Xv-xviii ғ.ғ. Қазақ құқығының ерекшеліктерімен таныстырып, ажырата білуге үйрету



бет3/4
Дата01.04.2024
өлшемі23.52 Kb.
#497183
1   2   3   4
Лекция-1665309833085

3.Билер съездерінің ережелері «Әз Тәуке ежелгі дәстүрді бұзды. Би-лікті биге берді. Нәтижесінде, ру көлемінен озып, ұлыс көлеміне жеткен, үлкен саяси күшке айналған билер уақыт өте келе өз ортасынан шыққан рудың, ұлыстың мүд-десін көбірек күштейтін болды, хан жарлы-ғын жүре тыңдайтын болды.Әдет-ғұрып құқығының ережелері, соның ішінде «Жеті жарғының» қағида-лары да билер сотның практикасымен бай-ытылып отырды. Қазақта қаншама ауыр да-уларды шешкен билер болды. Әсіресе мұн-дай шешімдерді Майқы би, Төле би, Қазы-бек би, Әйтеке би т.б. билердің практика-сынан көбірек кездестіруге болады. Қазақ-тың басқа билері оларға еліктеді, олардың практикасын басшылыққа алып, ұқсас іс-терді шешіп отырды. Тіпті атақты билердің биліктері (үкімдері) ұқсас істерді қарағанда міндетті басшылыққа алынатын кездер де болған. Билер соты практикасының мұндай сот отырыстары әдет-ғұрып құқығының бастауларының біріне айналып отырды. Қазақ билері құқықтық шығармашы-лықпен де терең айналысты. Олардьщ құ-қықтық шығармашылығының айқын көрі-ністерінің бірі билер съездерінің ережелері болып табылады. «Жеті жарғының» өзі де билер съездерінің және билердің құқықтық шығармашылығының жемісі. Билер съез-дері әдет-ғүрып құқығының негізгі қағида-ларын заман талабына сай өзгертіп, байы-тып отырды. Әсіресе Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңіндегі билер съездерінің ере-желері бізге көбірек жетті.
4.Шариғат нормалары. Әдет-ғұрып құқығының тағы да бір бастауы шариғат болды. «Жеті жарғыда» шариғатқа байланысты бірнеше қағидалар болды. Мәселен, онда «Құдайға тіл тигізген адам (7 адам куәлік берсе) таспен атып өлтіріледі, өзге дінге өтіп кәпір болған адам мал-мүлкінен айырылатын болған» деген ережелер болды және олардың орын-далуы катаң бақыланып отырды. Туыс адамдардың арасындағы ерлі-зайыптылық қатынастар да шариғат негізінде жазаға тартылған. Дін өкілдеріне артықшылық, құ-қықтар берілді. Дегенмен шариғаттың нор-малары қазақ қоғамында ерекше артық-шылық жағдайға жете алмады. Шариғат-тың нормалары XVIII ғасырдың соңында күшейе түсті. Шариғаттың нормалары бел-гілі бір мелшеде отбасы-неке, қылмыстық құқықтық қатынастарды реттеп отырды.Қазақ қоғамында малға жеке меншік адат нормаларымен реттеліп отырды. Ол кезде азаматтардың сатуға, айырбастауға, сыйлауға және мұраға қалдыра алатын мүмкін бәрі де жеке меншік заттары болып табылатын болған. Жерге жеке меншік XIX ғасырға дейін болмады. Жер адат бойынша кауымның меншігі деп есептелді. Қауым ретінде негізінен рулық бірлестік танылды. Шын мәнінде қауымның немесе рудың атынан жерге, жайылымдарға қауым бас-шысы, ру басшылары, сұлтандар және би-лер билік жүргізді. Ғалымдардың пікірі бойынша, жерге жеке меншіктің болмау се-бебі де көшпелі мал шаруашылығына негіз-делген экономикалық қатынастарда жатса керек. Орасан зор көлемдегі жайылым-дарды меншік иелеріне бөлудің ешқандай мәні болуы мүмкін емес еді. Оның үстіне жайылымдар үнемі ауысып отыратын. Көктем мен күздің арасында мың кило-метрге дейін көшіп-қонып жүрген көшпелі қауымдар үшін жерді, жайылымдарды жеке меншікке бөліп беру мүмкін емес те еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет