«WorldSkills Turkistan» 2024 «Бастауыш білім беру»


Ескертпе: өзгертілген тапсырманы жария ету оны дайындау басталғанға дейін жүргізіледі. А модулі



бет2/6
Дата03.04.2024
өлшемі199.21 Kb.
#497512
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6
Байқау тапсырмалары 2024 — 2

Ескертпе: өзгертілген тапсырманы жария ету оны дайындау басталғанға дейін жүргізіледі.
А модулі: Интерактивті жабдықты пайдалана отырып, оқу пәндерінің бірі ("Қазақ тілі"/ "Орыс тілі", "Математика", "Дүниетану") бойынша сабақ фрагментін әзірлеу, әдістемелік сүйемелдеу және өткізу (жаңа білімді түсіндіру кезеңі)
А1 тапсырмасы. Сабақ фрагментінің қысқа мерзімді жоспарын әзірлеу (жаңа білімдімеңгерту кезеңі).
Мақсаты: сабақ фрагментінің жоспарын жасау қабілетін көрсету.
Нысанның сипаттамасы: интерактивті жабдықты қолдана отырып, сабақ үзіндісінің қысқаша жоспары (жаңа білімді меңгерту кезеңі).
Тапсырманы орындауға арналған уақыт шегі: 1 сағат 30 минут (қатысушы инфрақұрылымдық парақта көрсетілген материалдарды пайдаланады).


Тапсырма.
1. Оқу мақсаты мен сабақ фрагментінің мақсатын анықтау.
2. Сабақ фрагментінің кезеңдерін, оларға сәйкес келетін міндеттерді және жоспарланған нәтижелерді анықтау.
3. Сабақ фрагментінің құрылымы мен барысын дамыту.
4. Білім алушылардың қызметін ұйымдастырудың мазмұнын, әдістері мен нысандарын анықтау.
5. Дидактикалық құралдар мен интерактивті жабдықты анықтау.
6. Мәтінді ҚМЖ шаблонына енгізу (1-қосымша).
7. ҚМЖ басып шығарып және оны сарапшыларға беру.
Ескерту: Сабақ фрагментінің қысқа мерзімді жоспары Интернет желісінің материалдарын пайдаланбай әзірленеді.


А2 тапсырмасы. Интерактивті жабдықты қолдана отырып, сабақтың үзіндісін (жаңа білімді меңгерту кезеңі) көрсетуге дидактикалық материалдарды дайындау.
Мақсаты: ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, сабаққа дидактикалық материалдар мен сабақ материалдарын жасау қабілетін көрсету.
Нысанның сипаттамасы: дидактикалық материалдар, ақпараттық ресурстар (презентациялар, интерактивті оқу ресурсы, флипчаттар).
Тапсырманы ұсынуға арналған уақыт шегі: 1 сағат 30 минут (қатысушы инфрақұрылымдық парақта көрсетілген материалдарды пайдаланады).
Тапсырма.
1. Әзірленген ҚМЖ негізінде сабаққа дидактикалық материал жасау.
2. Сабақтағы іс-әрекетке қажетті интерактивті жабдықты пайдалану үшін материалдар дайындау.
3. Білім алушылардың қызметін ұйымдастыру үшін қажетті материалдар мен жабдықтарды дайындау.


А3 Тапсырмасы. Интерактивті жабдықты пайдалана отырып, оқу пәндерінің бірі бойынша бастауыш сыныптарда сабақтың үзіндісін (жаңа білімді меңгерту кезеңі) өткізу.
Мақсаты: заманауи білім беру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, әзірленген ҚМЖ сәйкес сабақтың үзіндісін өткізу қабілетін көрсету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет