Өмірбаян
Зеренің азан шақырып қойған аты - Тоқбала. Әкесі Бектемір Найман ішінде Матайдың руының Қойгел атасынан шыққан сыйлы адам. Бектемірдің Тоқбала есімді қызы, Жанәлі есімді ұлы болған.Жанәлінің бүрпағы - Иранғали мен Қабікен Оңғарбаевтар бүгінде Семей қаласында тұрады. Өскенбай би 5 әйелінен 10 бала сүйген. 3ереден - Құттымұхамбет (жастай қайтыс болған),Құнанбай, Тайбала туған 3ерені Ырғызбай тұқымдары, барша ауыл адамдары «Кәрі әже» деп атапты. Қартайған шағында құлағы естімей қалған 3ере немерелеріне дұға оқытып, үшкіртеді екен. Ал Абай өлеңмен оқып Зере әжесін үшкіретін болыпты. 3ере немерелері ішінде Ибраһимді алабөтен жақсы көрген. Абайды қойнына алып жатқызып, еркелете-еркіндете есірген ақылды, зейінді, жұмсақ мінезді, мейірімді 3ере немересіне Абай деген аяулы ат қойса, туған анасы мен кіші шешесі Ибраһимді - Телғара деп атаған. Ізгі жұректі, үлкенге қамқор, кішіге пана бола білген 3ере әже Абай өміріне, ақындығына игі әсерін тигізеді. Бұл туралы М. Әуeзовтың «Абай жолы» роман-эпопеясында шынайы суреттелген. 3ере 1873ж. баласы Құнанбайдың үйғаруымен Жидебай қыстауының қасына жерленген. Абай аулының азаматтары 1986ж. қабір айналасын қайтадан жөнге келтіріп, ана бейітінің басына Шығыс үлгісімен алты қырлы мавзолей орнатқан. Зере (1785 – 1873) – Абайдың әжесі. Өскенбай бидің бәйбішесі, Құнанбай қажының анасы. Азан шақырып қойған аты – Тоқбала. Өскенбай би 5 әйелінен 10 бала сүйген. Зереден Құттымұхамбет (жастай қайтыс болған), Құнанбай, Тайбала туған. Зерені Ырғызбай тұқымдары, барша ауыл адамдары “кәрі әже” деп атаған. Қартайған шағында құлағы естімей қалған Зере немерелеріне дұға оқытып, үшкіртеді екен. Абай әжесін өлеңмен үшкірген. Ақылды, зейінді, мейірімді Зере немерелерінің ішінде Ибраhимді ерекше жақсы көріп, оны Абай деп еркелеткен. Ізгі жүректі, үлкенге қамқор, кішіге пана бола білген Зере әже Абай өміріне, ақындығына игі әсерін тигізген. Бұл туралы М. Әуезовтің “Абай жолы” роман-эпопеясында шынайы суреттелген. Зере 1873 жылы қайтыс болған соң, баласы Құнанбайдың ұйғаруымен Жидебай қыстауының жанына жерленген. Абай ауылының азаматтары 1986 жылы қабір айналасын қайтадан жөнге келтіріп, Зере бейітінің басына Шығыс үлгісімен алты қырлы кесене тұрғызды
Абайдың ақын шәкірттері
Абайдың неше қара сөздері бар?
Абайдың 45 қара сөзі бар. Ең алғашқы қара сөзінде алдағы өмірінде нені кәсіп қылып, қайтіп өткізетіні жайлы талқылап, жазған. Ел бағу, мал бағу, ғылым бағу, софылық қылып дін бағу, балаларды бағу - қажып, жер ортасы жасқа келгенде бұлардың ешбірін кәсіп қылғысы келмеді. Осы уақытқа дейін қылып жүрген істерінің байлаусызын, баянсызын, барлығының қоршылық екенін 1-ші қара сөзінде атап көрсетеді.Қорытындысында ойына келген нәрселерді қағазға жазып, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылуды жөн көреді: "Кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын,я оқысын,керегі жоқ десе , өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ",- деп ойын түйіндейді.
Жоғарыда айтылғандай ол өз өмірінде, жалпы қазақ елінің өміріндегі кемшіл тұстарды айқындап жазып, тіпті қазақтардың бойындағы жаман қасиеттерді жіпке тізіп осыдан жиреніңдер деп өсиет етеді. Бір сөзінде мақтаншақтық жайлы сөз қозғаса, енді бірінде иман жайында жазады, ал енді бірінде қазақтарда кең қолданысқа ие болған алайда еш мағынасы жоқ, мағлұм болған мақалдарды сынай отырып оқырманға оның дұрыс бұрыстығын нұсқап көрсетеді. Қара сөздерінің қайсысы болмасын қазақты жақсылыққа, игі істерге шақырады , жамандық пен жалқаулықтан жирендіру үшін түрлі әдіспен сөздерден маржан түзіп әсерлі етуге барын салғандығы маған ерекше ұнады. Қара сөздің барлығын публицистикалық шығарма деп тануға әбден болады. Себебі қайсы-бірін оқысаңыз да санаңызға қозғау салып, ойыңызды шымырлата түспегі анық. Тіпті білім-ғылым жайында жазылған қара сөздерден ерекше қуат алып, мотивация алатын жандар да баршылық. Әрбір қазақ азаматы осы қара сөздерді оқып шығуға міндетті деп санаймын. Әлбетте ол ұлтының нағыз жанашырын тәрбиелеп шығаратыны анық
Абайдың он екінші қара сөзі
Кімде-кім жақсы-жаман ғибадат қылып жүрсе, оны ол ғибадаттан
тыюға аузымыз бармайды, әйтеуір жақсылыққа қылған ниеттің
жамандығы жоқ қой дейміз. Ләкин, сондай адамдар толымды
ғибадатқа ғылымы жетпесе де, қылса екен. Бірақ оның екі шарты
бар, соны білсе екен. Әуелі - иманның иғтиқатын махкамлемек
керек, екінші - үйреніп жеткенше осы да болады ғой демей,
үйрене берсе керек. Кімде-кім үйреніп жетпей жатып, үйренгенін
қойса, оны құдай ұрды, ғибадаты ғибадат болмайды. Уа-ләкин,
кімде-кім иманның неше нәрсе бірлән кәмәләт табатұғынын
білмей, қанша жерден бұзылатұғынын білмей, басына шалма
орап, бірәдар атын көтеріп, оразашыл, намазшыл болып жүрген
көңілге қалың бермей тұрып, жыртысын салғанға ұқсайды.
Күзетшісіз, ескерусіз иман тұрмайды, ықыласыменен өзін-өзі
аңдып, шын діни шыншылдап жаны ашып тұрмаса, салғырттың
иманы бар деп болмайды
Абайдың өмірі мен шығармашылығы
Абай 23 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған.Ақынның арғы тегі Орта ,жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ырғызбай, Көтібақ, Топай, Торғай, деген 4 ұл туады.Бұлардың әкесі момын, шаруа адамы, ал шешесі өткір тілді, өр мінезді әйел болған.
Достарыңызбен бөлісу: |