Доспамбет жырау XVI ғасырдың 90-жылдарының орта шенінде Азау қаласында туады. Сол кезде Донның төменгі ағысын, Азау маңын мекендеген Кіші Орданы билеуші әскери шонжарлар тұқымынан шыққан болашақ жырау заманы мен ортасының талабына сай тамаша тәрбие алып өскен сияқты. Доспамбеттің бүкіл Дәшті-Қыпшақты жақсы білгені, Стамбұл мен Бақшасарайда да болғаны, сахара тұрмысымен қатар мұсылман кенттерінің жайына да қаныққаны аңғарылады. Өз заманындағы талай әскери жорыққа қатысқан жауынгер жырау туыстас түркі тайпаларының арасындағы көп қырқыстың бірінде, 1523 жылдың бас кезінде Астрахань түбінде қаза табады. Өмірмен қоштасқан сәтінде Доспамбеттің жасы әлі отызға да толмаған еді. - Айнала бұлақ басы - Тең, Азаулының Стамбұлдан несі кем?! Азаулының Аймадет Ер Доспанбет ағаның Хан ұлынан несі жоқ, Би ұлынан несі кем?! Тәңірінің өзі берген күнінде Хан ұлынан артық еді менім несібем! Азаулыда аға болған ерлер көп еді, Әйтсе де аламанға ат байлағаны жоқ еді! Сере, сере, сере қар, Асты кілең, үсті мұз, Күн-түн қатса жібімес. Мен көлікке қосымды артқанмын, Көмбідей ару жаларға Күректей мұзды тондырып, Кірмембес ауыр қолға бас болып, Күңіреніп күн түбіне жортқанмын! Дүниенің басы сайран, түбі ойран, Озар сойды бұ дүние Азаулының Аймадет Ер Доспанбет ағадан.
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |