Возможности использования мультимедийных технологий в процессе обучения



бет2/3
Дата20.05.2022
өлшемі20.72 Kb.
#458214
1   2   3
Документ Microsoft Word (4)

Annotation: The article analyzes the use of multimedia technologies in teaching university students; suggests ways to improve the efficiency of using modern technologies in the learning process. This article shows the huge role of multimedia technologies in the process of self-development and self-study of university students. The article analyzes the state and development of multimedia educational technology. The reasons for the emergence of multimedia technologies in education are shown. The content of the concept of "multimedia" is revealed. The article shows the cognitiveness of multimedia education. The differences of learning technologies when using multimedia are shown. The advantages of learning technologies when using multimedia are shown.
Keywords: Education, information technology, information educational technology, multimedia, multimedia education.

Мультимедиалық технологияларды пайдалану негiзiнде жүргiзiлетін оқыту әдiсi оқытудың теориясы мен технологиясын бiр-бiрiмен байланыстырып отыруды қажет етедi.


Оқыту әдiсi деп оқытушы мен студенттiң немесе мұғалiм мен оқушының оқыту процесiнде алға қойылған мақсатқа жету үшiн бiрiгiп атқаратын iс-әрекетiн айтамыз. Осы кездегi негiзгi талап - үздiксiз бiлiм беру тәсiлдерiн iздеу, жастарды өз бетiнше оқу тәсiлдерiне үйрету, жаңа оқыту құралдары арқылы бiлiм алу жолдарын iздестiру, шығармашылық және шеберлiк iске баулу.
Педагогикада белгiлi бiр пән бойынша оқыту жүйесiн құру заңдылығын оқыту теориясы қарастырады. Оқыту теориясы мен әдiстерiне негiзделген түсiнiк - оқыту технологиясы, яғни, педагогикалық технология болып табылады.
Оқыту технологиясы оқу ақпаратын жинау, өңдеу, сақтау, ұсыну әдiстерi мен құралдарының нәтижелiлiгiне байланысты дамитын, әлеуметтiк технологиялардың негiзгi құраушыларының бiрi. Әрбiр дидактикалық құралды тиiмдi пайдалану үшiн сәйкесiнше оқыту технологиясы қажет. Сондықтан да, оқыту технологиясын оқытудың мақсатына жетудi қамтамасыз ететiн әдiс-тәсiлдердiң, құралдардың жүйесi деп айта аламыз [1].
Оқыту жүйесiнде мультимедиалық технологияларды пайдалану кезiнде көп жағдайда педагогикалық ерекшелiктер ескерiлмейдi. Сол себептен де, оқыту процесiне тек жаңа ақпараттық технологияларды (біздің жағдайымызда мультимедиалық технологияларды) ғана емес, жаңа педагогикалық оқыту теорияларын да енгiзу, қойылып отырған мәселенiң шешiмiн табуға көп көмектеседi [2].
Әрбір оқытушы өзінің педагогикалық қызметін жоғары деңгейде көрсетуі үшін мультимедиалық технологияларды пайдалана білуімен қатар, сол аталған технологияларды тікелей оқыту процесінде қолданудың қажеттіліктерін анықтай білуі керек.
Бірінші қажеттілік – дәстүрлі оқыту әдісінде тәжірибелік дәлелдеулері жүзеге асырылуы мүмкін емес заңдылықтар мен теорияларды, ұғымдарды, макро және микроәлем жөніндегі түсініктерді, пәнаралық байланыс сипатындағы күрделі оқу материалдарын оқыту үшін студенттер мен оқушыларда қажетті білімдер жүйесінің болуы.
Екінші қажеттілік – студенттер мен оқушыларда репродуктивті дағдының қалыптасуы. Мұндай қажеттілік оқу экспериментін жобалау, оқу мазмұнына қатысты мәліметтерді жинақтау, жүйелеу, жіктеу, талдау секілді іс-әрекеттер кезінде байқалады.
Үшінші қажеттілік – студенттерде, оқушыларда шығармашалық (креативтілік) дағдының қалыптасуы. Бұл қажеттілік күрделі есептерді шешу, зертханалық эксперименттерді жүргізу, объектіні модельдеу, қандай да бір процестің өтуіне әсер етуші факторларды анықтау кезінде байқалады.
Төртінші қажеттілік – студенттер мен оқушыларда белгілі бір тұлғалық сапаның қалыптасуы. Бұл қажеттілік әлеуметтік мәселелерді шешу арқылы жас жеткіншектерді адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу кезінде көрініс береді. Жастарда тұлғалық сапаның болуы оның қоғам алдында жауапкершілігін күшейтеді [3].
Осы аталған қажеттеліктерге байланысты мультимедиалық технологияларды пайдалану оқытудың мазмұнын өзгертiп, формасын жаңаша қалыптастыруға негiз болады.
Мультимедиалық технологияларды бiлiм беруде қолдану мынадай педагогикалық мақсаттарға бағытталады:
1) Ақпараттық қоғамда студенттiң, оқушының тұлғалық iс-әрекетiн дамыту:
• жеке тұлғаның ойлау деңгейiн жоғарылату, оның бойында бiлiм қорын қалыптастыру мақсатында психологиялық-педагогикалық әрекеттер қарқынын арттыру;
• қабылдау, есте сақтау секiлдi iс-әрекеттердi жүзеге асыру iскерлiгiн қалыптастыру және дамыту;
имитациялау, модельдеу процестерiн ұйымдастыру негiзiнде студенттер мен оқушылардың эксперименттi-зерттеушiлiк қызметтерді орындау ебдейлігін қалыптастыру.
2) Үздiксiз бiлiм беру жүйесiндегi оқыту процесiнiң барлық деңгейiн жандандыру:
• мультимедиалық технологиялардың мүмкiндiктерiн пайдалану есебiнен оқыту процесiнiң тиiмдiлiгiн, сапасын арттыру;
• түрлi пәндiк ортада ақпарат өңдеу құралдарын пайдалану арқылы пәнаралық байланысты тереңдету;
• мультимедиа-ресурстарды тиiмдi пайдалану негiзiнде ашық бiлiм беру идеясын дамыту.
Қазiргi таңда өзiндiк iс-әрекеттi қалыптастыруда мультимедиалық технологиялар:
• микро және макроәлемдегі күрделi құбылыстар мен процестердi модельдеу арқылы оқытуды жүзеге асыруға;
• әртүрлi физикалық, химиялық, биологиялық, әлеуметтiк т.б. өте жылдам немесе жай өтетiн құбылыстарды кез келген уақытта оқып үйренуге мүмкiндiк беру мәселелерiн шешуге бағытталуы керек [4].
Осы ұстаным бойынша мультимедиалық технологияларды оқыту процесiнде тиiмдi пайдаланудың мынадай алғышарттарын анықтауға болады: дидактикалық, психологиялық-педагогикалық, эргономикалық, техникалық.
1. Дидактикалық шарттар:
• Сабақтың мазмұны мен формасына байланысты мультимедиалық технологияларды мүмкiндiктерiне қарай алдын ала дайындаудың, кешендеудiң перспективалы жоспарын жасау.
• Оқу материалдарына әдiстемелiк талдау жасау. Айталық, кейбiр пәндерге қатысты оқу материалдары бiрнеше ондаған жылдар бұрын дайындалған. Мiне сол материалдарды жаңа мәлiметтермен үйлестiрудiң жолдарын қарастыру, пәнге қатысты негiзгi мәлiметтi қосымша мәлiметпен толықтыру. Мультимедиалық технологияларда ұсынылатын оқу материалдары көрнекiлiк ұстанымына негiзделген. Сондықтан да, оны оқытудың ажырамас бөлiгi деп қарастыруымыз қажет [5].
2. Мультимедиалық технологияларды тиiмдi пайдалану үшiн оның психологиялық-педагогикалық шарттарын қатаң бақылауда ұстау керек:
• Оқу материалдарын тұлғаның қабылдау ерекшелiктерiн ескеру.
• Экрандық оқу материалдарының студенттер мен оқушылардың эмоциясына әсерiн бақылау.
• Оқу материалдарын пайдалану кезiнде тұлғаның ойлау қабiлетiн аттыруға қозғау салу.
• Экрандық оқу материалдарын пайдаланудың қалыпты деңгейiн студенттер мен оқушылардың ойлау жүйесiне күш түсiрмейтiндей деңгейде сақтау.
3. Эргономикалық шарттар мынадай мәселелердi қарастырады:
• Бөлмедегi ауаның физико-химиялық құрамының төмендеуi студенттердiң, оқушылардың сабаққа қабiлеттiлiгiн төмендетедi. Сондықтан бөлме ауасын ауыстырып отыру.
• Аудиовизуалдық оқу материалдарын қалыпты жағдайдан артық көрсетуге болмайды.
4. Техникалық шарттар:
• Ерекшелiктерiне қарай мультимедиалық технологияларды дәрiсханада дұрыс орналастыра бiлу.
• Құрылғылардың техникалық ақаулығын үнемi тексерiп отыру.
• DVD, CD дискiлерiндегi, бейнетаспалардағы оқу материалдарын дұрыс сақтай бiлу.
• Дәрiсхананы оқыту процесiне бейiмдеу жұмыстарын авто-маттандыру.
• Дәрiсхананы үнемi салқындатып отыру, яғни құралдарды қатты қызып кетуден сақтау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет