Word мәтіндік процессорының графикалық мүмкіндіктері



Дата08.04.2024
өлшемі18.78 Kb.
#498027
түріБағдарламасы
f6060f1b9931df0


Word мәтіндік процессорының графикалық мүмкіндіктері.
MS Word бағдарламасының мүмкіншілігі шексіз, солардың бірі бағдарламаның графикалық мүмкіндіктері. Ол басқа программалардан графиктер енгізуге және өзінің де сол тәрізді график түріндегі бейне көріністерін тұрғызуға мүмкіндік береді. Сондай ақ құжат ішінде кестені енгізіп өңдеуге, кесте бойынша диаграмма тұрғызуға, бірнеше объектілерді топтастыруға, Word Art объектісімен жұмыс жасауға, Клипартпен жұмыс істеуге.
Осы аталған іс - әрекеттерге тоқтала өтейін:
Word - та сурет салу
Қарапайым графикалық элементтерді (түзу сызық, қисық сызық, дөңгелектер, іші боялған, боялмаған көпбұрыштар, текстпен толтырылған тік төртбұрыштар) Word құрамындағы графиктік редактордың көмегімен салуға болады. Сурет салатын элементтермен тек редактордың парақ беттерін белгілеу режимінде ғана жұмыс істеуге болады. Word программасы сурет салу тәртібін енгізісімен осы режимге автоматты түрде ауысады.
Word - та суретті енгізу
MS Word бағдарламасына қандай да бір объектіні, суретті файлға енгізу үшін меню қатарындағы Қою (Вставка) менюі арқылы жүзеге асады. Суретті енгізер алдында оның мәнімен қарым - қатынасын сипаттап алу керек. Ол үшін Объектіні пішімдеу (Формат объекта) сұхбат терезесінің Жағдай (Положение) қыстырмасында орналасқан құралдарды пайдаланамыз:
Мәтінде (в тексте) нұсқасын өлшемдері кішірек, мәтіннің символдарына шамалас графиктік объектілерге қолданылады. Бұл жағдайда объект мәтіндік жолға графиктік символ ретінде енгізіліп, бұдан былай мәтінмен бірге жылжып отырады.
Қоршаудың айналасында (вокруг рамки) нұсқасында мәтін сурет айналасындағы жорамал қоршауды айнала орналасады;
Контур бойымен (по контуру) нұсқасының өзгешелігі мұнда жорамал қоршау жүргізілмейді, мәтін суреттің контурын бойлай орналасады;
Мәтіннің алдында (перед текстом) нұсқасында мәтін мен сурет әр түрлі қабаттарда орналасады: мәтін астында ал сурет үстінде.
Мәтіннің артында (за текстом) нұсқасында да мәтін мен сурет әр түрлі қабаттарда орналасады: сурет астында, мәтін үстінде.
Суреттердің бір - бірімен қарым - қатынасы
Егер бір бетте бірнеше графиктік объектілер орналасса онда олар өзара байланыста болады. Бұлардың қарым - қатынасын басқаруға болады. Бұл объектілерге бірін - бірі бүркелемеуге рұқсат етілген бе?, жоқ па?, деген сұрақ туындайды. Егер рұқсат ететін болсақ, онда Объектіні пішімдеу ЖағдайҚосымшаОбъектінің жағдайы жалаушасын орнатуымыз қажет. Объектінің өзара орналасуын басқару үшін келесідей амалдар орындалады:
 Топтастыру;
 Орналасу ретін көрсету;
 Туралау;
 Орналастыру.
Егер бір бетте бірнеше объекті берілсе, оларды топтастыру амалының көмегімен бір топқа біріктіреді де, содан соң қарапайым объектіні баптағандай баптайды. Бірнеше объектіні топтастыру үшін оларды ерекшелеп алу керек (бірнеше объектіні ерекшелеуді Shift пернесі басулы күйде орындайды). Кез - келген объектінің жанама менюінен Топтастыру Топтау командасын таңдап алады.
Топтастырылған соң оларды тұтас объекті ретінде сүйеуге болады.
Егер объектілер тобына жаңа объект қосу қажеттігі туса, онда объектілер тобын ерекшелеп алып ТоптастыруҚайта топтау командасын таңдап алады.
Егер бір бетте бірнеше объекті берілсе, онда олардың әрқайсысы әр түрлі қабаттарда орналасқан деп саналады. Объектілердің орналасу реті олардың құрылу ретіне тікелей байланысты. Бұрынырақ құрылған объектілер кейін құрылған объектілерге қарағанда төменгі қабаттарда орналасады.
Егер объектілер бірін - бірі бүркемелемесе, олардың орналасу реті байқалмайды. Орналасу реті тек олар бірін - бірі бүркемелегенде ғана көрінеді. Объектілердің орналасу ретін олардың жанама менюіндегі Рет командасының көмегімен басқарады. Мұнда орналасқан құралдардың көмегімен объектіні бір қабат төмен немесе бір қабат жоғары, алдыңғы қатарға немесе кейін қарай шығаруға болады.
Word Art нысаны
Безендірілген тақырыптар даярлау үшін Microsoft Word мәтіндік процессорының арнаулы Word Art құралы бар. Оны қосу үшін 1 - ші жолы. Түр Аспаптар панелі  Word Art (ВидПанель инструментов Word Art) командасын орындайды.
2 - ші жолы. Таспа жолынан вставква (қою)  Word Art командасын орындаймыз.
Word Art панелін ашып алады. Алдымен кез - келген көркем объектіні құрып, сонан соң Word Art құралдарының көмегімен редакциялайды.
Мәтіндегі безендірілген тақырыпты ерекшелеп алады немесе оны қолмен теруге де болады. Сонан соң Word Art объектісін қосу (Добавить объект Word Art ) батырмасын шертсе, ерекшеленген мәтін Word Art құралына жөнелтіледі, яғни Word Art жинағы (Коллекция Word Art) сұхбат терезесі ашылады.
Осы терезеден өзіңізге ұнаған безендіру стилін таңдап, ОК батырмасын шертеміз. Бұдан әрі Word Art мәтінін өзгерту (Изменение текста Word Art) сұхбат терезесі ашылады.
Осы терезеден өзіңізге ұнаған безендіру стилін таңдап, ОК батырмасын шертесіз. Бұдан әрі Word Art мәтінін өзгерту (Изменение текста Word Art) сұхбат терезесі ашылады. Бұл терезеде тақырып мәтінін енгізіп (Егер ол басында ерекшеленбеген болса), оны өңдеп әріптің өлшемін, жазылу түрін тағайындаймыз. Параметірлерін енгізіп болған соң ОК батырмасын басыңыз, көркемделген тақырып құжатқа апарып қойылады.
Құжатқа кесте енгізу:
MS Word редакторында құжатқа кестені енгізу үшін Вставка - Таблица - Вставить таблицу командасын орындаймыз. Ашылған сұхбат терезесінен қатар мен бағана санын көрсетеміз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет