Вопросы-ответы



жүктеу 61.52 Kb.
Дата05.07.2016
өлшемі61.52 Kb.


Вопросы-ответы:

1. Қазір елімізде қанша дәрменсіз борышкер тіркелген? Соның ішінде салық төлей алмай отырған қанша кәсіпорын бар? Өңірлер бойынша көрсеткіш қандай?

2012 жылы 2 315 бизнес субъектілері сот шешімімен дәрменсіз деп танылды. Олардың ішінде 1 785-інің (77%) салықтық берешегі бар.

Бюджетке ең үлкен берешек Астана қ. бойынша – осы жергілікті аймақта 312 бизнес субъектісі банкрот деп танылса оның 85%-ында (266-сында) салық берешегі бар, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 183 бизнес субъектісі банкрот деп танылса оның 80 %-ында (147-сінде) салық берешегі бар, Алматы қ. бойынша – 284 бизнес субъектісі банкрот деп танылса оның 76%-ында (216-сында) салық берешегі бар.

Сомасы бойынша ең үлкен берешек Алматы қ. бойынша тіркелген - 32 321,7 млн.тенге және Шығыс Қазақстан облысы бойынша тіркелген – 27 180,3 млн.тенге.

Ең аз берешек Қызылорда облысы бойынша – осы жергілікті аймақта 95 бизнес субъектісі банкрот деп танылса оның 38,9%-ында (37-сінде) салық берешегі бар.

Сомасы бойынша ең аз берешек Батыс Қазақстан облысында тіркелген - 592,6 млн. тенге және Ақмола облысында тіркелген - 872,1 млн. тенге.


2. Әдейі және жалған банкроттық жариялап, табыс табуға ниетті азаматтар тіркелді ме? Ондай борышкерлерге қандай жаза қолданылады?

Өкінішке орай мұндай фактілер бар. Осындай заңсыз іс-әрекеттерді анықтау бағытындағы жұмыс құқық қорғау органдарымен бірлесе жүргізіледі. Атап айтқанда, 2012 жылы 49 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде 6 лауазымды тұлғалар қылмыстық жазаға тартылды, 22 іс қаралу үстінде, 21 қылмыстық іс - ақтамайтын негіздер бойынша қысқартылған.

Кінәлі тұлғаларға қатысты соттармен шартты мерзімге бас бостандығынан айыру (1-жылдан 3-жылға дейін), немесе 1000 (1 731 000 тенгені құрайды) айлық есептік көрсеткішке дейін сомада айыппұлдар салу қолданылды.

Мұндай заңсыз әрекеттердің алдын-алу бойынша қандай шаралар қолданылуда?

2010 жылдан бастап Қаржы министрлігі Дүниежүзілік Банкпен бірлесе отырып банкроттық жүйесін реформалау бойынша кезеңді жұмыс жүргізуде. Бүгінгі күні, заңнаманы жетілдіру шегінде, салық құпиясы мен банкроттарға қатысты банктік құпия ашылғанын атап өткен жөн. Сонымен қатар, басқа мемлекеттік органдардан банкроттарға қатысты қажетті мәліметтерді аламыз. Бұл мәліметтерді борышкерлер, басқарушылар тарапынан заңсыз әрекеттерді анықтау, болдырмау үшін тиімді қолдану бағытында жұмыс жүргізілуде.

Мысалы, аталған мәліметтерді қолдана камералдық бақылау жүргізу арқылы әдейі және жалған банкроттықтың белгілерін көрсетуі мүмкін бірнеше критерийлер анықталды:

- мемлекеттік сатуға қатысу (8 366,0 млн.тенгеге 113 банкрот қатысты);

- сыртқы экономикалық операциялар жүргізу (264 818,9 млн.долларға 201 банкротпен);

- жалған кәсіпорындармен өзара есеп айырысу (125 банкрот 167 жалған кәсіпорындармен жалпы сомасы 9 732,6 млн. тенгеге өзара есеп айырысқан);

- келісімшарт жасаушы агенттермен қолма-қол есеп айырысу (22 банкрот бойынша 940,9 млн.тенгеге қолма-қол есеп айырысу жүзеге асырылғаны анықталды);


  • әрекет еткен кезеңінде борышкермен банктік шоттарды 1-5 күнге ашуы (75 банкрот);

  • банкрот деп танылғаннан кейін шот-фактураларды жазу (сот шешімі күшіне енгеннен кейін, жалпы сомасы 6 660,0 млн. тенгеге 69 банкротпен шот-фактураларды жазу бойынша операциялар жүргізілді);

  • заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру (27 бизнес субъектілері 50 қатысушыны біріктіру мен қосу арқылы қайта ұйымдастырылған).

Банкрот деп танылған 2 315 бизнес субъектілерінің 117-сінде (жалпы саннан 5 %) осы критерийлер анықталды, яғни олар әдейі және жалған банкроттықтың белгілері болуына меңзейді.

Сонымен қатар, заңнаманы жетілдірудің келесі кезеңі шегінде Комитетпен заң жобасы әзірленді. Осы жобаның басты бағыттарының бірі кәсіпорынды банкроттыққа алып келген тұлғалардың, бухгалтерлік және басқа да есептік (тіркелу) құжаттамаларын ұсынбаған борышкерлер жауапкершілігін күшейту, оларды субсидиарлық жауапкершілікке тарту. Мұндай шара әдейі және жалған банкроттық сияқты заңсыз әрекеттерді болдырмауға себепші болуы тиіс.


3. Сіздерде бүгінгі күнде банкрот қаупі төніп тұрған кәсіпорындар жайында деректер бар ма?

Мұндай мәліметтер басқа мемлекеттік органдар деректерінен алынады. Мысалы, Салық комитетінде салық берешегін 6 айдан астам төлемеген борышкерлер тізімі бар (мұндай ұйымдар 6 474, оның ішінде 2 799 әрекетсіз борышкерлер), ал ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде өзінің жұмыскерлері алдында берешегі бар ұйымдар туралы ақпарат бар (мұндай ұйымдар 92).

Яғни, бұл борышкерлердің еңбекақы және салықтарды төлеу бойынша кредиторлары оларды банкрот деп тану үшін сотқа жүгінуге құқылы, ал жұмыс берушілер, кредиторлармен келісе отыра, өзінің қаржылық жағдайын жақсарту шараларын қолдануға құқылы.
4. Біздің елде төлем қабілеті төмен борышкерлерді сауықтыру жұмысы қалай ұйымдастырылады?

Жақын уақытқа дейін, банкроттық туралы заңнама, кәсіпорындарда төлемге қабілеттілікпен проблемалар туындаған жағдайда көбінесе оларды таратуға бейімдейтін және оңалту рәсімін қолдануға ынталандырмайтын.

2013 жылдың 1 қаңтарына 131 ұйымда оңалту рәсімі жүргізілуде, оның ішінде 56 ұйымға қатысты оңалту рәсімі 2012 жылы басталды.

Оңалту рәсімі жүргізіліп жатқан ұйымдарда 11 350 жұмыс орындары сақталған.

Бүгінгі күні, 2012 жылда енгізілген өзгерістер мен толықтырулар нәтижесінде сотта іс жүргізу барысында оңалту рәсімі бөлек іс болып қаралады. Ал төлемге қабілетсіздік проблемаларын шешу үшін 2 рәсім қарастырылған - жеделдетілген оңалту рәсімі мен толық ауқымды оңалту рәсімі.

Бұл рәсімдердің басымдылығы рәсімдерді енгізу туралы іс қозғалған сәттен бастап, борышкерлерге (бизнес субъектілеріне) қатысты мүлкін өндіріп алу, айып пен өсімпұл есептеу тоқтатылады, кредиторлар тарапынан ол борышкерді банкрот деп тану үшін сотқа жүгінуге тыйым салынады.

Жеделдетілген оңалту рәсімінің ерекшелігі – сотқа дейінгі тәртіппен кредиторлардың белгілі бір тобымен (кредиторлардың біртекті тобымен (топтарымен) келісімге қол жеткізу. Мысалы, егер бизнес субъектісінің банк алдында берешегі болса, рәсімге кіру үшін сол банктің келісімі ғана керек, ал қалған кредиторлар алдындағы міндеттемелер кәдімгі тәртіппен орындалады.

Осы рәсімді борышкердің өзі бастамашылық етеді, тиісінше мүлік пен істерді басқару құқығы борышкердің құзыретінде сақталады.

Толық ауқымды оңалтуға келсек, 1-ден рәсім барысында кредиторлар келісімімен кәсіпорынды басқару құқығы меншік иесінде сақталады. Сондай-ақ, рәсімге кіру жеңілдетілді: өзінің жағдайын қалпына келтіргісі келетін және мүмкіндігі бар борышкер оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішпен сотқа жүгінеді. Бұл кезеңде оған уәкілетті органның немесе кредиторлардың келісімі керек емес. Бір ай ішінде сот шешімі шығарылады және сотпен борышкердің кредиторлармен бірлесе отыра оңалту жоспарын әзірлеу мерзімі анықталады.

Аталған рәсімдерде кредиторлар құқығы елеулі кеңейтілген, кепілді кредиторлар құқығын қорғауға ерекше назар бөлінген. Рәсімнің тиімділігін қамтамасыз ететін барлық маңызды шешімдерді қабылдау кредиторлар құзыретіне кіреді. Яғни рәсім барысында мүдделерін қорғау кредиторлардың өзіне берілген.


5. Банкроттық саласында сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың қандай амал-тәсілдері қарастырылған?

Бұл бағытта жұмыс үзіліссіз жүргізілуде.

Басқарушылардың бірыңғай тізілімі құрылды, басқарушыларды тағайындау тәртібі нақтыланды және бірыңғайланды. Сондай-ақ, тағайындау тәртібінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында бұл деректер ҚР ҚМ-нің сайтында жарияланатынын атап өткен жөн.

Сонымен қатар, 2012 жылы «Банкроттық туралы» ҚР Заңына енгізілген түзетулер шегінде заңнамадан сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын нормаларды алып тастау бойынша жұмыс жүргізілді. Атап айтқанда, әкімшілік шығыстар сметасының жобасын, кредиторлар комитетінің басқарушымен келісімі жобасын, конкурстық массаны сату жоспарының жобасын, оңалту рәсімінде кредиторлар комитетінің құрамын қалыптастырып, бекіту және оның алғашқы отырысын шақыру, борышкерге оңалту рәсімін қолдануға келісім беру бойынша және т.б. уәкілетті органның функциялары алып тасталды. Аталған функциялар рәсімдердің тиімділігін жоғарылатуды қамтамасыз етпейтін және артық әкімшілік кедергілер болып табылатын.


6. ҚР Қаржы министрілігі өткен жылды қорытындылап, осы жылға жоспарларын бекітті. Сіз басқарып отырған комитетке қандай міндеттер жүктелді?

Басты мақсат айқын, ашық, тиімді банкроттық жүйесін құру және қысқа мерзім ішінде аз шығындармен азаматтардың (кәсіпорындардың) қарыздарын барынша қайтарып беру. Ол үшін банкроттық жүйесін реформалау және рәсімдерді жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды күшейту бағыттарында жұмыс жүргізіледі.



Бұл ретте, Банкроттардың бірыңғай тізілімін құру (мұнда банкрот болған бизнес субъектісі туралы барлық мағлумат жарияланатын болады), басқарушылар рейтінгісін, электрондық аукциондарды енгізуді қарастыру, сонымен банкроттық жүйесіне қоғам тарапынан сенімді арттыру жоспарлануда.




©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет