Xviii ғасырдың 20-жылдарындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы



Дата15.02.2024
өлшемі20.32 Kb.
#491910
Сұрақ жауап


  1. XVIII ғасырдың 20-жылдарындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы



Қазақтардың XVIIIғасырдың басындағы жағдайынан хабар берген Ш.Ш. Уәлиханов: «XVIII ғасырдың алғашқы он жылдығы қырғыз халқының өміріндегі сұмдық уақыт болды. Жоңғарлар, Волга қалмақтары Жайық қазақтары мен башқұрттар жан-жақтан олардың ұлыстарын талқандап, малын айдап алып, тұтас семьялармен тұтқынға әкетіп отырды» – деп сипаттады. XVIII ғасырдың басындағы Қазақ хандығының сыртқы саясатында орыс елімен бейбіт қарым-қатынастарды сақтауды көздеген байланыстарын көруге болады. Тәуке хан Ресей елімен жақсы қатынасын сақтап,сауда саттықты өркендету саясатын ұстанған, ол бірнеше дүркін елшілер жіберіп, тату-тәтті, ынтымақта болатын көршіні іздеді. Өкінішке орай, Ресей мемлекеті оның ұстанған бағытын жеткілікті дәрежеде қолдамай, қазақ шекараларына бекіністер сала бастады.
Қазақ хандығының сыртқы саясатында салыстырмалы болса да, тұрақтылық орныққан болатын. Бұхар, Хиуа, Ресей, Жоңғар, Қытай сияқты ірі елдермен көршілес жатқан халықтың саяси-географялық орналасуының өзі оның билеушілерінен әрқашан ұстамдылық және бірлікті танытуға талап етті. Көрші мемлекеттер болса хандықтың өз ішіндегі саяси сіне араласуға талпынды. Мұны Тәукеден кейін Қайып, Әбілқайыр, Абылай сияқты хандар өз мүлделеріне тиімді пайдаланған болатын. 
Ішкі және сыртқы жағдайы:
Қазақ хандығында бейбіт өмір орнады, заңдар қатаң сақталды, тайпалар арасындағы алауыздық азайды. Шиеленіскен ірі даулар мен айтыс-тартыстар беделді билердің тікелей араласуымен шешіліп отырды.
Қазақтар солтүстігінде орыстардың Тара қаласынан бастап, оңтүстігінде Ташкент қаласына дейінгі, батысында Жайық (Орал) өзенінен бастап, шығысында Ертістің орта ағысына дейінгі жерлерді иеленді. Қазақтардың Еділ (Волга) өзені аймағында көшіп-қонып жүрген кездері де болды.
Саяси жағынан бытыраңқы­лыққа ұшыраған елдегі осындай ішкі саяси жағдай көрші мемлекетке белгілі болатын. Батыстан ентелеп келе жатқан Ресей де, шығыстан әлсін-әлсін жорық жасап отырған Жоңғария да қалыптасқан саяси жағдайдан барынша пайда табуды көздейді. 
Тәу­ке ханнан кейінгі 10-15 жыл ішін­дегі ішкі саяси жағдай өте күр­делі болып тұрды. Алты ханның екеуі Әбілқайыр мен Жолбарыс хан Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі Жә­ні­бек ханның Ұзақ (Өсек) атты ұлы­ның ұрпақтары болса, қалған төртеуі Жәнібек ханның Жәдік атты ұлынан туған Шығай хан­ның ұрпақтары еді. Бұл хандармен қатар жекеле­ген сұлтандардың дербестігі XVIII ғасырдың 20-60-жылдары қазақ қоғамындағы ішкі саяси жағдайды одан әрі ушықтыра түседі.

  1. Жоңғар басқыншылығына қарсы күрес. Батырлар



Қазақ хандықтарының саяси бытыраңқылығын пайдаланып, 1723 жылы көктемде жоңғарлар 70 мың әскермен жеті бағыттан қазақ жеріне тұтқиылдан басып кірді. Жоңғарлардың шапқыншылығын күтпеген, дайындалмаған халық әуел баста оларға еш қарсылық көрсете алмады. Жоңғарлар халықты жаппай қырып, мал-мүлкін тонады. Қапыда қалған қазақтар үйлерін, мал-мүліктерін тастап босып кетуге мәжбүр болды.
Жоңғарға қарсы тәуелсіздік жолындағы Отан соғысын «қарадан шыққан» халық батырлары бастады. Олардың арасында Бөгенбай, Тайлақ, Саурық, Малайсары, Жәнібек және басқа да батырлар болды. 
Жоңғар шапқыншылығынан туған зор күйзелушілік, малдың қырылуы шаруашылық дағдарысының шиеленісуіне әкеліп соқты, мұның өзі қазақ хандықтарының билеуші топтарының арасындағы саяси қарама-қайшылықтарды бұрынғыдан да бетер күшейте түсті. Қиын жағдайдан шығудың жолы жауға ұйымдасып тойтарыс бету ғана бола алатын еді, мұның өзі болашақта қазақ жүздерінің экономикалық және саяси ыдырауын тоқтатар еді.
Осындай өте-мөте ауыр сыртқы және ішкі саяси жағдайда қазақ хандары мен сұлтандары жоңғар феодалдарын тойтару ісін ұйымдастыруда қабілетсіз болып шықты. Тәуелсіздік жолындағы Отан соғысын «қарадан шыққан» халық батырлары бастады. Олардың арасында Бөгенбай, Тайлақ, Саурық, Малайсары, Жәнібек және басқа да батырлар болды. Олар халықты туған елді жат жерлік басқыншылардан азат етуге шақырды.
Халық жасақтарының бірігіп қимылдауы осылай басталды. Кіші жүздің батыры Тайлақ, Орта жүзден Бөгенбай және Ұлы жүзден Саурық батырлар шығып бұлар «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл-сұлама» жылдарындағы күрестің қаһармандары болды. Барлық үш жүздің жасақтары 1726 жылы бірлесіп қимылдаған кезден бастап қазақтар басқыншыларға ұйымдасқан түрде тойтарыс берді.
Аңырақай шайқасы. 
Жоңғар басқыншылығына қарсы қазақ халқы Отан соғысының (1723-1730 жж.) жеңіспен аяқталуына Аңырақай шайқасы аса көрнекті роль атқарды. Ол туралы қазақтардың дәстүрлі ауыз әдебиетінде айтылады, сондай-ақ оған М.Тынышбаевтың еңбегі  және басқа да бірқатар жанама деректер арналған. 1730 жылы көктемде Балқаш көлінің маңында қазақ пен жоңғарлардың арасында тағы бір қатты қырғын соғыс басталды. Аңырақай шайқасының ұрыс қимылдары болған алқап 200 километрдей жерді алып жатты. Оны ғасыр шайқасы деуге болады. Аңырақай шайқасы далалық Қазақстанның және Қазақстан Оңтүстігінің таулы әрі шөлейт аудандарының шекарасында өткен. 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет