эрит – 3-4 к/ай. Берілген жағдайда қандай зерттеу әдісі қажет болып табылады:


1.Хромоцистоскопия
2.+Бүйректің пункциялық биопсиясы
3.Бүйректің жалпы рентгенографиясы
4.Бенс-Джонс белогын анықтау
5.Зәрді бактериологиялық зерттеу

64. Науқас 53 жаста,тәбетінің төмендеуіне оң жақ қабырға астындағы ауырсынуға, терісінің қышуына шағымданады .Обьективті: терісінің сарғаюы, қан тамырларының дақтары, перфифериялық ісінулер, асцит байқалады. Анамнезінен: ішімдік ішкендігі,15 жыл бойы вирусты гепатит С мен ауырған. Зертханалық нәтиже: билирубин ─50, альбумин─2.9%. Диагноз:


1.Бауырдың вирусты циррозы, компенсация, портальды гипертензия
2.Аутоиммунды генездегі цирроз
3.Бауырдың вирусты циррозы, портальді гипертензия субкомпенсация
4.+Бауырдың алкогольді циррозы, портальді гипертензия,декомпенсация
5.Бауырдың холестатикалық циррозы

65. Сульфониламидтердің қантты төмендетуші әсері неге негізделген:


1.+β жасушаларында инсулиннің секрециялануының жогарылауы
2.Бүйректік глюконеогенездің тежелуіне
3.Эндогенді инсулин әсерінің артуына
4.ішекте глюкоза резорбциясының бәсеңдеуі
5.Глюкагон секрециясының тежелуі

66. Науқас 27 жаста, ішінің толғақ тәрізді ауырсынуы, қан аралас сұйық нәжістің күніне 8-9 рет болуына шағымданып келді. Ауырғанына бірнеше күн болған. Ректороманоскопия жүргізілді:онда ішектің қуысы тарылған, шырышты, ісінген, қызарған, эрозирленген, кей жерлерде қанталаған диметрі 0,9 смдейінгі жаралар анықталды. Науқасты жүргізу әрекетіңіз:


1.Күндізгі стационар жағдайында емдеу
2.Үйде 5-10 күн бойы бақылау
3.Жедел хирургия бөліміне жатқызу
4.Жедел инфекция бөліміне жатқызу
5.+Жедел гастроэнтерология бөліміне жатқызу

67. Жүрек және бүйрек ісіктері кезіндегі тұрақты түрде жүргізілетін терапияның жалпы емдеу принциптерін анықтаңыз:


1.+Бүйрек перфузиясын жақсарту
2.Жүрек лақтырысын төмендету
3.Осмотикалық диуретиктерді өолдану
4.Біріншілік гиперальдостеронизмді қолдану
5.Қандағы плазманың онкотикалық қысымын жоғарлату

68. Анамнезінде пансионат, қонақ үйде душпен, кондиционермен қолданған; айқын интоксикациямен фебрильді қызба, миалгиямен, артралгия, жөтел, абдоминальды ауырсыну, диарея;қанда - лимфоцитопения лейкоцитозбен, ЭТЖ 50 мм/сағ.Осы симптомдар мына пневмонияға тән:


1.Хламидиялы
2.+Легионеллезды
3.Микоплазмалы
4.Пневмококкты
5.Стафилококкты

69. Гломерулонефириттің салыстырмалы диагностикасы үшін зерттеу әдісі болып табылады.


1.+Бүйректің пункциялық биопсиясы
2.Экскреторлы урография
3.Радиоизотопты зерттеу
4.Клиника- лабораторлы зерттеу
5.Бүйректің компьютерлі томографиясы

70. Науқас Е.., 45 жас.Дене қызуының 39 градусқа жоғарылауына, қалтырауына, сол жағының шаншып ауырсынуына, құрғақ жөтелге шағымданады. Тыныс алу кезінде кеуденің сол жақ бөлігі қалыс қалады. Жүрек – ЖСЖ 102 рет минутына, АҚ 120/60 мм.с.б. R-граммада: сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде гомогенді қараю, кеудеаралық мүшелері оң жаққа ығысқан. Қандай ауру туралы ойлауға болады.


1.Ошақты пневмония
2.+Экссудативті плеврит
3.Өкпе туберкулезі
4.Өкпе абсцессі
5.Өкпе гангренасы

71. Науқас 25 жаста, бір ай бойы қызбаның болуына, 6кг дене салмағының төмендеуіне, тәулігіне 5-6 рет сұйық нәжістің болуына шағымданды. Анамнезі бойынша: ошақты пневмониямен ауырған. Объективті: қолтық асты және шаптағы лимфа түйіндерінің ұлғаюы анықталды. Сіздің болжам диагнозыңыз:


1.Өкпе туберкулезі
2.Сепсис
3.+ВИЧ-инфекция
4.Іш сүзегі
5.Малярия

72. Науқас М., 78 жаста артериальды гипертензиямен ауырады. Қуық безіндегі аденома бойынша урологта есепте тұрады. Науқасқа АҚҚ төмендету үшін және зәр шығару каналының бітелуін азайту үшін аталған дәрілердің қайсысын науқасқа тағайындаған дұрыс?


1.Урегит (этакринді қышқыл)
2.Эсмолол
3.+Кардура (доксазозин)
4.Нолипрел (периндоприл)
5.Верапамил

73. Науқас 35 жаста, 15 жыл бойы ревматоидты артрит диагнозымен тіркеуде тұр. Вирусты инфекциядан кейін жөтел, қақырық, буындарда ауырсыну сезімі күшейген. Объективті: Білезік буынының ульнарлы девиациясы, ревматоидты түйіндер байқалған. Өкпесінде қатты дыбыс. Құрғақ сырылдар. Қанында: Гемолглабин 102 гр/л., эритроциттер -4,2 х 1012, лейкоциттер 3,6 х 109, ЭТЖ – 48 мм/сағ. Рентгенограммада өкпе суретінінің күшейгені байқалады, емдеу тактикасы.


1.Цитостатиктер
2.+Кортикостероидтер
3.Алтын препараттары
4.Антибиотиктер
5.Аминохинолин қатардағы дәрілер

74. 52 жастағы әйел адам майлы тағам қабылдағаннан кейін ішінің ауруы, құсу байқалған. Пальпациялауда эпигастрий аймағының ауырсынуы байқалады. Амбулаторлы ем қабылдағаннан кейін жағдайы жақсарды – ауырсыну сезімдері азайды. Құсу тоқтады. Лабораторлы зерттеулер нәтижесі қалыпты. Осы жағдайда аурудың соңы қандай болады.


1.Перитонит
2.+Сауығу
3.Ұйқы безінде киста қалыптасу
4.Өлімділік
5.Малигнизация

75. Гипогликемиялық команың емінде енгізуге әсерлі болып табылады:


1.К/т 5% глюкозы ерітіндісін енгізу
2.+К/т 40% глюкозы ерітіндісін ақырындап енгізу
3.К/т норадреналин енгізу
4.К/т глюкокортикоидтарды енгізу
5.Тәтті емес чай

76. Қабылдауда науқас 26 жаста,дене қызуының 38,7°C дейін көтерілуіне, іш ауруына,тәулігіне 7─9 рет қан аралас сұйық дәреттің болуына шағымданып келді. Қарап тексергенде іші ұлғайған,сол жақ мықын аймағында ауырсыну бар, сонымен қатар пальпацияда тоқ ішек тәж тәрізді. Науқаста аурудың қай түрі болуы мүмкін


1.Жедел дизентерия
2.Тік ішек рагы
3.Уиппл ауруы
4.Крон ауруы
5.+Спецификалық емес жаралы колит

77. Науқас К., 42 жаста төс артында таңға жуық пайда болатын, батып ауырсынуға шағымданады. Науқас жүргізуші болып жұмыс істейді, күндіз ауырсыну мазаламайды. Коронароангиографияда – атеросклероздық өзгерістер анықталмаған, эргометринмен сынама оң. Сіздің болжам диагнозыңыз?


1.+ЖИА. Вазоспастикалық стенокардия
2.ЖИА. Үдемелі і стенокардия
3.ЖИА. Күш түсу стенокардиясы ФК II
4.ЖИА Күш түсу стенокардиясы ФК III
5.ЖИА. Күш түсу стенокардиясы ФК IV

78. Дәрігерге 63 жастағы М. науқас келді. ЖИА. Инфарктан кейінгі кардиосклероз. Жыпылық аритмиясы, тахисистолалық түрі, артериялық гипертензия 3 дәрежелі, қауіп 4, НКІІБ диагнозымен есепте бақыланып жүр. Соңғы 2 апта бойы жалпы жағдайы нашарлауына шағым түсіреді. Дәрі-дәрмек үнемі қабылдайды. АҚ -150/90 мм с.б. ЖЖ – 54 рет. ЭКГ: PQ 0,26 c, QRS деформеленген, ST тісшесінің изоэлектрлік сызықтан ауытқығаны байқалады, топтық қарыншалық экстрасистололар байқалады. Науқастың жағдайының нашарлауын бағалаңыз.


1.Гипертоникалық криз
2.+Гликоздті интоксикация
3.Қайталанған инфаркт миокардісі
4.Декомпенсацияланған жүрек жетіспеушілігі
5.Ми қан айналымының бұзылуына ауысуы

79. 62 жастағы науқасты эпигастрий аймағындағы ауырсыну, қышқыл кекіру метеоризм, іш-қату мен іш-өтуінің кезектесуі мазалайды. Объективті: тері жабындыларының бозаруы, құрғақ тері, тырнақ сынғыштығы көрінеді. Сіздің әрекетіңіз.


1.Сорбифер+алмагель+гепабене
2.Домперидон+креон+бифидум бактерин
3.Циметидин+панзинорм+но-шпа
4.Цизаприд+алмагель+хилак форте
5.+Табиғи асқазан сөлі+ панзинорм+мильгамма

80. Науқаста қантты диабеттің 1-ші типті бар, физикалық жүктемеден кейін науқас есінен танып қалды, гликемия 1.0 ммоль/л. Дәрігер не істеу керек


1.Инсулин енгізу
2.+Глюкагон енгізу
3.10% глюкоза ерітіндісін енгізу
4.Коллоидты ерітінді енгізу
5.Физиологиялық ерітінді енгізу

81. 43 жастағы науқасты дене салмағының артуы,әлсіздік,бетінің ісіуі,терісінің құрғауы, ішінің қатуы, аменорея, есте сақтауының нашарлауы мазалайды. Терісі құрғақ, суық. Қалқанша безі пальпацияланбайды. АҚ90/60 мм с.б.б. пульс─52 рет.Т3 және Т4 төмендеген, ТТГ жоғарылаған. Науқасқа қандай ем көрсетіледі:


1.Тиреостатты препараттар
2.+Тиреоидты препараттар
3.Диуретиктер
4.йод препараттары
5.Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар

82. Қабылдауда 58 жастағы науқас келді. Ұзақ уақыт бойы асқазан және ішек ауруларымен ауырады. ЖҚА: Нв - 73 г/л, ТК – 1,6, Эр. - 2,8х1012/л, макроцитоз. Міндетті түрде қандай ем тағайындау керек?


1.Хеферол 350 мг 2 р/д
2.Эр-масса құю 250 мл
3.Фенюльс қабылдау 150 мг 2 р/к
4.+Цианокобаламин енгізу 500 мкг 2 р/к
5.Аскорбин қышқылын 50 мг 3 р/к

83. Науқас 48 жаста, 2 жыл бұрын холецистоэктомияны басынан кешірген, содан кейін іштің желденуін және іш өтуі тоқтамаған. Осы жағдайда қандай дәріні қолданылады:


1.Креон
2.+фестал
3.Урсосан
4.Маалокс
5.Мезим-форте
84. Қабылдауда 55 жастағы науқас, ол ЖИА, атеросклеротикалық кардиосклероз, СЖЖ ФК2 диагнозымен Д-есепте тұрады. Анамнез бойынша: стенокардия ұстамалары. ЭхоКГ-да сол жақ қарыншаның диастолалық бұзылысы анықталды. Жүректің функциональдық қызметін жаұсартуда қандай дәріні қолдануға болады?
1.Ілмекті диуретиктер
2.жүрек гликозидтері
3.альдостерон антагонистері
4.+селективті бета-блокаторлар
5.гликозидті емес инотропты дәрілер

85. Науқастардағы ауыспалы немесе интерметирлеуші қызба мына ауруларда кездеседі:


1.Пневмококкты пневмонияда
2.Өкпе абсцессінде
3.Өкпе түеркулезінде
4.Сепсисте
5.+Малярияда

86. Жүкті әйелдердің диффузды токсикалық жемсауында төмендегі препараттардың қайсысы қолданылады:


1.Мерказолил
2.+Пропилтиоурацил
3.Тирозол
4.Левотироксин
5.Калий йодиді

87.60 жастағы ер адам 4 сағ. бұрын басталған жедел миокард инфарктісімен интенсивті терапия бөліміне жеткізілді. ЭКГ –қарыншалық қысқа тахикардия жиілігінің өсуі. Аса тиімді тағайындаманы көрсетіңіз:


1.Амиодарон
2.Флеканид
3.+Лидокаин
4.Хинидин
5.Верапамил

88. Науқас В., 19 жаста. Бас ауруымен бел аймағында ауырсынумен бетінің және аяқ-қолдарының ісінуіне шағымданып келді. Зәр шығаруы сирек. Анамнезінен: 3 апта ангина мен ауырған. Жалпы қан анализінде: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғары. Зәр анализінде: олигурия 500мл/ тәул., гематурия, эр 40, лейкоцитурия, белок тәул 30 гр. Болжам диагноз қойыңыз:


1.Созылмалы гломерулонефрит
2.Созылмалы пиелонефрит
3.+Жедел диффузды гломерулонефрит
4.Зәр тас ауруы
5.Бүйрек амилоидозы

89. Дәрігерге 27 жастағы әйел адам жұтыну кезіндегі сұйық, суық немесе ыстық тағамнан кейінгі жағымсыз сезімдердің пайда болуына, ал қою тағамның жақсы өтетініне шағымданып келді. Науқасты сұрастыру кезінде, бұл шағымдар жұмысының жайсыздығына байланысты 1 жыл бұрын пайда болған. Соңғы 2 ай ішінде бұл сезімдер шаршау кезінде және қобалжу кезінде күшейеді. Тәбеті төмендеген, салмағы қалыпты қарап тексеруде патология анықталмаған. Сіздің болжам диагнозыңыз.


1.Созылмалы эзофагит
2.өңештің пептитті жарасы
3.Өңештің төменгі бөлігінің дивертикулы
4.+Гастроэзофагеальды –рефлюксті ауру
5.Диафрагманың өңештік тесігінің жарығы

90. Науқас 19 жастағы ер адам. Оң жақ қабырға асты ауырлығына, жалпы жағдайының нашарлығына,салмақ жоғалтуына,және буындар ауруына шағымданады. Жалпы жағдайының нашарлаған уақытын айта алмайды. Обьективті: тері жабындылары сарғыш.телеангиоэтазиялар кездеседі. Шынтақ буынының ішкі аймағынды екпе іздері бар. Бауыры қабырғадан 2.5см шығыңқы. Көкбауыры пальпацияланбайды.Биохимиялық қан анализі: жалпы билирубин -34,8 мкмоль/л, тимол сынамасы ─ 7.2ед, ИФА-австралиялық антиген табылған.Диагноз:


1.Бауырдың билиарлы циррозы
2.Аутоиммунды гепатит
3.+Созылмалы гепатит
4.Коновалов ауруы
5.Жильбер ауруы
91. Науқас 25 жаста. Шағымдары:жүрек айнуға, құсуға, дене қызуының 38* С дейін жоғарлауына,тәулігіне 5─8 рет жасыл түсті, сұйық нәжістің болуына шағымданды. Болжам диагноз қойыңыз:
1.Арнайы емес жаралы колит
2.Крон ауыруы
3.ащы ішектің дивертикулезі
4.+Сальмоннеллез
5.дизентерия

92. Бала 10 жаста, шөлдейді, зәр шығаруы жиі, әсіресе түнгі уақыттарда, терісі қышиды. Қантты диабет диагнозын қою үшін жүргізу керек:


1.Тәуліктік зәр анализінен глюкозаны анықтау
2.Таңғы зәр порциясынан ацетонды анықтау
3.+Қан анализінен аш қарынға глюкозаны анықтау
4.Зәрден глюкоза мен ацетонды анықтау
5.Жатарда қаннан глюкозаны анықтау

93. Науқас К., 23 жаста, құрғақ жөтелге, қалтырауға, дене қызуының 38º градусқа жоғарылауына, артралгия мен миалгияға, терісінің бөртуіне шағымданады. Объективті қарағанда: лимфаденопатия, гепатоспленомегалия. Рентгенологиялық өкпе суретінің күшеюі, қкпенің төменгі бөлігінде шекарасы айқын емес қараю. Пенициллин және цефалоспоринмен ем нәтижесіз. Қай қоздырғыш аурудың дамуына себепші?


1.пневмококк
2.стафилококк
3.+микоплазма
4.гемофильді таяқша
5.көкіріңді таяқша

94. 29жастағы науқаста сирек экспираторлы тұншығу ұстамалары байқалады, тұншығуды басу үшін аптасына бір реттен кем емес сальбутамол ингаляциясын қолданады. Ұстама кезінде құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Ұстама аралық кезеңді зерттегенде болу керек шамадан ЖФТШ1 (ОФВ1) 80-85 %.Осы клиникалық жағдайға қай диагноз сәйкес келеді?


1.бронх демікпесі, жеңіл персистирлеуші
2.бронх демікпесі, орташа дәреже
3.+бронх демікпесі, жеңіл интермиттирлеуші
4.созылмалы обструктивті бронхит, жеңіл ағым
5.созылмалы обструктивті бронхит, орташа ауырлықта

95. Ер адам 26 жаста, дене қызуының бірнеше күн бойы 38,5о-қа дейін жоғарлауына, басының ауруына, жалпы әлсіздікке, тізе және тобық буындарындағы «қатты ауырсынуға», аяқтарының тырысып қалуына шағымданды. Жалпы қан анализі бойынша: лейкоциттер – 3,4 мың, лимфоциттер – 42%, ЭТЖ – 30 мм/сағ. Рентген сурет бойынша екі жақ тізе буынындада субхондральды пластинкалардың тығыздалуы. Емдеу әрекеті қандай:


1.ампициллин
2.цефазолин
3.цефтриаксон
4.метронидазол
5.+ципрофлоксацин

96. Науқас И. 16 жаста, тізесінің ауруына, балтырының, білезік буынының ауырсынуына, дене температурсының 38 0С, жүрек қағысының күшеюіне, денесінде бөртпелердің пайда болуына шағымданады. 2 жұма бұрын фарингитпен ауырған. Объективті: денесіндегі сақиналы эритема байқалады. Буындары дефиргурленген, ұстағанда ыстық, қозғалыс кезінде қатты ауырады. Жүрек шекараларв ұлғайған тондары әлсіреген. ЖЖ – 58 рет/минутына. Қан анализінде: эр – 5,2 млн., Нв – 135 г/л, л – 18 мың. ЭТЖ – 35 мм/сағ. Осы жағдайды емдеу тактикасы.


1.Диклофенак+преднизолон+конкор
2.Амоксицилин+диклофенак+дигоксин
3.Амоксицилин + диклофенак+гипотизид
4.+Амоксицилин + диклофенак+пренизолон
5.Амоксицилин +пренизолон + АПФ ингибиторлары

97. Науқас С., 52 жаста оң жақ қабырға астындағы ауырсынуға оның оң жақ қолына берілуіне, өт аралас құсуға шағымданады. Объективті: тәбетінің жоғарылауы, оң жақ қабырға астының ауырсынуы, Ортнер симптомы оң. Қанында: лейкоциттер – 9 мың, ЭТЖ-26 мм/сағ. Өтті тексеру нәтижесі бойынша: үш порциясындада – сұйықтық, лейкоциттер 4 –ші порцияда лямблиялар анықталған. Емдеу әреткетіңіз:


1.Амоксициллин
2.Гентомицин
3.Левомицитин
4.Эритрмицин
5.+Трихопол

98. Науқас 14 жаста стационарға коматозды жағдайда Жедел жәржем машинасымен келіп түсті. Диабетпен 4 жыл бойы ауырады. 40 ед инсулинтерапия қабылдайды. Жалпы жағдайының нашарлауы 3 күн бұрын болған .Зеттеу кезінде қандағы глюкоза мөлшері ─28.2ммоль/л, зәрде ацетон ─++++. Бұл науқастың ауыр жағдайын анықтаңыз:


1.+Кетоацидотикалық кома
2.Гипогликемиялық кома
3.Гипе осмалярлық кома
4.Гипер лақтоцидемиялық кома
5.Ашығу кетозы

99. Қабылдауға 35 жастағы науқас келді. Гипохромды микроцитарлы анемия диагнозымен Д-тіркеуде тұрады. Анамнезінде 7 жыл бойы созылмалы энтерит. Ранферон қабылдағаннан кейін жүрек айнуға, құсуға, эпигастрии аймағындағы қолайсыз сезімге шағымданады. Науқасты емдеу тактикасын таңда:


1.Емге церукал қосу
2.Эритроцитарлы масса құю
3.Ранферон мөлшерін төмендету
4.+Темір препараттарын парентеральды
5.басқа темір препараттарын тағайындау per os
100. Науқаста тұрақты күш түсу стенокардиасы ФК3. ЭКГ-да қарыншалық экстрасистолалар тіркелген. ЖСЖ – 78 рет/минутына, АҚҚ – 150/90 мм с.б.б. Науқастың аритмиясына қатысты дәрігердің тактикасын анықтаңыз:
1.Хинидин сульфатын үнемі қабылдау
2.Лидокаин 1-2 рет жылына
3.Верпамил+пропопранол үнемі ішке қабылдау
4.Жоспарлы аорта + коронарлы шунтиверлеу
5.+Арнайы ем қажет емес

101. Аталған белгілер қандай топтағы дәрілерге тән: стенокардия ұстамасының жиілігін азайту және қарқындылығын төмендету, систолалық ҚҚ бастапқы деңгейден 10-15 %-ға төмендету, ЖСЖ-нің жоғарлауын 7-10-қа қысқарту, миокард ишемиясының эпизодтарының жоғалуы?


1.+нитраттарға
2.кордаронға
3. -адреноблокаторларға
4.кальций антагонистеріне
5.калий каналдарының активаторларына

102. Нефротикалық синдромның жиі даму себебін көрсетіңіз:


1.Қантты диабет
2.Жедел пиелонефрит
3.Бүйрек веналарының тромбозы
4.созылмалы пиелонефрит
5.+созылмалы гломерулонефрит

103. Науқас А., 69 жаста ауыр бөліктік пневмониямен науқаста жоғары дене қызуының жылдам төмендеуінде күрт әлсіздік, бас айналу, құлақта шуыл, жүрек айну, лоқсу дамыды. Обьективті: науқас бозғылт, айқын акроцианоз, суық жабысқақ тер байқалды, ЖСС - 100 рет минутына, жіп тәрізді пульс, жүрек тондарының тұйықталуы, АҚҚ 75/40 мм.с.б.б. Науқастың жалпы жағдайының күрт төмендеуіне себеп не:


1.сепсис
2.кардиогенді шок
3.өкпе артериясының тромбоэмболиясы
4.+инфекционды-токсикалық шок
5.жедел респираторлы дистресс-синдромы

104. Науқас А., 52 жаста трансмуральды миокард инфарктісіне байланысты ем қабылдауда. Аурудың үшінші күні науқастың жалпы жағдайы нашарлады, сол жақ төстің ІІІ-ші қабырға аралығында қатаң систолалық шу пайда болды, және оң жақ қарынша жетіспеушілігінің көріністеріде үдей түсті.Осы асқынудың дамуына байланысты қандай тексеру әдісінтағайындайсыз?


1.ЭКГ
2.ЧПЭС
3.+ЭхоКГ
4.селективті коронароангиография
5.кеуде клеткасының рентгенографиясы

105. Науқас 50 жаста ауруханаға төс артындағы қарқынды ауырсынуға, ауырсынудың сол қолға берілетін, ұзақтығы бір сағаттан асатын ауырсынуға шағымданумен түсті. Анамнезінде: гипертониялық ауру- 5 жыл, 20 жасынан шылым шегеді. Жағдайы ауыр, суық тер, жүрек тондары тұйықталған. ЖСС- 91 рет/ мин., АҚ=110/70 мм.с.б. б. Өкпесінде- везикулярлы тыныс. Жедел көмек көрсетуге бұл науқасқа тағайындалады:


1.+промедол
2.стрептодеказа
3.гепарин
4.строфантин
5.перлинганит

106. Дәрігерге 28 жастағы науқас физикалық жүктеме кезінде ентігу сезімдеріне, жүрек аймағында ауырсыну сезімдеріне жүрек қызметінің бұзылуына шағым түсіріп келді. Анамнезінен: бала кезінен жүрек ауруымен ауыратындығы анықталды. Ауыскультацияда 1 тон жүрек ұшында әлсіреген, өкпе бағанының тұсында 2 тон акценті байқалады, жүрек ұшында систололық шу, 1 тонның иррадициясы қолтық асты аймағына беріледі. АҚҚ – 130/80 мм с.б.б. ЖСЖ – 76 рет/минутына. Жүрек ақауын анықтаңыз?


1.Аорталық стеноз
2.Аорталық жеткіліксіздік
3.Митральды стеноз
4.+Митральді жеткіліксіздік
5.Үшжармалы клапан стенозы

107.Науқас 42 жаста эпигастральді аймағының ауырсынуына, құсуына шағымданады. Объективті: тері жабындылары бозарған, суық жабысқақ тер бөлінеді. АҚҚ – 100/50 мм с.б.б. Щеткин – Блюмберг симптомы оң. Болжам диагнозыңыз:


1.Қан кету
2.+Перфорация
3.Стеноз
4.Пенетрация
5.Малигнизация

108.27 жастағы әйел адам, ішінің қатты ауруына шағымданады, ауырсыну сезімі дефекация және газ шыққанан кейін басылады, тамақ ішкеннен кейін бірден іші өтеді. Колоноскопия бойынша: гипермия, шырыш қабатының ісінуі және қанталауы. Бактериологиялық зерттеу:эшерихийяның патологиялық штаммы, бифидобактериялардың азайғандығы байқалды. Емдеу тактикасы:


1.Суммамед
2.Микомакс
3.+Интетрикс
4.Левомицетин
5.Эритромицин

109.Бірінші типті қант диабетімен ауратын науқаста Куссмауль тынысы нені білдіреді:


1.Глюкоза деңгейінің төмендеуін
2.Алкалозды
3.+Кетоацедемиялық команы
4.Глюкоза деңгейінің жоғарылауын
5.Зәрде ацетоннның пайда болуын

110. 62 жастағы науқаста орташа дәрежелі ауырлықтағы бронх демікпесінің өршу фонында инфаркттан кейінгі кардиосклероз, қарыншалық экстрасистолия. Науқасқа мүмкіндігінше қандай базисті ем қолданасыз?


1.теотард + симвастатин
2.атровент+ атенолол
3.сальметерол+ тромбоасс
4.+флютиказон+ верапамил
5.преднизолон

111.Науқас Ч., 56 жаста, ол артериальды гипертензиямен, қантты диабетпен, семіздікпен ауырады. Науқастың емдеу жоспарына нақты қосу керек:


1.тенорик (атенолол)
2.+физиотенз (моксонидин)
3.амлодипин
4.гипотиазид
5.фуросемид

112.Науқас Л 35 жаста, бас ауруына, жалпы жағдайының нашарлығына, ауа жетіспеушілігіне шағымданады. Жүрек тұсындағы ауырсыну сезімдері психоэмоционалды жүктеме кезіде күшейеді, іш ауырады, кіші дәретке жиі барады. Бұл жағдайда зерттеудің қандай әдісі керек:


1.Ирригоскапия
2.Ректороманоскопия
3.Іш ағзаларының МРТсы
4.+Шырыш биопсиясы мен колоноскопия
5.Тік ішектің саусақты зерттеу

113.Әйел адам 34 жаста, жүктіліктің 19─20 аптасы, дене салмағы жоғары, қалқанша безі 1-ші дәр, тығыз. Терісі құрғақ, тілі ісіген. Пульс─64 рет минутына,іші қату белгілері де бар. Қандағы ТТГ деңгейі жоғары, Т4 және ТГ антиденелері төмендеген. Қалқанша бездің УДЗ-і бойынша: гипоплазия. Науқаста қандай диагноз?


1.Бірінші дәрежелі диффузды токсикалық зоб
2.Аутоиммунды тиреоидит,гипертрофикалық түрі
3.+Біріншілік гипотиреоз
4.Эндемиалық зоб1 дәреже
5.Аутоиммунды тиреоидит,хаси─токсикоз

114.Тиреотоксикозы бар науқасқа тироестатиктерді қандай мақсатта тағайындайды:


1.тиреоидты гормондардың қандағы мөлшерін арттыру үшін
2.+тиреоидты гормондардың қандағы мөлшерін төмендету үшін
3.Қанда тиреопероксидазаға анти денелерді төмендету үшін
4.Қанда тиреоглобулинге анти денелерді төмендету үшін
5.Қанда белок пен байланысқан йодтың деңгейін арттыру үшін

115.Қабылдауда 45 жастағы науқас кіндік маңындағы ауырсынуға, ішінің кебуіне, іш қату кейде оның іш қтумен аралас болуына, сұйық нәжістің күніне 4-5 ретке дейін болуына, әлсіздік, бас айналуға шағымданып келді. Соңғы 1,5 жылда 9кг-ға арыған. АҚҚ 100/60 мм.с.б.б., ЖСЖ 60 рет минутына. Пальпация кезінде іші жұмсақ, кіндік маңында ауырсыну. Нәжісі көп, көпіршікті. Диагноз қойыңыз:


1.Арнайы емес жаралы колит, созылмалы қайталамалы түрі
2.Крон ауруы, ащы ішектің зақымдануымен
3.+Созылмалы энтероколит, ащы ішектің зақымдануымен
4.Созылмалы энтероколит, тоқ ішектің зақымдануымен
5.Тоқ ішектің қатерлі ісігі

116.Қабылдауда 47 жастағы науқас жалпы әлсіздікке және жүрек соғуының жиілеуіне рахмет.Созылмалы маскүнемділікпен наркодиспансерде Д-есепте тұрады. Қараған кезде тәбеті төмендеген, қол басының дірілі байқалады. АҚҚ 145/95 мм.с.б.б. ЖСЖ 96 рет минутына. ЖҚА: Нв- 72 г/л, эритроциттер 2,1∙1012/л, ТК-1,2, лейкоциттер - 3,2∙109/л, тромбоциттер- 138∙109/л. Анемияның даму себебін анықтаңыз:


1.Темір жетіспеушілігі
2.глютена жетіспеушілігі
3.эритропоэтин жетіспеушілігі
4.+фоли қышқылының жетіспеушілігі
5.гастромукопротеин жетіспеушілігі

117.Метаболикалық синдромы бар науқастарда неліктен гипертриглицеридемия дамиды?


1.себебі, онда гипонатриемия орын алады
2.себебі, онда гипогонадизм орын алады
3.себебі, онда гипертиреоидизм орын алады
4.+себебі, онда гиперинсулинемия орын алады
5.себебі, онда гиперпролактиемия орын алады

118.Жедел миокард инфарктісімен науқастарда жүрек ырғағының қарыншалық бұзылыстарын басу үшін таңдау препаратын көрсетіңіз:


1.амиодарон
2.+лидокаин
3.хинидин
4.верапамил
5.дилтиазем

119.Жедел сол жақ қарынша жеткіліксіздігі кезінде қандай диуретикке жоғары баға бересіз:


1.диакарб
2.+маннитол
3.фуросемид
4.верошпирон
5.гигротон

120.57 жасар науқас жыл бойы айына 1-2 рет таңертең кеуде арты қысылумен сипатталатын ауырсыну болады, сол жақ жауырынға берілетін ауырсыну болады, нитроглециринді қабылдаған соң жарты сағатта қайтады, ұстама кезінде холтерлік мониторирлеуде бөліктерінің келесі күні 8 мм v2-v5 жоғарлауы. Науқаста қандай патология?


1.4-ші функционалды класстың тұрақты стенокардиясы
2.миокард инфарктісі
3.миокардтың ишемиялық дистрофиясы
4.+нұсқалы стенокардия
5.прогресшіл стенокардия

121.Егер науқаста жіті миокард инфарктісінің 4-ші аптасында кеуде артында интенсивті қысып ауырсыну, ЭКН болымсыз динамикасы және тағыда АСТ, АЛТ, КФК-МВ активтілігі пайда болса аурудың нашарлауын қалай квалификациялау қажет:


1.ӨАТЭ
2.+миокард инфарктісінің қайталануы
3.қайталамалы миокард инфарктісі
4.Дресслер синдромының дамуы
5.нұсқаулы стенокардия

122.Науқаста синусты түйінің әлсіздік синдромымен минутына 45 рет синусты брадикардия белгіленеді. Науқас кардиостимуляторды орындаудан бас тартты. Аталған дәрілік заттардан консервативті емде қолдануға мүмкін?


1.анаприлин
2.кордарон
3.+атропин
4.дигоксин
5.новокаинамид

123.Науқаста кенеттен жүректің қатты соғысы ұстамасы пайда болды (минутына 160 рет), ұстаманы дәрігер каротидті синустың массажямен тоқтатты. Жүрек соғысы ұстамасы мүмкін ескертілген:


1.синусты тахикардиямен
2.пароксизмальді мерцательной аритмиямен
3.пароксизмальді жүрекшенің жыбырлауы
4.+пароксизмальді қарынша үсті тахикардиясы
5.пароксизмальді қарынша тахикардиясы

124.Военкоматпен зерттелуге 18 жасты науқас бағытталған. Қалыпты дамыған. Жүрек астында 2-ші қабырға арасында кеуденің оң жағы бұрышынан ұйқы артериясына өтетің тұрпайлы систолалық шу аңықталады. Аортаның үстінде екінші тоны әлсіреген. Пульсі – минутына 64 рет, ырғақты. Иықтың артериясының АҚ – 95/75 мм.с.б., бөксе аретриясының АҚ - 110/90 мм с.б. Сіздің диагнозыныз?


1.+аорта құйылысы стенозы
2.жүректің қосарлас ақауы
3.аорта коарктациясы
4.қарыншаның арасы дефекті
5.ашық артериальді жолы ақауы

125.Науқас 40 жаста, прекардиальді аумақты ұзақ қақсап ауыруына шағымданады, уайымданумен аңық байланыссыз, кеуденің сол жағында «тесілуі» сезімі. Қарағанда патологиялары аңықталмаған, ЭКГ ерекшеліктерсіз. Науқастың қарауын қандай зерттеуінен бастау керек?


1.қантқа және холестеринге қан анализін зерттеуден бастаймыз
2.липопротеидтерге қанды зерттеуден
3.эхокардиографиядан
4.+велоэргометриядан
5.фонокардиографиядан

126.Науқас 52 жаста жүрек аумағында қысқа уақытты ауырсынуға шағымданады. ЖРА кейін 2 апта ауру. ЭКГ-де – SТ сегменті 1,5 мм төмендеген және болымсыз Т тісшесі. ЭТЖ – 45 мм/с. Болжамды диагноз:


1.климактерикалық кардиомиопатия
2.ЖИА
3.НЦД
4.+миокардит
5.перикардит

127.Науқас 28 жаста, отбасылық дәрігер қабылдауында жеңіл физикалық жүктемеден кейін демікпеге, тез шарғауға, жүректің жиі соғысына шағымданады. Бала кезінде жиі ангинамен ауырған. Аускультацияда: жүрек ұшы қатайған және диастолалық шу бар, І тон дауысты, ІІ тон өкпе діңінің үстінде екіге бөлінуі, ІІІ тон митральді қақпақшаның ошылуы шертуі. Сіздің диагнозыныз?


1.жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, трикуспидальды қақпақшаның жеткіліксіздігі
2.жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, митралды қақпақшаның жеткіліксіздігі
3.жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, аорта қақпақша стенозы
4.жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, аорталы қақпақшаның жеткіліксіздігі
5.+жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, митралды қақпақшаның стенозы

128.Науқас М. 63 жаста, кенеттен басталатын қатты бас айналу мен естен тануға шағымданады, 3 жыл бұрын инфекциялық миокардиттен соң пайда болған. Соңғы кездері айына 2-3 рет қайталану байқалған. АҚ 110/70 мм с.б., ЖЖЖ 1 мин. 57 рет. ЭКГ-де PQ интервалының ұзартылуы, жүйелі Самойлов-Венкебах кезеңі. Берілген науқас үшін қаедай емдеу түрі тиімді.


1.кальций антагонистерін тиянақты қабылдау
2.бета- адреноблокаторларын тиянақты қабылдау
3.М-холиноблокаторларын жүйелі түрде қабылдау
4.+ырғақтың жасанды бастаушысын орнату
5.аортокоронарлы ұштастыруды өткізу

129.ЖИА диагнозымен бақыланатын науқас М. 68 жаста отбасылық дәрігерге өзінің ахуалының нашарлауына байланысты шағымданды. Инфарктанкейінгі кардисклероз. Артериялық гипертензия II, IV қаупі. НКIIБ. Әлсіздікке, бас ауруына, жүрек айнуына, ішінің оқтын-оқтын ауыруына, көз алдында екеуленуіне шағымданады. Дәріні жүйелі қабылдайды. АҚ 150/90 мм с.б., ЖЖЖ 1 мин 50 рет. ЭКГ: PQ аралығы 0,24 с, QRS комплексі деформирленген, бүкіл бөліктерінде «астау тәрізді» ST интервалы изоэлектрикалық сызығынан төмен жылжууы, қарынша экстрасистолиясы бигемия типі бойынша. Науқастың жағдайын нашарлатқан себебі:


1.гипертониялық криз
2.жүрек жеткіліксіздігінің декомпенсациясы
3.+гликозидті интоксикация
4.қайталмалы миокард инфарктісі
5.мидың қан айналымы ауыспалы бұзылысы

130.Отбасылық дәрігерге жоспарлы қаралуға 41 жасты, М. науқас келді. Қарауда диагнозбен келді: ЖИА. Кернеу стенокардиясы ІІ ФК. Артериальді гипертензия ІІ, қауіптілігі ІІІ, НК0. Қараған кезде шағымданбайды. АҚ 130/80 мм.с.б., ЖЖЖ 72 рет минутына. ЭКГ сирек қарыншалық экстрасистола белгіленді. Эхо КГ қосымша желі аңықталған. Науқасқа аритмияға қарсы терапияны тағайындау керек пе?


1.иә, қарыншаның пароксизмальді тахикардияның дамуына қауіптілігі болғандықтан
2.иә, қосымша желі аңықталғандықтан
3.+жоқ, өйткені науқаспен субъективті аритмия жақсы көтеріледі
4.жоқ, жасанды ритм жүргізушісін орнату керек
5.иә, Адамс-Морганьи-Стокс ұстамасы дамуы мүмкін

131.Семсер тәрізді артына локализациясымен, кеуде клеткасының, қолының сол жақ бөлігіне иррадиацияланатын, жатқан кезде кеудеде күйдірулі мінезді ауырсыну пайда болатың және вертикалді жағдайда әлсірейтін немесе мүлдем жоғалатын ауырсыну жағдайында қандай патологияны өйлау керек?


1.миокард инфарктісі
2.перикардит
3.+диафрагма тесігінің өнеш жарығы
4.плевропневмония
5.қабырға аралық невралгия

132.Науқас Л., 29 жаста, физикалық жүктемеде демікпе, жүрек аймағында, жауырын ауырсынулар аралық бөлікте мазасыздандырады. Анамнезінде ревматизм. Объективті: акроцианоз, жүрек шекаралары үстіге және оң жаққа жылжыған, 1 тон күшейген, диастолалық шу үстінгі жақта, «перепел» ритмі, жыбырлы аритмия. R-графия: кіші радиус бойынша контрастирленген өнеш бағыты ауытқан. ЭКГ: Р - mitrale , оң жақ қарыншаның гипертрофиясы. Сіздің диагнозыныз:


1.митральді қақпақшаның жеткіліксіздігі
2.аортальді қақпақшаның жеткіліксіздігі
3.митральді қақпақшаның пролапсы
4.+атриовентрикулярлы тесіктің сол жақ стенозы
5.аорта сағасының стенозы

133.Науқас М., 20 жаста, жүрек аумағындағы шаншып ауыруына, жүрек қатты соғысына, әлсіздікке, меңзеңге шағымданады. Анамнезінен: 3 апта бұрын гриппен ауырған. Қарағанда жүрек шекарасы солға қарай ұлғайған, жүректің барлық аумағында иррадиациясысыз систолалық шу естіледі, ЖЖЖ – 90 рет минутына. Дене қызуы 37,70С. Лабораторлы зерттеуде лейкоцитоз аңықталды, ЭТЖ (+) жоғарлаған, ақуыз реакциясы С. ЭКГ: реполяризация бұзылысы және қарынша ішілік өткізгіштігі баяулануы. Сіздің диагнозыныз?


1.Перикардит
2.Кардиомиопатия
3.Миокардиодистрофия
4.Нейроциркулярлы дистония
5.+Миокардит

134.Науқас Н., 65 жаста, жүрек тұсында іркіліске, қатты жүрек соғысына, шаршауға, аз физикалық жүктемеден кейін демікпеге, ісінуге, оң жақ қабырға астында ауырлыққа шағымданады. Объективті: ортопноэ, акроцианоз. Мойын тамырлары ісінген. Жүрек дүмпі кенейген. үстінгі дүмпі жоғарлаумен. Тондары тұйықталған, жыбырлы аритмия ЖЖЖ минутына 100 рет. скпеде везикулярлы тынысы әлсізденген, төменгі бөліктерде екі жағынан да дымқыл дыбыссыз сырылдар бар. Бауыры үлкейген, тығыз, жай ауырсынады, беті тегіс, өткір бұрышымен. ЭКГ: тісшелердің төмен вольтажы, ошақты өзгерістер, сол жақ қарыншаның гипертрофиясы, реполяризацияның бұзылысы. ХНК кезеңдерінің жіктелуін NYHA (Нью –Йорктық кардиологиялық ассоциация) бойынша көрсетініз.


1.ФКI
2.ФК II
3.+ФК III
4.ФК IV
5.ФК анықтауы мүмкінсіз

135.Эрадикациялық терапияны өткізу абсолютті көрсеткіші:


1.+асқазанның ойық жарасы
2.гастроэзофагеальді рефлюксты ауру
3.созылмалы холецистит
4.созылмалы панкреатит
5.дуоденит

136.Асқазанның және 12-елі ішек ойық жара ауруында эрадикациялық терапияның бірінші таңдалмалы препараттардың комбинациясы еңгізеді:


1.екі дәрілік заттар
2.+үш дәрілік заттар
3.төрт дәрілік заттар
4.бес дәрілік заттар
5.алты дәрілік заттар

137.Науқас 51 жаста, ұзақ уақыт оң жақ қабырға астында ауырсынуларды белгіледі. Объективті зерттеуде сарысу ауруы жоқ, дене темпаратурасы қалыпты, өт қуығы нүктесі пальпациясында ауырсынуы жоғарлайды. Алдын ала диагнозы:


1.созылмалы холецистит асқыныс кезеңінде
2.өт қуығының гиперкинетикалық дискинезиясы
3.өттас ауруы
4.+өт қуығының гипокинетикалық дискинезиясы
5.созылмалы холангит

138.Науқас 20 жаста, дәрігерге тамақтанудан 30 минуттан кейін эпигастральді аумақта ауырсынуға, жүрек айнуға, құсуға шағымданып келді. Анамнезі ерекшеліксіз. Пальпациялағанда эпигастрий аумағында ауырсыну. Сіздің алдын ала диагнозыныз?


1.гастроэзофагеальді рефлюксті ауру
2.+асқазан денесінің ойығы
3.асқазанның пилорикалық бөлімінің ойығы
4.12-елі ішектің ойығы
5.гастропатиямен асқынған, ЖТНП индуцирленген ойық

139.Науқас 35 жаста, эпигастрий аумағында қатты ауырсыну, қан аралас құсық, әлсіздік, бас айналу себебінен дәрігерді үйге шақыртты. Анамнезінен 2 ай бұрын ойық жара ауруы бойынша емделген. Объективті: тері жамылғысы бозғылт. үлкен дәреті қара түсті. Қандай асқынысқа күдіктенуге болады?


1.+қан кету
2.пенитрация
3.тесу
4.тарылуы
5.малигнизациялар

140.Науқас 57 жаста, ұзақ уақыт бойы қыжылдаумен, тамақтанудаң кейін, физикалық жүктемеден кейін күшейетің қышқыл кекірумен азап шегеді. Объективті ерекшеліктерсіз. Сіздің алдын ала диагнозыныз?


1.созылмалы гастрит
2.созылмалы холецистит
3.+гастроэзофагеальді рефлюксті ауру
4.12-елі ішектің ойық жара ауруы
5.асқызанның ойық жара ауруы

141.Науқас 46 жаста іштің жоғарғы жағында ауырсынуға, іш өтуге, арықтауға шағымданып отбасылық дәрігерге келді. Анамнезінен: 10 жыл бойы алкогольді ішеді. Объективті: дене салмағының дефициті байқалды, тері жамылғысы құрғақ, кеуде және іш терісінде кішкентай қызыл дақтар бар, басқаннаң кейін кетпейді. Пальпациялағанда ауырсыну сезімі болды. үлкен дәреті майлы жылтырмен, тәулігіне 3 ретке дейін. Сіздің алдын ала диагнозыныз?


1.созылмалы гепатит
2.созылмалы холецистит
3.созылмалы гастрит
4.+созылмалы панкреатит
5.созылмалы колит

142.Науқас 51 жаста, ұзақ уақыт оң жақ қабырға астында ауырсынуларды белгіледі. Объективті зерттеуде сарысу ауруы жоқ, дене темпаратурасы қалыпты, өт қуығы нүктесі пальпациясында ауырсынуы жоғарлайды. Алдын ала диагнозы:


1.созылмалы холецистит асқыныс кезеңінде
2.өт қуығының гиперкинетикалық дискинезиясы
3.өттас ауруы
4.+өт қуығының гипокинетикалық дискинезиясы
5.созылмалы холангит

143.Науқас И. 56 жаста эпигастрий аумағында арқаға, оң жақ қабырға мен иыққа 1 сағат бойы иррадиацияланып ауырсынуға шағымданып келді. Анамнезінен: ұқсас ауырсыну сезімі байқалған. Жағдайының нашарлауы көп көлемде майлы тағамды жегенімен байланыстырады. Пальпациялағанда: оң жақ қабырға астында ауырсыну сезімі күшейеді. Мерфи симптомы оң. УДЗ нәтижелері: өт шығару жолдарында конкременттер, өт қуығы тығыздалған. Науқастың диагнозы:


1.холедохолитиаз
2.калькулезді емес холецистит
3.+калькулезді холецистит
4.созылмалы панкреатит
5.созылмалы гепатит

144.Студент 21 жаста бас ауруы, оң жақ эпигастрий аумағында түнгі ауырсынулар, жүрек айынуы, құсық, дене салмағының төмендеуі белгіленді. Анамнезінен: 2 ай бойы өз-өзін ауыру деп санайды. Объективті: тері жамылғысы бозғылт түсті, пальпациялағанда эпигастрий аумағында қатты ауырсыну. Қан анализінде Hb, эритроциттер, түс көрсеткіштері төмендеген. Сіздің алдын ала диагнозыныз және тактиканыз:


1.асқазан денесінің ойығы, ФГДС-ға бағыттама
2.кардиальді бөліктің ойығы, ФГДС-ға бағыттама
3.асқазанның субкардиальді бөлігінің ойығы, ФГДС-ға бағыттама
4.асқазанның фундальді бөлігінің ойығы, ФГДС-ға бағыттама
5.+асқазанның пилорикалық бөлігінің ойығы, ФГДС-ға бағыттама

145.Науқас 73 жаста кеуде артындағы, арқаға, бұғана арасы аумағына иррадиацияланатың ауырсынуға, физикалық күштемеден күшейетің тамақты құсып тастауына шағымданады. Анамнезінен: 6 жыл бойы өз-өзін ауыру деп санайды. Осы асқынысты физикалық жүктемемен байланыстырады. Объективті: тері жамылғысы қалыпты түсті, тері астындағы майы қалыптысынаң жоғары көлемде дамыған. Сorа тондары аңық, ритмикалық. АҚ 130/90 мм.с.б., ЖЖЖ 68 рет минутына. Іші кішкене үрленген, ауырсынады. Сіздің диагнозыныз және одан әрі тактиканыз.


1.ЖИА, ЭКГ түсіру
2.ЖИА, ауруханаға жатқызу
3.ЖИА, ЭКГ, велоэргометрия
4.+ГЭРА, ФГДС, ЭКГ, велоэргометрия
5.ГЭРА, ЭКГ, велоэргометрия

146.Науқас 79 жаста ұзақ уақытты, қатты, құрғақ жөтелге шағымданып келді, соңғы аптада қатты тағамды жұтқанда ауырсынуы, дауысының қарлыққан, дене салмағының төмендеуі пайда болды. Анамнезінен: 7 жыл бойы АГ, ААФ ингибиторларын қабылдайды, эндокринологта түйінді зобпен есебінде тұр. өкпеде тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ. Көп жылдар бойы қыжылдауды, сүтті ішкеннен кейін ауамен, қышқыл кекірікті байқайды. Объективті: тері асты майы қалыпты дамыған. Пальпациялағанда қалқанша безі үлкейген, қозғалады, ауырсынусыз. өкпеде тынысы везикулярлы, қырылдамайды. Cor тондарының ритмдері дұрыс. АҚ 130/90 мм.с.б., ЖЖЖ 68 рет минутына. Іші жұмысақ, ауырсынусыз. үлкен дәреті қалыпты. Сіздің алдын ала диагнозыныз.


1.ларингофарингит
2.созылмалы бронхит
3.АГ, ААФ ингибиторларының керексіз эффектілері
4.түйіндік зоб ауруының асқыныстары
5.+гастроэзофагеальді рефлюксті ауру

147.Науқас 56 жаста дене қызуы 38ºС дейін жоғарлауы, эпигастрий аумағында тоқтамайтың интенсивті ауырсынуы, жүрек айынуы, құсу себебінен дәрігерді үйге шақыртты. Анамнезінен: көп жылдар бойы өттастық аурумен ауырады. Объективті: тері жамылғысы көгерген, геморрагий. АҚ 90/60 мм.с.б., ЖЖЖ минутына 96 рет. Іші кішкене үрленген, қатты, ауырсынады. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Қан анализінде амилаза, липаза жоғарланған, АЛТ, АСТ жоғарланған, гипергликемия, СРБ денгейі жоғары. Зәрде амилаза жоғарланған. Сіздің алдын ала диагнозыныз және одан әрі тактиканыз.


A) ішектің механикалық өтпеуі, хирургиялық бөлікте госпитализациялау
B) жедел холецистит, хирургиялық бөлімге госпитализациялау
C) холедохолитиаз, хирургиялық бөлімге жоспарлы госпитализациялау
D) +жедел панкреатит, хирургиялық бөлімге госпитализациялау
E) жедел аппендицит, хирургиялық бөлімге госпитализациялау

148.Науқас С., 52 жаста, бухталтер, эпигастрийдің оң жағында, интенсивті, оң жақ бұғанаға қарай иррадиациясымен, жауырынның үстінгі жағында ауырсынуға шағымданып келді. Кейбір кездерде жүрек айынуы және құсу. Анамнезінен: 3 жыл бұрын холецистэктомия болды. Соңғы 6 ай бойы 10 кг арықтауды белгілейді, іш кебуіне, тәбеттің төмендеуіне, ұйқысыздыққа шағымданады. Жаман әрекеттері жоқ. Объективті: бойы 165 см, салмағы 50 кг. Аққабықтың, шырышты қабықтарының сарғаюы. Копрограмма: 10% стеаторея. ОАК: ЭТЖ жылдамдығы.


Сіздің диагнозыныз?
1.созылмалы гастрит
2.созылмалы гепатит
3.+созылмалы панкреатит
4.асқазанның ойық жарасы
5.бауыр циррозы

149.Жедел және шұғыл медициналық көмек дәрігері 48 жастағы әйелді қарады, іштің жоғарғы бөлігінен арқаға иррадиациясымен қатты ауырсынуға, жиі құсуға, арықтауға, мерзімше іш өтуге шағымданады. Анамнезінен белгілі, өт-тасты ауруымен ауырады. Қарағанда тері жамылғысы қалыпты түсті, дене қызуы 36,7 С, АҚ 100/60 мм.с.б. Тілі ылғалды. Іші кішкене үрленген, пальпациялағанда эпигастрий аумағында және сол жақ қабырға астында ауырсыну сезімі, перитонеальді симптомдары болымсыз. Аталған жағдайлардың қайсысы науқаста болуы мүмкін?


1.+жіті панкреатит
2.холангит
3.вирусты гепатит
4.асқазанның ойық жарасы
5.өт шығару жолдарының дискинезиясы

150.Науқас 53 жаста, тыныштық жағдайында айқын ауа жеткіліксіздігіне, өлімнен қорқу сезіміне, кеуде клеткасында түсініксіз ауырсынуға шығымданады. Объективті: жағдайы ауыр, тері жамылғысы цианотикалық, қамытты венаның пульсациясы. ЖЖЖ 38 рет минутына, АҚ 150/90 мм.с.б. Жіті оң жақ қарыншалық жеткіліксіздіктің пайда болуына жиі кездесетің себебін атаныз:


1.+өкпе артериясының тромбоэмболиясы
2.аорталық ақау
3.гипертониялық криз
4.стенокардия
5.вегетативтік криз




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет